Jusan Bank мобильді қосымшасын жаңартты
Jusan Bank жаңартылған мобильді қосымшасымен таныстырды, онда Клиенттер үшін жиі қолданылатын қызметтерді орындау жолы жеңілдетілген, сондай-ақ қазақстандық нарықта баламасы жоқ бірқатар сервистер енгізілген.
Тұсаукесерде Jusan Bank Бөлшек және бұқаралық бизнеске арналған өнімдерді әзірлеу жөніндегі басқарушы директоры Александр Уздяев айтып өткендей, қосымшаны терең өңдеу пайдаланушылармен тығыз ынтымақтастықта жүргізілді. Банк өкілдері 143 сағат бойы 120 респондентпен сұхбат жүргізді, олар мінсіз банктік қосымша туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
Жарты жылдан кейін немесе жарты миллионнан астам код жолынан кейін банк іс жүзінде жаңа қосымша шығарды.
Қосымшаның басты жаңалықтарының бірі – «Маңызды оқиғалар» атты жеке ұсыныстар мен еске салғыштар қызметі болып табылады.
«Респонденттер банктік және басқа да көптеген мобильді қосымшаларда push-хабарламалардың шектен тыс көп болуы пайдаланушылардың оларға назар аудармауына әкеледі деген гипотезамызды растады. Хабарламалар өшеді немесе жинақталған хабарлар жай ғана «оқылған» деп белгіленеді. Бұл ақпараттық шуда транзакциялар, жарнамалық акциялар және т. б. туралы хабарламалар арасында кейде шынымен маңызды оқиғаларды жіберіп аламыз, мысалы, кредит бойынша төлем жасау қажеттілігі, айыппұл немесе салық төлеу, дүкеннен төленген тапсырысты алу», - дейді А. Уздяев.
Пайдаланушылардың осы сұранысына жауап ретінде банк қосымшаның басты бетінде төлем шоттарын еске түсіретін, алдағы киносеанс немесе рейс туралы ұмытпауға мүмкіндік беретін, бонустары жоғары сатып алу үшін жаңа санаттарды таңдау немесе телефон балансын толтыру уақыты келгенін айтатын қызметті әзірледі.
Jusan Bank енгізген қазақстандық қаржы нарығы үшін бірегей тағы бір сервис «Жалпы бюджет» деп аталады. Жаңа өнім бойынша банктік шот иесі отбасы мүшелері сияқты басқа да пайдаланушыларға шотына қолжетімділік бере алады. Пайыздар есептелетін осындай шоттың болуы оның иесін депозиттен үнемі ақша алу, туыстары мен достарына аударымдар жіберу үшін оларды картаға аудару қажеттілігінен құтқарады. Отбасы мүшелері шотты иесі белгілеген лимиттерге сәйкес өз бетінше пайдалана алады.
Басқа маңызды жаңалықтардың ішінде Jusan Bank өкілі «Жылдам операциялар» жаңа қызметін атап өтті, ол қосымшаның басты бетіне үнемі жасалатын транзакцияларды шығарып тұрады, бұл төлемдерді немесе аударымдарды бір шерту арқылы орындауға мүмкіндік береді.
Ақырында, Jusan қосымшасын әзірлеушілер «Жалпы тарих» қызметін енгізді, оның арқасында пайдаланушылар барлық транзакциялардың тарихын, мейлі ол карталар, шоттар, төлемдер, аударымдар, депозиттер бойынша пайыздар немесе кредит бойынша төлемдер болсын, бір жерден көре алады.
«Барлық шығындарын бір жерде көру мүмкіндігі пайдаланушыға қаржылық әл – ауқаты бойынша хабардарлық, демек нақты білу мүмкіндігімен жайлылық сезімде болады», - деп қорытындылады Jusan Bank өкілі.
Купондық сыйақы төлемі
Яндекс.Еда-да бонустары бардебеттік карта
Толығырақ біліңіз