Қазақстанның мұнайгаз саласына шолу
Jusan Analytics командасы Қазақстанның мұнай-газ саласына талдау жүргізді
Негізгі тұжырымдар
- Дәлелденген мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-ші орынға ие – 3.9 млрд тонна, ал табиғи газ қоры бойынша 14-ші орында – 2.7 трлн текше метр;
- 2021 жылы 85.9 млн тонна мұнай өндірілді (ішкі тұтынудың үлесі -23%), ал өндірілген газ көлемі – 54.2 млрд текше м. (61%). 2022 жылы шамамен 87 млн тонна мұнай өндіріледі деп күтілуде. Ал 2024 жылдың кейін оның көлемі 10 млн тоннаға жетуі мүмкін;
- Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстан мұнай өндіруді 3.5 есеге арттырды. Сөйтіп, 2021 жылы мұнай өндіру бойынша әлемде 13 орынға шықты (жалпы әлемдік өндірудің 2%-ы);
- Мұнайды игеру және өндіру бойынша ең ірі жобалар: «Теңізшевройл» ЖШС (31%), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (19%) және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» (13%);
- ҚР газ тасымалдау жүйесінің жалпы ұзындығы – 56 мың шақырымнан асатын газ тарату желісін, 20 мың шақырымнан астам магистралдық газ құбырын және 56 компрессор стансасын қамтиды;
- Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-дан астамы экспортқа шығарылады, одан қалғаны өңдеу үшін ішкі нарыққа бағытталады;
- 2021 жылы Қазақстанның жалпы экспорттық құрылымында мұнай барлық тауарлардың 51.5%-ын, ал газ – 3.8%-ын құрады. 2020 жылы сәйкесінше 50.5% және 5.3% болды;
- 2021 жылдың қорытындысы бойынша бензиннің барлық маркасын өндіру 4.81 млн тоннны құрады (2020 жылмен салыстырғанда + 7.4%): экспорт – 0.1, ішкі тұтыну – 4.71, әуе отыны – 0.59 (+33.1%). Дизель отынын өндіру – 4.99 млн тонна (+6.8%): импорт – 0.3, экспорт – 0.2, ішкі тұтыну – 5.1;
- Қазақстанның республикалық бюджеті мұнайгаз саласы есебінен 30-50%-ға толықтырылады;
- Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанға әкелінген шетелдік инвестицияның жалпы көлемінде мұнай мен газдың алатын орташа үлесі шамамен 33%-ды құрады;
- Қазақстан өзінің энергия тасымалдаушыларын экспортқа шығару бойынша транзиттік елдерге тәуелді;
- Энергия тасымалдаушыларға деген әлемдік сұраныстың қалпына келуі, мұнай мен газ бағасының қымбаттылығы мұнайгаз секторынан түсетін табысты арттыруға мүмкіндік береді.
Қауіп-қатерлер мен тәуекелдер
Қазіргі таңда әлемдік энергетика саласында айқынсыздық сақталуда. Одан басқа, антиресейлік санкциялар мен валюталық ауытқулар да еліміздің экспорттық әлеуетіне кері әсер етеді.
Қазақстанның мұнайгаз саласының негізгі тәуекелдері мыналар:
- Қазақстанның энергия тасымалдаушыларын экспорттаудың транзитті елдерге тәуелділігі;
- Жобалардың қомақты капиталды қажет ететіндігіне және жасыл экономикаға ден қойыла бастауына байланысты инвестициялық ресурстардың тапшылығы;
- сұраныс серпініне қарамастан, ОПЕК+ елдері тарапынан өндіру қуатын арттыру, Иранды ешқандай санкциялық шектеулерсіз мұнай сатушы ел ретінде тарту;
- Ескі кен орындарында мұнай өндірудің өзіндік құнының өсуі және мұнай компанияларын реттеуді қатаңдату;
- Инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы. Мысалы, құбыр желілерінің және Каспий теңізінің қазақстандық секторының өткізу қабілетінің төмендігі;
- Мұнайгаз саласында көміртектік бейтараптыққа өту бойынша тренд;
- ЕО көміртек салығын енгізу. Ол мұнайдан түсетін табыстарды айтарлықтай төмендеуге сеп болады;
- Мұнай мен газды өндіруден түсетін мол табыстың басым бөлігі шетелдік компаниялардан аударылады;
- Ықтимал ғаламдық рецессия энерегия ресурстарына деген сұранысты төмендетуі және өнеркәсіптік өндірістің қысқарына әкеп соғуы мүмкін;
- Мұнай өндіру саласының бәсекеге қабілетті еместігі және мұнай химия саласының әлсіз дамуы.
Келешектер мен трендтер
2021 жылдан бастап, энергия тасымалдаушыларға деген сұраныс ұсыныстан асып түсіп жатыр. ОПЕК+ мүшелерінің шикі мұнайды өндіруді тежеуіне және COVID-19 пандемиясынан кейін экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне байланысты, Brent маркалы мұнай бағасы 2022 жылы рекордтық көрсеткішке дейін өсті.
АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының болжамына сәйкес 2022 жылы мұнай бағасының бір баррелінің орташа бағасы 105 доллар, ал 2023 жылы 95 доллар болады.
