Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Тауарлық несиеге өтінім беру үшін Сізге:

• Jusan мобильді қосымшасының JMart  бөлімінде қажетті тауарды таңдау;
• Ресімдеуге өтіп, сауалнама деректерін толтыру;
• Банктің қабылдаған шешімі туралы Push-хабарлама күту керек.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасындағы Тауарлық несиенің ең жоғары сомасы 3 000 000 теңгеге дейін құрайды.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында Тауарлық несие алу үшін сіздің орташа айлық табысыңыз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауы тиіс.

0% пайдалы деп тапты


Қарызды ұйымдастыру үшін комиссия жоқ.

0% пайдалы деп тапты


Егер клиенттер 18 жасқа толған, бірақ қарызды қаржыландыру туралы шешім қабылданған күні 70 жастан аспайтын Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар болса, Тауарлық несиеге рәсімдеуге өтінімдер қаралады.

0% пайдалы деп тапты


Тауарлық несие туралы шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі береді, Банк қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге әсер ете алмайды. Әрбір нақты жағдайда шешім Сіздің несиелік тарихыңыз бен төлем қабілетіңізге байланысты жеке қабылданады.

0% пайдалы деп тапты


Ай сайынғы төлемді төлеу үшін Банктік қарыз шартында көрсетілген өтеу шотын ай сайынғы төлем күніне дейін* Өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен толтыруыңыз қажет.
Шотты толтырудың ең қолайлы әдістері:
• Банк бөлімшесі арқылы,
• Kassa 24, Yurta, Qiwi төлем терминалдары арқылы,
• Jusan банкоматтарында Cash-in функциясымен картаны толтыру арқылы,
• Шотқа басқа ЕДБ-ден, өз шоттары арасында немесе Банк ішінде аударым жасау арқылы.

Өзіңіздің өтеу шотыңызды Jusan мобильді қосымшасы, «Несиелер» бөліміндегі несие туралы ақпараттың «Төлем шоты» бөлімінен біле аласыз.

* Жеке тұлғаларға қызмет көрсету жөніндегі жария келісімге сәйкес, ай сайынғы төлемді өтеу үшін қаражат Астана уақыты бойынша сағат 20.00-ге дейін қамтамасыз етілуі тиіс.

0% пайдалы деп тапты


3-ші тұлғаның Тауарлық несие бойынша төлемді ай сайын өтеуі мүмкін. Үшінші тұлғаның Тауар кредитін мерзімінен бұрын/ішінара өтеу нотариалды сенімхат болған кезде жүргізіледі.

0% пайдалы деп тапты


Егер сіздің Тауарлық несие бойынша ай сайынғы төлеміңіз демалыс күні түссе, онда төлем демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.

0% пайдалы деп тапты


Тауарлық несие бойынша төлем күнін өзгерту үшін Банк бөлімшесіне бару қажет. Банктік қарыз шартына сәйкес төлем күнін өзгерту үшін комиссия.

0% пайдалы деп тапты


Тауарлық несие бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтеуді Jusan мобильді қосымшасында немесе Банктің кез келген бөлімшесіне жүгіну арқылы жүзеге асыруға болады.       

0% пайдалы деп тапты


Тауарлық несие бойынша мерзімінен бұрын (толық/ішінара) өтегені үшін комиссия, айыппұл санкциялары жоқ.

0% пайдалы деп тапты


Сіз несие рәсімдегеннен кейін келесі жағдайларда қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз:
• Сіз 1,2,3 топтағы мүгедектік алсаңыз; 
• Сіздің жұбайыңыз және (немесе) жақын туыстарыңыз* 1, 2 топтағы мүгедектік алса;
• Сіздің жұбайыңыз және/немесе жақын туыстарыңыз* қайтыс болса;
• Сіз әскери қызметке шақырту алсаңыз;
• Жүктілік және босану бойынша демалыс немесе балаға күтім жасау бойынша демалыс алсаңыз;
• Сізде немесе Сіздің жауапкершілігіңіздегі адамда дерт** анықталса;
• Сізге материалдық залал келтірілген жағдайда (өрт, су басу, дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай және т.б. нәтижесінде);
• Сіз өңіраралық қоныс аудару бағытындағы «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болсаңыз.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда Банк Сіз ұсынған тиісті растау құжаттарының негізінде қайта құрылымдауды ұсыну мүмкіндігін қарастырады.

* Жақын туыстары – бұл ата-аналары (ата-ана), балалары, асырап алған ата-аналары, асырап алған балалары, толық туған және жартылай туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері.
** Дерт «Екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленетін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген аурулар тізімінде болған жағдайда.

0% пайдалы деп тапты


Сіз Jusan Банктің кез келген бөлімшесінде қайта құрылымдауға өтініш бере аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында Тауарлық несие алуға өтінімдер санына шектеу жоқ.

* Әрбір нақты жағдайда несие бойынша шешім жеке қабылданады және кредиттік тарих сапасына және клиенттің төлем қабілеттілігіне байланысты болады. Клиент алдыңғысын ресімдегеннен кейін бірден Jusan мобильді қосымшасында Тауарлық несие алуға қайтадан өтінім бере алады.

0% пайдалы деп тапты