Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) айналысқа шығарған келесідей өлшемдегі алтын құймаларды ұсынады: 5 г, 10 г, 20 г, 50 г және 100 г.

0% пайдалы деп тапты


Алтын құймаларды жеке куәлігі бар болса, Қазақстан Республикасының резиденттері де, бейрезиденттері де сатып ала алады. ҚР азаматтары үшін бұл жеке куәлік немесе ҚР азаматының паспорты болса, шетелдік азаматтар үшін - шетел азаматының паспорты немесе ҚР-да тұруға ықтиярхат болуы мүмкін.  

0% пайдалы деп тапты


• Сенімділік – алтын өз құнын сақтайды
• Инвестициялық пайда – құнсызданудан қорғау
• Жоғары өтімділік – кез келген уақытта сату мүмкіндігі
• Активтерді саралау – тәуекелдерді азайту
• Сақтау ыңғайлығы – аз орын алады
• Мәртебелі сыйлық – мұраға беруге болады

0% пайдалы деп тапты


Алтын құймаларды сатып алу және сату Банктің VIP-орталықтарында және Premium-офистарында жүзеге асырылады. Ол үшін өзіңіздің дербес менеджеріңізге жүгініңіз.

0% пайдалы деп тапты


Қорғаныш қаптамасы бүтін болған жағдайда ғана кері сатып алуға рұқсат етіледі, себебі осы қаптама сапа сертификаты болып саналады.

0% пайдалы деп тапты


Өзекті бағаларды мына жерлерден көре аласыз:
• Банктің ресми сайтында: https://jusan.kz/private/exchange-rates
• Өзіңіздің дербес менеджеріңізден 
7711 нөмірі бойынша  (мобильді телефондардан қоңырау шалу) немесе +7 7172 587 711 нөмірі бойынша (ҚР аумағынан тыс жерде жүрген кезде)  Банктің Call-center-іне хабарласу арқылы

0% пайдалы деп тапты


Иә, бірақ Банк кассасында құймалардың қажет көлемі бар болса ғана. Егер құймаларға тапсырыс беру керек болса, Сіз өтінімді беру күніндегі бағам бойынша соманы шотқа алдын ала салуыңыз керек (себебі құймаларды сатып алу тек клиенттің арнайы тапсырысымен жүзеге асырылады).

0% пайдалы деп тапты


Күту ҚР Ұлттық Банкінен құймаларға тапсырыс беру және жеткізу процесіне байланысты болады, себебі бұл біршама уақыт алады.

0% пайдалы деп тапты


Жоқ, Банк тек ҚР Ұлттық Банкі құймаларын сатады.

0% пайдалы деп тапты


ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 бұйрығына сәйкес, ҚР-дан шығаруға тыйым салынады:
• 5 г, 10 г, 20 г, 50 г, 100 г құймалардағы тазартылған алтынды
• ҚР ҰБ шығарған  «ALTYN BARYS» (алтын) және «KÚMIS BARYS» (күміс) инвестициялық монеталарды
• 100 г-нан артық тазартылған алтынды

0% пайдалы деп тапты


Иә, егер Сіз алтын құймаларды бағасы өскенде сататын болсаңыз, яғни сату бағасы сатып алу бағасынан асса, айырмашылық салық салынатын табыс болып саналады. ҚР Салық кодексіне сәйкес, мұндай табыс бойынша салықты өз бетіңізше төлеу керексіз.

0% пайдалы деп тапты


Алтын құймаларды сыйлауға болады, әрі қандай да бір құжаттар ресімдеудің қажеті жоқ. Алайда Банктің оны кері сатып алуы үшін олардың қорғаныш қаптамасын сақтау керек.  

0% пайдалы деп тапты


Жоқ, құймалардың максималды өлшемі  – 100 г.

0% пайдалы деп тапты