Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар

23 тамыз 22

584

Қазақстанның мұнайгаз саласына шолу

Jusan Analytics командасы Қазақстанның мұнай-газ саласына талдау жүргізді

Негізгі тұжырымдар

  • Дәлелденген мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-ші орынға ие – 3.9 млрд тонна, ал табиғи газ қоры бойынша 14-ші орында – 2.7 трлн текше метр;
  • 2021 жылы 85.9 млн тонна мұнай өндірілді (ішкі тұтынудың үлесі -23%), ал өндірілген газ көлемі – 54.2 млрд текше м. (61%). 2022 жылы шамамен 87 млн тонна мұнай өндіріледі деп күтілуде. Ал 2024 жылдың кейін оның көлемі 10 млн тоннаға жетуі мүмкін;
  • Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстан мұнай өндіруді 3.5 есеге арттырды. Сөйтіп, 2021 жылы мұнай өндіру бойынша әлемде 13 орынға шықты (жалпы әлемдік өндірудің 2%-ы);
  • Мұнайды игеру және өндіру бойынша ең ірі жобалар: «Теңізшевройл» ЖШС (31%), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (19%) және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» (13%);
  • ҚР газ тасымалдау жүйесінің жалпы ұзындығы – 56 мың шақырымнан асатын газ тарату желісін, 20 мың шақырымнан астам магистралдық газ құбырын және 56 компрессор стансасын қамтиды;
  • Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-дан астамы экспортқа шығарылады, одан қалғаны өңдеу үшін ішкі нарыққа бағытталады;
  • 2021 жылы Қазақстанның жалпы экспорттық құрылымында мұнай барлық тауарлардың 51.5%-ын, ал газ – 3.8%-ын құрады. 2020 жылы сәйкесінше 50.5% және 5.3% болды;
  • 2021 жылдың қорытындысы бойынша бензиннің барлық маркасын өндіру 4.81 млн тоннны құрады (2020 жылмен салыстырғанда + 7.4%): экспорт – 0.1, ішкі тұтыну – 4.71, әуе отыны – 0.59 (+33.1%). Дизель отынын өндіру – 4.99 млн тонна (+6.8%): импорт – 0.3, экспорт – 0.2, ішкі тұтыну – 5.1;
  • Қазақстанның республикалық бюджеті мұнайгаз саласы есебінен 30-50%-ға толықтырылады;
  • Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанға әкелінген шетелдік инвестицияның жалпы көлемінде мұнай мен газдың алатын орташа үлесі шамамен 33%-ды құрады;
  • Қазақстан өзінің энергия тасымалдаушыларын экспортқа шығару бойынша транзиттік елдерге тәуелді;
  • Энергия тасымалдаушыларға деген әлемдік сұраныстың қалпына келуі, мұнай мен газ бағасының қымбаттылығы мұнайгаз секторынан түсетін табысты арттыруға мүмкіндік береді.

Қауіп-қатерлер мен тәуекелдер

Қазіргі таңда әлемдік энергетика саласында айқынсыздық сақталуда. Одан басқа, антиресейлік санкциялар мен валюталық ауытқулар да еліміздің экспорттық әлеуетіне кері әсер етеді.

Қазақстанның мұнайгаз саласының негізгі тәуекелдері мыналар:

  • Қазақстанның энергия тасымалдаушыларын экспорттаудың транзитті елдерге тәуелділігі;
  • Жобалардың қомақты капиталды қажет ететіндігіне және жасыл экономикаға ден қойыла бастауына байланысты инвестициялық ресурстардың тапшылығы;
  • сұраныс серпініне қарамастан, ОПЕК+ елдері тарапынан өндіру қуатын арттыру, Иранды ешқандай санкциялық шектеулерсіз мұнай сатушы ел ретінде тарту;
  • Ескі кен орындарында мұнай өндірудің өзіндік құнының өсуі және мұнай компанияларын реттеуді қатаңдату;
  • Инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы. Мысалы, құбыр желілерінің және Каспий теңізінің қазақстандық секторының өткізу қабілетінің төмендігі;
  • Мұнайгаз саласында көміртектік бейтараптыққа өту бойынша тренд;
  • ЕО көміртек салығын енгізу. Ол мұнайдан түсетін табыстарды айтарлықтай төмендеуге сеп болады;
  • Мұнай мен газды өндіруден түсетін мол табыстың басым бөлігі шетелдік компаниялардан аударылады;
  • Ықтимал ғаламдық рецессия энерегия ресурстарына деген сұранысты төмендетуі және өнеркәсіптік өндірістің қысқарына әкеп соғуы мүмкін;
  • Мұнай өндіру саласының бәсекеге қабілетті еместігі және мұнай химия саласының әлсіз дамуы.

Келешектер мен трендтер

2021 жылдан бастап, энергия тасымалдаушыларға деген сұраныс ұсыныстан асып түсіп жатыр. ОПЕК+ мүшелерінің шикі мұнайды өндіруді тежеуіне және COVID-19 пандемиясынан кейін экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне байланысты, Brent маркалы мұнай бағасы 2022 жылы рекордтық көрсеткішке дейін өсті.

АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының болжамына сәйкес 2022 жылы мұнай бағасының бір баррелінің орташа бағасы 105 доллар, ал 2023 жылы 95 доллар болады.

Саланың келешегі бойынша мына жайттерді атап өтуге болады:

  • Энергия тасымалдаушылардың әлемдік бағасының қалпына келуі және мұнай мен газдың жоғары бағасы. Халықаралық сарапшылардың болжамына сәйкес мұнайға қатысты жоғары бағаның жаңа суперциклін жүзеге асыру;
  • Ескі кен орындарының сарқылуы және өндірудің қиындай түсуіне байланысты көмірсутектердің әлемдік қорының шектеулігі;
  • Қайта қалпына келетін энергия көздерінің үлесін кеңейтуді баялату;
  • Қытай, Үндістан және ЕО (энергетикалық дағдарыс) тарапынан энергия ресурстарына сұраныстың жоғары болуы;
  • Еуропа елдері үшін газды алудың және қолданудың геосаяси қиындықтары мұнай және оның өңделген өнімдеріне субститут (алмастырушы тауар) ретінде сұранысты күшейтеді;
  • Құрылыс, ауыл шаруашылығы және жалпы қолданыстағы тауарларды өндіру қажеттілігі үшін көбінесе отын-энергетикалық саланы қамти отырып, шикі мұнайға деген сұраныстың құрылымын өзгерту;
  • Әр түрлі полимерлердің өзіндік құнын төмендету және өндірісі бойынша технологияларды жақсарту тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді. Бұл мұнай бағасының құбылмалылығын айтарлықтай түсіреді;
  • Мұнай-химиялық өнімдерге деген сұраныстың күшеюі. Біздің скорингке сәйкес Қазақстанда мұнай-химия саласының даму бойынша әлеуеті өте жоғары.

Біржолғы зерттеулер


ГазМұнайАят Сураганов