Карта ашу үшін Jusan мобильді қосымшасының басты бетінде келесі пәрмендерді таңдаңыз:
• Jusan Family → Балаға карта ашу;
• Егер сіздің бірнеше балаларыңыз болса, карта ашқыңыз келетін балаңызды таңдап, растау үшін оның телефон нөмірін енгізіңіз;
• «Кешенді келісімді» оқыңыз және Сіздің телефон нөміріңізге жіберілетін SMS-код көмегімен оған қол қойыңыз;
• Карта сәтті ашылды!
0% пайдалы деп тапты
6 мен 17 жас аралығындағы балаларға Jusan мобильді қосымшасы арқылы балалар картасын ашуға болады. Баланың картасы ата-анасының картасына қосымша болып табылады.
0% пайдалы деп тапты
Балалар картасын шығару үшін комиссия – 0 теңге.
Қызмет көрсету үшін комиссия:
• Қызмет көрсетудің 1-ші жылы – 0 теңге;
• 2-ші және одан кейінгі жылдары: айына 200 теңге;
• Пластиксіз карталар үшін – 0 теңге.
0% пайдалы деп тапты
Jusan мобильді қосымшасында тіркелу үшін бала:
1. өз смартфонына Jusan қосымшасын жүктеу және орнату;
2. мобильді телефон нөмірін енгізу;
3. ата-анасының смартфонының экранындағы QR-кодты сканерлеу;
4. биометриялық сәйкестендіруден өту және ата-анасынан растау * алу.
*Егер СДАО-да (Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы) баланың деректері болмаса, ата-анасы Jusan мобильді қосымшасы арқылы баланың тіркелуін растайды
0% пайдалы деп тапты
Иә, мүмкін, себебі балалар картасын ашқан кезде бірден виртуалды карта шығарылады. Бала ол картамен контактісіз төлем жасау үшін Apple Pay/Google Pay электрондық әмияндарына қосуға, Jusan QR арқылы төлеуге, сондай-ақ Jusan мобильді қосымшасында төлемдер мен аударымдар жасауға немесе ғаламторда онлайн сатып алуларға мүмкіндік алады.
0% пайдалы деп тапты
Балалар картасында темекі, алкоголь, құмар ойындарын сатып алуға, сондай-ақ 18+ санатындағы тауарларды сататын сатушылардан* сауда жасауға автоматты түрде тыйым салынған.
* Сатушы қызметінің түрі MCC код бойынша анықталады.
МCC код – сатылған тауарлар мен қызметтерге байланысты эквайер-банк тағайындайтын халықаралық төлем жүйесіндегі сауда және қызмет көрсету нүктесі қызметінің түрін анықтайтын төрт таңбалы код.
0% пайдалы деп тапты
Иә, балаға бөлек бонус шоты ашылады, бала ол шотты Jusan мобильді қосымшасының «Менің бонустарым» бөлімінде басқара алады.
Бала өз бонустарын Jusan мобильді қосымшасының өзінде төлемдер жасау арқылы немесе Jusan QR көмегімен Jusan POS терминалдарында төлем жасау арқылы жұмсай алады.
0% пайдалы деп тапты
Jusan мобильді қосымшасында ата-ана баласының картасын басқаруға толық мүмкіндік бар. «Jusan Family» сервисінің Басты бетінде ата-аналар үшін келесі қызметтер қолжетімді:
• өз аккаунтыңыз арқылы 3 балалар картасына дейін шығару;
• Jusan қосымшасында баланың тіркелуіне рұқсат беру немесе тыйым салу;
• негізгі аккаунтыңыздан балалардың кез келген аккаунтын толық басқару;
• балалар картасының теңгерімін, лимиттері мен шектеулерін басқару;
• әр баланың шығындары бойынша аналитиканы қарау;
• балаға тапсырма беру;
• балаға мақсат қою;
• балалар картасын толықтыру;
• ұрланған немесе жоғалған жағдайда баланың картасын бұғаттау немесе бұғаттан шығару.
0% пайдалы деп тапты
Бала Jusan мобильді қосымшасына тіркелу кезінде виртуалды картаның дизайнын таңдай алады, сондай-ақ «Менің банкім» бөлімінде картаның бастапқы дизайнын өзгерте алады.
