Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Jusan Mobile  цифрлық мобильді операторына қосылу үшін Jusan mobile SIM- картасы болуы тиіс. Әрі қарай Jusan Bank мобильді қосымшасын жүктеу және Басты беттегі «Jusan mobile»  бөліміне өту керек. Қазіргі уақытта мобильді қосымшада жаңа қолданушыларға Jusan Mobile сервисіне қосылу уақытша қолжетімсіз.

Тіркелу барысында чат бот Сізден SIM-картаның артқы жағындағы сол жақ бұрыштағы штрих-кодты сканерлеуді сұрайды. Jusan mobile-ға екі әдіспен қосылуға болады:

• өзіңіздің қолданыстағы нөміріңізбен өту (міндетті шарт – нөмір Сіздің атыңызға тіркелген болуы тиіс),

• түрлі баға категориясындағы қолжетімді нөмірлер тізімінен жаңа нөмір таңдау.

Әрі қарай Сіздің мобильді телефон нөміріңізге жіберілетін кодты енгізу жолымен әрекетті растау керек.

Тіркелу сәтінде Jusan Bank  дебеттік картасы болмаған жағдайда, Сізге мультивалюталық виртуалды банк картасы ашылады. 

0% пайдалы деп тапты


Қазіргі уақытта мобильді қосымшада жаңа қолданушыларға Jusan Mobile сервисіне қосылу уақытша қолжетімсіз.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Mobile қызметі ағымдағы пайдаланушылар үшін мобильді қосымшаның басты бетіндегі іздеу құралы арқылы қолжетімді.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Mobile мобильді операторының артықшылықтары:

  • Қаржылық және мобильді қызметтерге арналған бірыңғай қосымша – Jusan мобильді қосымшасындағы мобильді байланысты басқару (тарифті қосу, толық ақпаратты қарау, тіркеу, жеткізу және т. б.) және қаржылық қызметтер.
  • Баға-тарифтік жоспарды толтыру мен бағаның арақатынасы теңестірілген бір тарифтік жоспар.
  • Ресурстармен алмасудың ыңғайлылығы-төленген қызметтерді барынша кәдеге жарату.
  • Жасырын жазылымдардың болмауы.
  • Welcome бонус-Jusan Mobile-дың әрбір жаңа клиентіне бірінші айда тарифтік жоспар тегін беріледі.
  • Freemium-Jusan банк төлем картасы бойынша айына 50 000 теңгеден қолма-қол ақшасыз операция жасалған кезде келесі айға тегін тарифтік жоспар ұсынылады.
  • 15% бонустарға дейін – Jusan Mobile ұялы байланысына Jusan Банктің Jusan мобильді қосымшасында төлем картасы арқылы төлеген кезде.

0% пайдалы деп тапты


Иә, өз нөміріңізбен өту үшін Jusan  мобильді қосымшасында Басты беттегі «Jusan Mobile»  бөліміне өту керек. Чат ботта SIM – картаның арт жағындағы штрих кодты сканерлеу керек.

Әрі қарай өзіңіздің қолданыстағы телефон нөміріңізді көрсету керек (нөмір  Сізге тіркелуі тиіс). Әрі қарай осы телефон нөміріне жіберілетін SMS кодты енгізу керек.

Тіркелген кезде Jusan Bank  дебеттік картасы болмаған жағдайда, Сізге виртуалды банк картасын ашу керек, бұл карта бойынша Jusan Mobile-да төлемдер үшін  15% бонустар беріледі.

Тіркеуден өткеннен кейін Сіздің мобильді телефон нөміріңізге SMS-хабарлама жіберіледі, онда Сіздің тіркелуге сұранысыңыздың мәртебесі көрсетіледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 7711  нөмірі бойынша Call center-ге хабарласуды сұраймыз (мобильді операторлардан қоңырау шалу тегін). 

0% пайдалы деп тапты


ҚР "Байланыс туралы" Заңына сәйкес нөмірді тіркегеннен және іске қосқаннан кейін, барлық ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары тіркелуі тиіс. 
Құрылғыны тіркеу үшін келесі нұсқалардың бірін таңдау керек:

  • Jusan Mobile нөмірінен 6914 қысқа нөміріне ЖСН-мен СМС жіберу; 
  • *6914 * 1# USSD-командасын теріп, пайда болған мәзірге ЖСН енгізу;

Абоненттік нөмірді тіркеудің дұрыстығын USSD-пәрменін теру арқылы тексеруге болады *6914*1*2#. 
Абоненттік құрылғыларды тіркеу тегін жүзеге асырылады.  

