Күні бойынша сүзу

  • 25 қазан
  • 24 сағат
  • Апта
  • Ай
  • Жыл
  • Барлық уақыт

Категорий новостей

Санатты таңдаңыз

Категорий новостей

Күні бойынша сүзу

Барлық уақыт

Алматыда Jusan Vibe және Ұлттық банк банкноталары мен монеталардың көрмесін өткізіп жатыр

Алматы қаласында JusanVibe арт-кеңістігінде ҚР Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚҰБ) теңге банкноталары мен коллекциялық және инвестициялық монеталарының көрмесі өтіп жатыр. Экспозиция ұлттық валюта – теңге күнін мерекелеуге орайластырылған.

«Ұлттық төл валюта – тәуелсіздік пен егемендіктің нышаны, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі. Ұлттық Банк өткізетін экспозицияның мақсаты – қалың аудиторияны ұлттық валюта – теңге тарихымен, «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясымен, инвестициялық және коллекциялық монеталармен таныстыру», – деді көрменің ашылуында ҚҰБ Төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин.

ҚҰБ бас дизайнері Санжар Нұрқасымов «Сақ стилі» сериясындағы банкноталардың тұжырымдамасы туралы айтып берді: «Жаңа серияның негізгі мақсаты – ұлттық валютаның қорғаныш дәрежесін арттыру, пайдалануға ыңғайлы ету және Қазақстанның мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеу».

«Қазақстандық банкноталар, коллекциялық және инвестициялық монеталар өздерінің бірегей технологиясы мен үздік дизайнны үшін көптеген халықаралық беделді марапаттарды ұтып алған. Оландың жасалу әдісі және тарихы мен кез-келген адам алдығы бірнеше күнде Jusan Bank-тің гаререясында таныса алатына қуаныштымын», - деді Jusan Bank басқарушы директоры Айнұр Асылханова.

Көрме тұжырымдамасында екі тақырыптық экспозиция көзделген – ҚҰБ теңге банкноталары мен инвестициялық және коллекциялық монеталары.

Көрме 22 қарашаға дейін жалғасады. Оған қатысқысы келетіндердің барлығы 17 қараша демалыс (жексенбі) күнін қоспағанда, 09:00-ден 18:00-ге дейін бара алады.

Көрме өтетін орын: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 36, «First Heartland Jusan Bank» АҚ ғимараты, JusanVibe арт-кеңістігі.
 

Яндекс.Еда-да бонустары бардебеттік карта

Толығырақ біліңіз