Woman Create делегациясы Jusan Bank-қа келді
Woman Create қауымдастығының қатысушылары Jusan-ға келіп, банктің өнімдері және қызметтерімен танысты, сондай-ақ қаржы институты өкілдерімен банк қызметтерін тұтынушылар ретіндегі клиенттік тәжірибені жетілдіру жолдарына қатысты өз көзқарастарымен бөлісті.
Woman Create – бұл өмір сапасын бірлесіп дамыту және жақсарту үшін құрылған кәсіпкер әйелдердің бизнес-қауымдастығы.
Бизнес-клуб қатысушыларының тобы Банкке танысу мақсатында келіп, Jusan Business Chief Product Owner Ильей Козловпен, Product Owner- Customer Value Management бағытының көшбасшысы Акмарал Барменшиновамен, бизнес ашу және жүргізу туралы Ösim басылымының басшысы Ирина Дубчакпен және банк командасының басқа мүшелерімен кездесті.
Банк өкілдері қонақтарға өнімдер желісі, бизнес клиенттерге арналған ұсыныстар, Jusan Business-те қызмет көрсетудің артықшылықтары, сондай-ақ Jusan экожүйесінің клиенттер алдында ашатын мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде Woman Create өкілдері мінсіз банк сервисінің қандай болуы тиістігі туралы өз ойымен бөлісіп, Jusan-ның жеке өнімдері мен қызметтері бойынша бағалы кері байланыс берді.
Бұл кездесу өте пайдалы болды. Біз кәсіпкерлерге де, жеке тұлғаларға да пайдалы болатын банктің өзекті өнімдері туралы маңызды ақпарат алдық. Ösim журналы туралы ақпарат өте қызықты болды. Көптеген пайдалы, және ең маңыздысы − шындыққа сай келетін ақпарат жарияланатын осындай медиа-алаңды жиі кездестірмейтініміз анық. Jusan Bank командасына клиенттің қажеттіліктеріне бағдарланғаны үшін және өз ісіне жан-тәнімен беріліп жұмыс жасайтыны үшін ризашылығымызды білдіреміз
- деп Woman Create-тің негізін қалаушы Баян Нурлыбек кездесуді тәмамдады.
Яндекс.Еда-да бонустары бардебеттік карта
Толығырақ біліңіз