Қуат Қожахметов Jusan Bank директорлар кеңесін басқарды
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі-Банк) Директорлар Кеңесінің ағымдағы жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен Кеңес төрағасы болып тәуелсіз директор Қуат Қожахметов сайланғанын хабарлайды.
Сол күні акционерлер жиналысының шешімімен Банктің Басқарма төрайымы Гүлмира Джумадиллаева директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Қ. Қожахметов акционерлердің жалпы жиналысында Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтатқан Ғалымжан Есеновтың орнына Директорлар кеңесінің төрағасы болып ауысты.
Осылайша қазіргі уақытта Банк Директорлар кеңесі мынадай құрамда қалыптастырылды:
Қуат Қожахметов - Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор; Жарқынбек Азбеков - Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; Саида Жарболова - Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; Гүлмира Джумадиллаева - Директорлар кеңесінің мүшесі.
Банктің ірі акционері болып табылатын Ғ. Есеновтың Директорлар кеңесінің құрамынан шығу туралы шешімі корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесіне сай келеді, соған сәйкес мажоритарлық акционер Банктің басқару органының қызметіне қатыспайды.
Ғ. Есенов Директорлар кеңесі мүшелерінің банктің басқару органының төрағасы етіп Қ. Қожахметовты сайлау туралы шешімін құптады.
«Қуат Бәкірұлы - үлкен жұмыс тәжірибесі бар және экономиканың мемлекеттік секторында да, қаржы саласында да басшылық лауазымдарды атқарған кәсіби маман. Директорлар кеңесіне жұмыста үлкен табыс және алға қойған мақсаттарының орындалуын тілеймін», - деді Ғ. Есенов.
Банк акционері Директорлар Кеңесінің құрамынан шығу туралы шешіміне де түсініктеме берді: «Мен Jusan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында қызмет атқарған кезеңде, 2023 жылғы тамыздан бастап Банкте Даму стратегиясы жаңартылды, жұмыстың басым бағыттарына қатысты түйінді шешімдер қабылданды, басқарушы команда күшейтілді. Бүгінгі таңда Jusan Bank даму мен өсу үшін зор әлеуетке ие елдегі ең тұрақты қаржы институттарының бірі болып табылады. Осы кезеңде менің Директорлар Кеңесінің құрамынан шығуым корпоративтік басқару және бизнесті жүргізу тиімділігі тұрғысынан ең жақсы шешім болып табылады деп санаймын».
***
Қ. Қожахметовтың Қазақстанның қаржы секторында бай кәсіби тәжірибесі бар. Мансабын Банктік қадағалау департаментінің Банк қызметін реттеу басқармасы Қаржылық талдау бөлімінің жетекші экономист мамандығынан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына дейін өсті.
Әр уақытта «Цеснабанк» АҚ, ««Цесна» Корпорациясы» АҚ, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті, «Оптима Банк» ААҚ (Қырғыз Республикасы), «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» және ««АХҚО» Әкімшілігі» АҚ-та басшылық қызметтер атқарды.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша, Executive MBA бағдарламасы бойынша The University of Chicago Booth School of Business бітірген, IoD - Ұлыбритания Директорлар институтын тәмамдап, IoD Chartered Director халықаралық біліктілік бойынша дипломы бар директор атанды. Сонымен қатар Qazaq Independent Directors ассоциациясы Бақылау кеңесінің мүшесі.
Jusan Bank баспасөз қызметі: press-service@jusan.kz
Купондық сыйақы төлемі
Яндекс.Еда-да бонустары бардебеттік карта
Толығырақ біліңіз