Jusan Bank бизнеске арналған үздік банк деп танылды
SME Banking Agency ақпараттық-аналитикалық агенттігі Қазақстандағы шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған цифрлық банкингтің рейтингісін ұсынды. «Бизнеске арналған үздік мобильді банк» номинациясында Jusan Bank Jusan Business мобильді қосымшасымен жеңімпаз атанды.
Оған қоса, Jusan Bank бизнеске арналған үздік экожүйелердің және ШОБ-қа арналған үздік цифрлық банктердің рейтингісінде екінші орын алды.
«Біздің миссия – Jusan Bank клиенттерін бизнесті тіркеу мен жүргізуге қажетті цифрлық қаржылық және қаржылық емес сервистердің толық кешенімен қамтамасыз ету. Jusan Business қосымшасының кәсіпкерлік саласындағы алдыңғы қатарлы шешімдерді талдауға және әзірлеуге ден қойған беделді агенттіктен осыншама жоғары баға алғанымызға өте қуаныштымыз. Клиенттеріміз үшін сенімді серіктес болып қала беру үшін біз алдағы уақытта да сервистерімізді жетілдіретін боламыз» -деді Jusan Bank АҚ-тың Бұқаралық және бизнес бөлшек өнімдерін әзірлеу жөніндегі басқарушы директоры Александр Уздяев.
Шағын және орта бизнес сегментімен жұмыс Jusan Bank үшін ең басты бағыттардың бірі болып саналады. Jusan Business қосымшасының көмегімен санаулы минуттардың ішінде бизнесті онлайн тіркеуге, шоттар мен карталар ашуға, бухесеп жүргізуге, салық есептерін қалыптастыруға және көптеген басқа әрекеттер жасауға болады. Оған қоса, банктің экожүйесіне халыққа арналған ыңғайлы және тиімді онлайн сауда жасау орны және кәсіпкерлерге арналған тауар мен қызметтерін өткізудің маңызды каналы болып саналатын маркетплейс кіреді.
Рейтингті құрастырушылар Jusan Bank-те Jusan Business қосымшасын бизнесті жүргізуге арналған әмбебап құрал ететін бірқатар инновациялық сервистердің бар екендігін назарға алды. Жекелей алғанда, банк өз клиентеріне сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) жүргізуге арналған бірқатар ыңғайлы шешімдер, жекелей алғанда төлемдердің мәртебесін шынайы уақыт режимінде қадағалап отыруға мүмкіндік беретін SWIFT gpi-трекер, автоматтандырылған валюталық төлемдер, валюталық операциялар бойынша тиімді тарифтер, мәмілелер бойынша қолдау көрсету және СЭҚ бойынша жеке call-орталық ұсынады.
Jusan Business-тің басқа артықшылықтарына бизнеске арналған кредитті онлайн режимде ресімдеу мүмкіндігі, сондай-ақ төлем терминалын тапсырыс берген күні алу мүмкіндігі кіреді.
Купондық сыйақы төлемі
Яндекс.Еда-да бонустары бардебеттік карта
Толығырақ біліңіз