0% пайдалы деп тапты
Балаға Jusan мобильді қосымшасының Басты бетінде «Ақша сұрау» бөлімі қолжетімді, бұл қызметтің көмегімен бала ата-анасынан сомасы мен түсініктемесін көрсете отырып, ақша сұрай алады.
0% пайдалы деп тапты
Jusan Family қызметіндегі «Тапсырма» - бұл ата-аналар үшін балаларын тәуелсіздікке үйретудің және күнделікті ақша табу дағдысын қалыптастырудың жаңа мүмкіндігі:
• тапсырмалар әр балаға жеке тағайындалады және тағайындалған балаға ғана көрінеді;
• ата-ана өз балаларының барлық тапсырмаларын көреді;
• балаға тек ата-анасы/қамқоршысы ғана тапсырма бере алады;
• тапсырманың орындалуын бала сурет ұсыну арқылы растайды (міндетті емес);
• тапсырма орындалғанда, ол ата-ана мен бала үшін ағымдағы тапсырмалар тізімінен автоматты түрде жойылады;
• ата-ана тапсырманы растап, балаға ақша аударғысы келетін шотты таңдайды.
0% пайдалы деп тапты
Енді баланың мақсатына жету мен армандарына ақша жинақтаудың жеке өзіндік құралы бар!
Бала немесе оның ата-анасы «Мақсат» қоя алады, онда бала тапқан ақшасын жинап, үлгерімін бақылай алады:
• бала тапсырманы орындағаны үшін тапқан немесе басқа қаражаттарынан өзінің мақсатына ақша жинайды;
• ата-анасы/қамқоршысы балаға мақсатқа жетуге баланың мақсатына жетуіне қаржылай көмектесе алады;
• мақсат балаға да, ата-анаға да Jusan мобильді қосымшасының Басты бетінде көрсетіледі;
• егер мақсат бірінші рет жасалса және оны бала жасаса, онда алдымен баладан ата-анаға мақсат қою туралы өтініш жіберіледі, ата-ана мақсаттың қойылуын растайды және ағымдағы шот ашуға келісім береді;
• бұл шот баланың барлық келесі мақсаттары үшін пайдаланылады.
0% пайдалы деп тапты
6 жастан 17 жасқа дейінгі барлық балаларға Jusan мобильді қосымшасында тіркелу және өздерінің балалар картасын басқару қолжетімді
0% пайдалы деп тапты
Балаларға арналған Jusan мобильді қосымшасында келесі Төлемдер қолжетімді:
• мобильді байланыс
• көлік және билеттер:
1. қоғамдық көлік
2. такси
• ойын-сауық және демалыс
1. ойындар
2. іс-шара билеттері
• білім беру
0% пайдалы деп тапты
Балаларға арналған Jusan мобильді қосымшасында келесі аударымдар қолжетімд:
• телефон нөмірі бойынша аударым;
• карта нөмірі бойынша аударым;
• «Телефон нөмірі бойынша ҚР-ға» аударым;
• Jusan банкоматтарында картадан ақшаны код бойынша (картасыз) алу.
0% пайдалы деп тапты
Өкінішке орай, баланың өзіне депозит немесе несие ашу мүмкіндігі қарастырылмаған.
0% пайдалы деп тапты
Балалар картасы бойынша келесі операциялар үшін автоматты түрде 100 000 теңге мөлшерінде лимит қойылған:
• Сатып алулар;
• Кіріс және шығыс аударымдары;
• Интернетте төлем жасау;
Сондай-ақ, банкоматтан қолма-қол ақша алуға 20 000 теңге сомасында лимиті бар.
Ата-ана баласының картасындағы шектеулерді кез келген уақытта Jusan мобильді қосымшасында өзгерте алады. Ол үшін:
• Jusan Family сервисі → Лимиттерді басқару бөліміне өту керек.
0% пайдалы деп тапты
Ата-ана Jusan Family балалар картасын Банк бөлімшесінде жаба алады.
Картаны жабар алдында келесі шарттардың орындалғанына көз жеткізіңіз:
• картада бұғатталған сомалардың болмауы;
• карта бойынша өтелмеген берешектің болмауы;
• шотта тыйымның болмауы;
• картаның шоты қолданыстағы депозитік келісімшартқа байланбаған.
0% пайдалы деп тапты