«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Заңы кәсіпкерлікпен айналыспайтын ҚР азаматының төлем қабілетсіздігі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің негіздерін анықтайды. Сондай-ақ соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдерін, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
0% пайдалы деп тапты
Заңның қолданылу мерзімі шектелмеген.
0% пайдалы деп тапты
Заңның қолданылу мерзімі шектелмеген.
0% пайдалы деп тапты
Заң төмендегі үш түрлі рәсімдердің біреуін жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады:
• соттан тыс банкроттық;
• төлем қабілеттілігін қалпына келтіру;
• сот арқылы банкроттық.
0% пайдалы деп тапты
Қарыз алушы келесі жағдайларда уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімдеуге өтініш бере алады:
1) банктер, микрокредиттік ұйымдар, коллекторлық компаниялар алдында өтініш берген күнге сәйкес 1600 АЕК мөлшерінен аспайтын сомада міндеттемелердің болуы (қазіргі уақытта - 5 907 200 теңге);
2) егер кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша өтініш берілген күнге дейін қатарынан 12 ай ішінде өтелмесе;
3) ортақ меншікте және меншік құқығында мүлік болмаған кезде;
4) Егер борышкерге қатысты қарыз шарттары бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдер жүргізілген болса;
Аталған рәсімдерді мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде жүргізу қажет;
5) өтініш берілген күнге дейінгі 7 жыл ішінде соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімі қолданылмауы тиіс.
Маңызды: Сонымен қатар, заңда атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген адамдар үшін ерекше ережелер қарастырылған.
Қарыз алушы келесі жағдайларда уәкілетті органға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттықты рәсімдеу туралы өтініш бере алады:
1) Кредиторлар алдында* өтініш берген күнге сәйкес 1600 АЕК мөлшерінен асатын сомада міндеттемелердің болуы (қазіргі уақытта-5 907 200 теңге), сонымен қатар мүлкінің болуына байланысты соттан тыс банкроттық рәсіміне өтінім бере алмағандар;
2) егер кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша өтініш берілген күнге дейін қатарынан 12 ай ішінде өтелмесе;
3) Егер борышкерге қатысты қарыз шарттары бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдер жүргізілген болса;
Аталған рәсімдерді мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде жүргізу қажет;
4) өтініш берілген күнге дейінгі 7 жыл ішінде соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімі қолданылмауы тиіс.
* - ЕДБ, МҚҰ және коллекторлық компанияларды қоса алғанда, барлық кредиторлар алдында ақшалай міндеттемелері мен өзге де қаржылық талаптары бар борышкер
0% пайдалы деп тапты
Борышкер соттан тыс банкроттық рәсімдеу туралы өтінішті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының сайтында (E-gov, E-Salyg azamat веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы) тапсыруы қажет. Сондай-ақ келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) кредиторлардың атауы, берешек сомасы, орналасқан жері көрсетілген тізімді;
2) борышкердің банктік қарыз шарты бойынша берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөнінде шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесін.
Соттан тыс банкроттық рәсімін уәкілетті орган* жүзеге асырады.
*- Уәкілетті орган – банкроттың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
0% пайдалы деп тапты
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттықты рәсімдеу туралы өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жалпы юрисдикция сотына жазбаша немесе электрондық құжат түрінде тапсырылады.
0% пайдалы деп тапты
Жоқ, Заңды қолдану 12 айдан астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтар үшін ғана қарастырылған.
0% пайдалы деп тапты
ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарында немесе 1414 телефон нөмірі бойынша 3 қосымша нөміріне қоңырау шалу арқылы ("Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ байланыс орталығы).
0% пайдалы деп тапты
Заң тек Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады.
Заңда азаматтығы жоқ, мекен ету қағазы бар азаматтар қарастырылмаған.
0% пайдалы деп тапты
Заңның 37 тармағына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінің мерзімі сот арқылы 1 рет – 6 айдан аспайтын мерзімге ғана созылуы мүмкін.
Рәсімдерді(соттан тыс, сот арқылы банкроттық) жүзеге асырғаннан кейінгі төмендегідей салдары Заңда көрсетілген:
1) 5 жыл бойы қарыз және несие алуға шектеу қойылады (микрокредиттер мен ломбардтарды қоспағанда);
2) 7 жыл өткен соң ғана қайта банкроттық рәсімдеуге болады;
3) банкроттықтан кейінгі 3 жыл бойы борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.
0% пайдалы деп тапты