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында Jusan Mobile нөмірін екі жолмен таңдауға болады:

  • Әртүрлі баға санаты бар нөмірдің қолжетімді тізімінен жаңа нөмірді таңдау
  • "Нөмірді аудару" (MNP) функциясы арқылы ағымдағы нөміріңізбен өту.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Mobile SIM – картасын барлық қалалардағы Jusan банк бөлімшесінде алуға болады.

0% пайдалы деп тапты


Иә, жаңа нөмір таңдау үшін Jusan мобильді қосымшасында Басты беттегі  «Jusan Mobile»  бөліміне өту және SIM – картаның арт жағындағы сол жақ бұрыштағы штрихкодты сканерлеу, әрі қарай түрлі баға категориясында қолжетімді нөмірлер тізімінен жаңа нөмір таңдау керек.  Одан кейін Сіздің мобильді телефон нөміріңізге жіберілетін кодты енгізу жолымен операцияны растау қажет. Тіркелу кезінде Jusan Bank дебеттік картасы болмаған жағдайда, Сізге виртуалды мультивалюталық карта ашылады.

Тіркеуден өткеннен кейін Сіздің нөміріңізге Тіркелуге жіберген өтінішіңіздің мәртебесі жайлы SMS-хабарлама жіберіледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіздерден 7711  нөмірі бойынша Call center-ге хабарласуды сұраймыз (мобильді операторлардан қоңырау шалу тегін). 

0% пайдалы деп тапты


Құрылғы иесінің ЖСН нөміріне тіркелуі тиіс. Егер сізде бірнеше SIM – карта болса, құрылғыны әр SIM – картамен тіркеу керек. Барлық нөмірлердің бірдей тіркеу деректері болуы маңызды.

0% пайдалы деп тапты


SIM – картаны Jusan мобильді қосымшасында тіркелген кезде іске қосылады. Тіркеу барысында ұсынылған нөмірлер тізімінен нөмірді немесе қолданыстағы нөмірді аудару опциясын таңдау қажет. Әрі қарай, SIM картаның артқы жағында көрсетілген соңғы сандардың 6 нөмірін көрсету керек. Сұрау жіберген кезде өзіңіз таңдаған нөмір және өзіңіз нөмірін көрсеткен SIM – карта байланысты болады. Сонымен қатар, тіркеу процесінің аяқталғаны туралы Push-хабарлама түседі.

0% пайдалы деп тапты


Теңгерімді Jusan мобильді қосымшасында және касса 24 терминалы арқылы толықтыруға болады.
Jusan Mobile ұялы байланысын Jusan Банктің Jusan мобильді қосымшасында төлем картасы арқылы төлеген кезде бірыңғай бонустық шотқа  15%-ға дейін бонустар есептеледі.

0% пайдалы деп тапты


Нөміріңіз бойынша детализация ақпаратын алу үшін Jusan мобильді қосымшасының "Jusan Mobile" бөлімінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына детализацияны жіберуіңіз керек.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Mobile-да құны ҚҚС қосқанда 3300 теңге құрайтын және 3 комбинацияда қолжетімді бір тарифтік жоспар бар: 

  • Стандарт: басқа желілерге қоңырауларға 120 мин., 12Gb интернет, 50 SMS; 
  • Интернет үшін: басқа желілерге қоңырауларға 80 мин., 16Gb интернет, 50 SMS; 
  • Қоңыраулар үшін: басқа желілерге қоңырауларға 160 мин., 8Gb интернет, 50 SMS;
    Төленген тарифтік жоспар кезінде интернет: 
  • WhatsApp;
  • Jusan сервистерін: Jmart, Jpost, Jusan мобильді қосымшасын, jusan.kz сайттарын пайдаланғанда шығындалмайды; 
    Тарифтік жоспардың қолданылу мерзімі 30 күн.

0% пайдалы деп тапты


Ағымдағы теңгерім мен пакет қалдықтары Jusan мобильді қосымшасының басты экранында "Jusan Mobile" бөлімінде көрсетіледі.

