«Jusan Bank» 2023 жылғы Тұрақты даму туралы есепті жариялады
«Jusan Bank» АҚ 2023 жылғы Тұрақты даму туралы есептің жарияланғаны жайында хабарлайды.
Сапалық және сандық деректері «Global Reporting Initiative» (GRI) халықаралық стандарттарына сәйкес ашылған Тұрақты даму туралы есепте 2023 жылдағы ESG және банк қызметін жауапты жүргізу аясындағы «Jusan Bank» қызметі мен нәтижелері жайындағы жан-жақты әрі объективті ақпарат келтірілген.
Атап айтқанда, Есепте корпоративтік басқарудағы, әлеуметтік салаға тигізілген үлес, қызметтің экологиялық және климаттық көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылған. Сонымен қатар, Есепте 2030 жылға дейінгі Климаттық стратегия бекітілген есептік кезеңнің аяқталуынан кейінгі ESG аясындағы «Jusan Bank» жетістіктері көрсетілген.
2023 жылғы Тұрақты даму туралы есепті «Jusan Bank» корпоративтік сайтындағы «ESG» бөлімінде оқуға болады.
Есеп «KASE» Интернет-сайтындағы «Құжаттар» бөлімінде де жарияланған.
Купондық сыйақы төлемі
Яндекс.Еда-да бонустары бардебеттік карта
Толығырақ біліңіз