Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

ҚР басқа да ЕДБ-те берілген неселер қайта қаржыландыруға жатады.

0% пайдалы деп тапты


 Қайта қаржыландыруға өтінім беру үшін Сізге:

  • Jusan мобильді қосымшасының басты бетінде “Қайта қаржыландыру” батырмасын таңдау;
  • қайта қаржыландыруды алу үшін сауалнаманы толтыру;
  • Банктің қабылдаған шешімі туралы PUSH-хабарлама күту керек.

0% пайдалы деп тапты


Қайта қаржыландыруға өтінімді Jusan мобильді қосымшасында 08:00-ден 22:00-ға дейін беруге болады.

Jusan мобильді қосымшасында қайта қаржыландыруға өтінім беру үшін:

• жеке басын куәландыратын құжат болуы керек; Банктен оң шешім алған жағдайда, картаңыз болмаса, мобильді қосымшада төлем картасы ашылады, оған несие қаражаты түседі.

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіз мемлекеттік қызметкер болсаңыз және Cізде зейнетақы аударымдары болмаса, ипотекалық қарыз және тұрғын үй төлемдері болған кезде Сізге Jusan мобильді қосымшасында қайта қаржыландыруға өтінім беріп, "Табыс туралы анықтама" және "Тұрғын үй төлемдері туралы анықтаманы" тіркеу керек. 

0% пайдалы деп тапты


Қайта қаржыландыруды Jusan мобильді қосымшасында рәсімдеу үшін Сіздің орташа айлық табысыңыз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауы тиіс.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында қайта қаржыландырудың максималды сомасы 8 000 000 теңгеге дейін құрайды.

0% пайдалы деп тапты


Ай сайынғы төлемді төлеу үшін Банктік қарыз шартында көрсетілген өтеу шотын ай сайынғы төлем күніне дейін* Өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен толтыруыңыз қажет.
Шотты толтырудың ең қолайлы әдістері:
• Банк бөлімшесі арқылы;
• Kassa 24, Yurta, Qiwi төлем терминалдары арқылы;
• Jusan банкоматтарында Cash-in функциясымен картаны толтыру арқылы;
• Шотқа басқа ЕДБ-ден, өз шоттары арасында немесе Банк ішінде аударым жасау арқылы.

Өзіңіздің өтеу шотыңызды Jusan мобильді қосымшасы, «Несиелер» бөліміндегі несие туралы ақпараттың «Төлем шоты» бөлімінен біле аласыз.

* Жеке тұлғаларға қызмет көрсету жөніндегі жария келісімге сәйкес, ай сайынғы төлемді өтеу үшін қаражат Астана уақыты бойынша сағат 20:00-ге дейін қамтамасыз етілуі тиіс.

0% пайдалы деп тапты


Қайта қаржыландыру бойынша төлем күнін өзгерту үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет. Банктік қарыз шартына сәйкес төлем күнін өзгерту үшін комиссия алынады.

0% пайдалы деп тапты


Қайта қаржыландыру бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтеуді Jusan мобильді қосымшасында немесе Банктің кез келген бөлімшесіне жүгіну арқылы жүзеге асыруға болады.

0% пайдалы деп тапты


Қайта қаржыландыру бойынша ай сайынғы төлемді 3-ші тұлға өтей алады. Үшінші тұлға қайта қаржыландыру бойынша мерзімінен бұрын / ішінара өтеуді тек нотариалды сенімхат болған кезде жүзеге асыра алады.

0% пайдалы деп тапты


Қайта қаржыландыру жөніндегі шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі шығарады, Банк қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге ықпал ете алмайды. Әрбір нақты жағдайда шешім Сіздің несиелік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты жеке қабылданады.

0% пайдалы деп тапты


Қайта қаржыландыруды рәсімдеуге арналған өтінімдер, егер клиенттер - ҚР резиденттері, 18 жасқа толған және қарызды өтеу күніне 70 жастан аспаған жеке тұлғалар болса, қаралады.

0% пайдалы деп тапты


Қайта қаржыландыру бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтегені үшін комиссиялар, айыппұл санкциялары жоқ.

0% пайдалы деп тапты


Қарызды ұйымдастыру үшін комиссия жоқ.

0% пайдалы деп тапты


Басқа ЕДБ шот(-тар)ына қаражат 1-3 жұмыс күні аралығында түседі.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында қайта қаржыландыруды алуға өтінімдер санына шектеу жоқ.

* Әрбір нақты жағдайда несие бойынша шешім жеке қабылданады және клиенттің несие тарихының сапасы мен төлем қабілеттілігіне байланысты шығарылады. Jusan мобильді қосымшасында қайта қаржыландыруға өтінім беру алдыңғы өтінім рәсімделгеннен кейін 15 минуттан соң мүмкін болады.

0% пайдалы деп тапты


Сіз несие рәсімдегеннен кейін келесі жағдайларда қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз:
• Сіз 1,2,3 топтағы мүгедектік алсаңыз; 
• Сіздің жұбайыңыз және (немесе) жақын туыстарыңыз* 1, 2 топтағы мүгедектік алса;
• Сіздің жұбайыңыз және/немесе жақын туыстарыңыз* қайтыс болса;
• Сіз әскери қызметке шақырту алсаңыз;
• Жүктілік және босану бойынша демалыс немесе балаға күтім жасау бойынша демалыс алсаңыз;
• Сізде немесе Сіздің жауапкершілігіңіздегі адамда дерт** анықталса;
• Сізге материалдық залал келтірілген жағдайда (өрт, су басу, дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай және т.б. нәтижесінде);
• Сіз өңіраралық қоныс аудару бағытындағы «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болсаңыз.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда Банк Сіз ұсынған тиісті растау құжаттарының негізінде қайта құрылымдауды ұсыну мүмкіндігін қарастырады.

* Жақын туыстары – бұл ата-аналары (ата-ана), балалары, асырап алған ата-аналары, асырап алған балалары, толық туған және жартылай туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері.
** Дерт «Екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленетін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген аурулар тізімінде болған жағдайда.

0% пайдалы деп тапты


Сіз Jusan Банктің кез келген бөлімшесінде қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз.

0% пайдалы деп тапты