0% пайдалы деп тапты


  • *111# - теңгерімді тексеру,
  • *521*2# - «Интернет үшін» тарифтік жоспарын қосу (16ГБ, 80мин, 50SMS),
  • *521*3# - «Қоңыраулар үшін» тарифтік жоспарын қосу ( 8ГБ, 160мин, 50SMS),
  • *522# - ресурстармен алмасу,
  • *523*1# - жаңа тарифтік жоспарға ерте қосылу,
  • *524*1# - тарифтің әрекет ету мерзімін, минуттар санын, SMS пен МБ теңгерімін тексеру,
  • *524*2# - тарифтік жоспарды тексеру,
  • *120# - нөмірді тексеру

0% пайдалы деп тапты


Қосымша қызметтер абоненттерге қоңыраулар үшін минуттар пакетін немесе Интернетке шығу үшін мегабайттарды алуға мүмкіндік береді. Келесі қосымша қызметтер қолжетімді:

  • 2 ГБ (2048mb) біржолғы интернет топтамасы - Егер Интернетке шығу қажеттілігі туындаса, ал тарифтік жоспарда мегабайттар аяқталған болса. Құны ҚҚС есебімен 590 теңге.
  • Бір реттік дауыстық топтама 30 минут - егер қоңырау шалу қажет болған жағдайда, ал тарифтік жоспарда минуттар аяқталған жағдайда. Минуттар пакеті басқа желілерге қоңырау шалу үшін беріледі. Құны ҚҚС есебімен 300 теңге. Егер тарифтік жоспар үшін абоненттік төлем төленген болса, Jusan Mobile желісінің ішіндегі қоңыраулар тегін.

0% пайдалы деп тапты


Welcome бонуса әрбір жаңа Jusan Mobile клиентіне алғашқы деректер жоспарын тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Welcome бонус Сіз Нөмірді өзгерткен немесе картаны өзгерткен болсаңыз да, барлық уақытта бір рет беріледі. Бонусты ұсыну үшін тексеру клиенттің ЖСН бойынша жүзеге асырылады.

0% пайдалы деп тапты


Айына 50 000 теңгеден басталатын қолма-қол ақшасыз операция жасалған кезде келесі айға тарифтік жоспар тегін беріледі. Freemium бонусын қосу үшін:
• Айына 50 000 теңгеден қолма-қол ақшасыз операциялар жасау *
• Jusan мобильді қосымшасында Freemium бонусын қолдана отырып, тарифтік жоспарды қайта қосу керек.

Қолма-қол ақшасыз операцияларды есепке алу үшін келесі операциялар кірмейді: 
• телекоммуникация қызметтеріне ақы төлеу (ұялы байланыс, Интернет, теледидар және т. б.); 
• коммуналдық төлемдер; 
• кепілге берілетін төлемдер, облигациялар; 
• салық төлемдері, бюджетке төленетін төлемдер, айыппұлдар; 
• қолма-қол қаражатты алу; 
• ақша аударымдары және ақша қаражатын есепке алу; 
• электрондық әмияндарды толықтыру; 
• тауарларды/қызметтерді қайтару жүзеге асырылған операциялар; 
• банкоматтар арқылы қызметтерге ақы төлеу. 

Қолма-қол ақшасыз операцияларды есепке алу деңгей беру сәтінде Банкке түскен қаржылық құжаттар* бойынша ай сайын 1-ші күні жүргізіледі. 
* Қаржылық құжат-бұл төлем аяқталғаннан кейін эквайер-банк автоматты түрде қалыптастырған растаушы электрондық құжат.

Қолма-қол ақшасыз операциялар Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда және сервис кәсіпорындарында жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі Интернет операциялар есепке алынады. Сауда және сервис кәсіпорны-өзі жеткізетін тауарларға және/немесе қызметтерге ақы төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем карточкаларын қабылдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Merchant Category Code санаттарының тізімін Банк біржақты тәртіппен толықтыра алады. 

Бонустық бағдарламаның қосымшаcы

0% пайдалы деп тапты


"Jusan Mobile" тарифтік жоспарында ресурстарды Jusan мобильді қосымшасында айырбастауға болады
Айырбастау бағамы: 10 минут = 50 СМС = 1 Гб

0% пайдалы деп тапты


Jusan Mobile ұялы байланысы үшін Jusan Банктің төлем картасынан төлем жасаған кезде бірыңғай бонустық шотқа 15% дейін бонус есептелетін болады.

