Jusan Bank су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 300 миллион теңге аударды
Jusan Bank су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 300 миллион теңге бөлді.
Банк басшылығы мемлекеттік қолдау шаралары және де кәсіпкерлер мен мүдделі азаматтардың көмегі апаттан зардап шеккендердің тезірек үйлеріне оралуына оң ықпал етеді деп үміттенеді.
«Мыңдаған қазақстандықтардың бастарына қиындық түскенде, біз қалайша қол қусыра отырамыз. Біз осы табиғи апаттан зардап шеккендердің барлығына шын жүректен көңіл айтамыз. Жақын арада барлығы қалыпты өміріне қайта оралады деп сенеміз», – деді Jusan Bank Басқарма Төрайымы Гүлмира Джумадиллаева.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сәуір айының басындағы жағдай бойынша Қазақстанның 12 облысында жаппай су тасқыны салдарынан 12 мыңнан астам үйлер су астында қалып, адамдар эвакуацияланып, уақытша орналастыру орталықтарына орналастырылды.
Jusan Bank баспасөз қызметі: press-service@jusan.kz
Яндекс.Еда-да бонустары бардебеттік карта
Толығырақ біліңіз