0% пайдалы деп тапты


Бір уақытта бірнеше дауыстық пакеттерді қосқан кезде:

  • Топтамалардың әрекет ету мерзімі соңғы қосылған топтаманың мерзімі болып есептеледі.
  • Барлық дауыстық пакеттердің минуттары қосылады.

Бір уақытта бірнеше интернет топтаманы қосу қарастырылмаған, екінші Интернет топтаманы қосқан жағдайда, алдыңғы топтаманың трафигі жойылады.

0% пайдалы деп тапты


Jusan Mobile тарифтік жоспарында алдын ала реттелген үш комбинация бар:

  • Стандарт-120 минут, 50 СМС, 12 ГБ. Қосылуға арналған комбинация * 521 * 1#
  • Интернет үшін-80 минут, 50 СМС, 16 ГБ. Қосылуға арналған комбинация * 521 * 2#
  • Қоңыраулар үшін-160 минут, 50 СМС, 8 ГБ. Қосылуға арналған комбинация * 521 * 3#

0% пайдалы деп тапты


Пайдалану кезінде интернет трафик жұмсалмайтын лимитсіз сервистер:

  • Jusan мобильді қосымшалары
  • Whatsapp
  • Сайттар: www.jusanmobile.kz,www. jusanbank.kz, www. jmart.kz, www.jpost.kz

0% пайдалы деп тапты


Бір реттік дауыстық және интернет пакеттердің өзара алмасуы қарастырылмаған.

0% пайдалы деп тапты


IMEI (International Mobile Equipment Identity) – мобильді құрылғының 15 таңбалы сәйкестендіру коды. IMEI төрт жерде көрсетілген: құрылғының өзінде (көп жағдайда оны пернетақтада *#06# теру арқылы экранға шығаруға болады), батарея астында, қаптамада және кепілдік талонында. 
Пәрменді теру арқылы мобильді құрылғының IMEI коды бойынша тіркелуін тексеруге болады 6914*1*2# 

0% пайдалы деп тапты


Роуминг-бұл әлем бойынша саяхат кезінде, кез келген оң теңгерімде ұялы байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігі. 
Роумингті қосу мүмкін:

  • Jusan мобильді қосымшасында, 
  • *341# пәрменін теру.

Роуминг қызметін неғұрлым ыңғайлы және тиімді пайдалану үшін келесі ұсыныстарды ескеріңіз:

  • басқа елдің аумағына келіп, телефон аппаратын қосыңыз;
  • телефонды қосқаннан кейін желіні іздеу екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: телефон ұялы желіні қолмен де, автоматты түрде де таңдай алады.

Егер ұялы телефон желіде автоматты түрде тіркелген болса (құрылғының дисплейінде жергілікті оператордың атауы немесе оның желісінің коды пайда болса), сіз қоңырауларды шығарып, қабылдай аласыз. 
Желілерді қолмен іздеу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • "Желі" немесе "ұялы желіні таңдау" опциясын тауып, таңдаңыз, жаңа желілерді іздеңіз; 
  • құрылғының дисплейінде жергілікті оператордың атауы немесе оның желілік коды немесе барлығы бірге пайда болады;
  • роуминг келісімі жасалған оператор тізімінен таңдаңыз.

0% пайдалы деп тапты


Роуминг үшін келесі қызметтер қолжетімді:

1. Шетелде шектеусіз интернет – шетелде саяхаттаған кезде интернетке кірген кезде «Шетелде шектеусіз интернет» қызметі автоматты түрде қосылады.

Интернетке кіру кезінде құны 790 теңге/күн.  (18.07.2022 бастап)

Трафик көлемі - күніне 200 МБ (18.07.2022ж. бастап)

*200МБ/тәулігіне максималды жылдамдықпен беріледі, содан кейін жылдамдық күннің соңына дейін 128 Кб/сек дейін төмендейді.  Бұл жылдамдық WhatsApp және басқалар сияқты хабар алмасу қолданбаларын ыңғайлы пайдалану үшін жеткілікті.  Қажет болса, қосымша пакетті сатып алу арқылы жылдамдықты қалпына келтіруге болады.

Қызметті *341*4*0# теру арқылы өшіруге болады.

2. «ProCountry» қызметі (18.07.2022 ж. бастап)

ProCountry қызметі - роумингте қоңыраулар мен Интернетті қамтитын тиімді роуминг пакеттері, ол қай жерде болсаңыз да, отбасыңызбен және достарыңызбен байланыста болуға мүмкіндік береді.

Мобильді қосымшада немесе *341# USSD пәрмені арқылы қосылсаңыз, қызметті Қазақстанда да, роумингте де қосуға болады.

3. «Араб ертегісі» сервисі (22.07.2022 ж. бастап).

Қызмет БАӘ-де (Біріккен Араб Әмірліктері) роумингте ғана қолжетімді.

  • Мобильді қосымшада немесе *359*1# USSD пәрменімен қосылу;
  • 2 ГБ интернет-трафикті толтыру; 
  • 30 минуттық қоңыраулар;  
  • 100 SMS;
  • Абоненттік төлем 3890 теңге.

Қосылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жарамды.

0% пайдалы деп тапты


Қазақстан Республикасынан тыс жерде болғанда Сіз кез келген уақытта келесі нөмірге қоңырау шала аласыз + 7 7172 58 77 11. 
Қоңырау шалу сол елдегі қоңыраулардың тарификациясына сәйкес ақылы болады.

0% пайдалы деп тапты


Тарифтік жоспардағы интернет-топтаманың көлемі аяқталған кезде:

  • Тарифтік жоспарды Jusan мобильді қосымшасында мерзімінен бұрын қайта қосу немесе*523 * 1#пәрменін теру. Тарифтік жоспарды өзгерту шоттағы оң теңгерім болған кезде қолжетімді. 
  • Қосымша интернет пакет сатып алу: 2 Гб - 590 теңге. Қосылу пәрмені * 151#  

0% пайдалы деп тапты


Тарифтік жоспарда дауыстық топтаманың көлемі аяқталған кезде мына іс-әрекеттерді жасауға болады:

  • Тарифтік жоспарды Jusan мобильді қосымшасында мерзімінен бұрын қайта қосу немесе *523 * 1# пәрменін теру.
    Тарифтік жоспарды өзгерту шоттағы теңгерім оң болған кезде қолжетімді.
  • Қосымша дауыстық топтама сатып алу: 30 минут - 300 теңге.
    Қосылу пәрмені *302*30#

0% пайдалы деп тапты


  • Егер Сіз құрылғының кімнің ЖСН-на тіркелгенін білсеңіз, онда *6914*1*3# пәрменін теріңіз, құрылғыны қайта тіркеу жүзеге асырылатын құрылғының жаңа пайдаланушысының ЖСН және өз ЖСН-іңізді, өз нөміріңізді және құрылғының жаңа пайдаланушысының нөмірін көрсету қажет.
  • Егер Сіз құрылғының кімнің ЖСН-на тіркелгенін білмесеңіз, онда құрылғыны тіркеу үшін байланыс салонына өз ЖСН-іңізбен жүгініңіз. Өзіңізбен бірге құрылғы және меншік құқығын растайтын құжаттар (чек, қорап, кепілдік талон және т.б.) болуы қажет.

0% пайдалы деп тапты


Егер Jusan мобильді қосымшасында өз нөміріңізбен ауысу кезінде қате пайда болса, мыналарды тексеруді сұраймыз:

  • Ағымдағы оператордың желісінде Сізге ағымдағы нөмірді тіркеу деректерінің дұрыстығын.
  • Ағымдағы оператордың желісінде ағымдағы нөмір бойынша берешектің бар-жоғын тексеру.

Егер барлық параметрлер дұрыс көрсетілген болса, 7711 нөмірі бойынша Call-center-ге хабарласуыңызды сұраймыз (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін).

0% пайдалы деп тапты


Қате төленген жағдайда теңгерімді дұрыс нөмірге ауыстыруды ресімдеу үшін 7711 нөмірі бойынша Call-Center-ге жүгіну қажет(ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін).

0% пайдалы деп тапты


Абоненттік төлемді алу, қызметті қосу және т.б. үшін телефон теңгерімінде қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Сіз Jusan Банктің мобильді нөміріне байланыстырылған төлем картасының абоненттік төлемі үшін қаражаттың алынғанын растау үшін Push-хабарлама аласыз.
Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбаған жағдайда:
• Дауыстық қызметтердің тарификациясы: қоңырау шалу -минутына 18 теңге. ҚР басқа мобильді операторларына (Tele2, ALTEL ҚР қалалық нөмірлерін қоса алғанда) – минутына 18 теңге
• Тегін қызметтерді қоспағанда, интернетке кіру оқшауланады.

0% пайдалы деп тапты