Саланың келешегі бойынша мына жайттерді атап өтуге болады:
- Энергия тасымалдаушылардың әлемдік бағасының қалпына келуі және мұнай мен газдың жоғары бағасы. Халықаралық сарапшылардың болжамына сәйкес мұнайға қатысты жоғары бағаның жаңа суперциклін жүзеге асыру;
- Ескі кен орындарының сарқылуы және өндірудің қиындай түсуіне байланысты көмірсутектердің әлемдік қорының шектеулігі;
- Қайта қалпына келетін энергия көздерінің үлесін кеңейтуді баялату;
- Қытай, Үндістан және ЕО (энергетикалық дағдарыс) тарапынан энергия ресурстарына сұраныстың жоғары болуы;
- Еуропа елдері үшін газды алудың және қолданудың геосаяси қиындықтары мұнай және оның өңделген өнімдеріне субститут (алмастырушы тауар) ретінде сұранысты күшейтеді;
- Құрылыс, ауыл шаруашылығы және жалпы қолданыстағы тауарларды өндіру қажеттілігі үшін көбінесе отын-энергетикалық саланы қамти отырып, шикі мұнайға деген сұраныстың құрылымын өзгерту;
- Әр түрлі полимерлердің өзіндік құнын төмендету және өндірісі бойынша технологияларды жақсарту тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді. Бұл мұнай бағасының құбылмалылығын айтарлықтай түсіреді;
- Мұнай-химиялық өнімдерге деген сұраныстың күшеюі. Біздің скорингке сәйкес Қазақстанда мұнай-химия саласының даму бойынша әлеуеті өте жоғары.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Аят Сураганов
Аға талдаушы06 қыркүйек 23
Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?
Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді.
Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?
Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.
Негізгі тұжырымдар:
- Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
- Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
- Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
- Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
- Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
- Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
- Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.
Біржолғы зерттеулер
Өмір сүру деңгейіТұтынушылық белсенділікАлександра Молчановская
24 тамыз 23
Қоғамдық тамақтандыру нарығын талдау
Біздің зерттеу қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығын және Қазақстанның екі ең ірі қалалары – Алматы мен Астананың қоғамдық тамақтандыру нарығын талдауға арналған. Аталмыш жұмыс мейрамханалар мен кафелер, барлар, фаст-фуд мейрамханалар секілді әртүрлі кәсіпорындарды, сондай-ақ тамақ жеткізу қызметін қамтиды.
Қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығы тамақ жеткізу саласын дамыту, тамақ индустриясы саласында технологияларды дамыту және инновациялық тәсілдерді белсенді түрде енгізу қызметтеріне сүйене отырып, өз дамуын жалғастыруда.
Қазақстанның қоғамдық тамақтандыру нарығы қарқынды өсу сатысында енген. Бұл ретте ең танымал сегмент - толық қызмет көрсететін мейрамханалар. Отандық нарықты талдау біздің базамыздағы өзекті деректер негізінде жүргізілді. Ол клиенттердің шығындаған сомасы, жасаған транзакцияларының саны мен жиілігі туралы ақпараттарды қамтиды.
Зерттеу нәтижесінде біз жоғары бәсекелестік салдарынан аталмыш бизнестің өміршеңдік деңгейінің төмен екендігін анықтадық – Қазақстанның ең ірі екі қаласында мейрамханалардың үштен бірі нарықта бір жыл ішінде жабылып қалады.
Қоғамдық тамақтандыру орындарының орташа чегі жыл барысында маусымдылық, мерекелер, экономикалық ахуалдар және т.б. секілді көптеген факторларға байланысты құбылып отырады. Орташа чек және қоғамдық тамақтандыру орындарына келу сондай-ақ келушілердің жасына да байланысты. 35 жастан асқандар мейрамханаларға сирек келетіндіктеріне қарамастан, әл келгенде ақшаны молынан жұмсайды. Ал 35 жасқа дейінгілер мейрамханаларға жиі барады, бірақ олардың орташа чегінің сомасы айтарлықтай төмен.
Зерттеу нәтижелері аталмыш саланың стратегиясын әзірлеуге және жұмыс істеп жатқан немесе жаңа бизнес бойынша шешім қабылдауға пайдалы болуы мүмкін.
Біржолғы зерттеулер
БизнесНаргиза Макенова
09 тамыз 23
Монетарлық шарттар (2023 мамыр)
RMCI серпініне сәйкес 2023 жылдың мамырында монетарлық қатаңдықтық одан әрі күшеюі жалғасуда. Индексті құраушы қозғалыс экономикадағы бағаларға бірбағытты нәтиже береді. Бұл ретте монетарлық шарттардың қатаңдатылуына негізінен бағамдық құраушы ықпал етуде.
RMCI индексінің екі құрамдас бөлігі 2023 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша өзінің тепе-теңдік мәнінен көбірек ауытқи бастады. Нақты пайыздық мөлшерлемелер біртіндеп оң мәндер аймағына өтуде. Бұл ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің 16.75% деңгейінде сақталуы аясында бағалық қысымның әлсіреуі арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. Бірақ соған қарамастан ол халықтың сатып алушылық ынта-ықыласына әлсіз ғана шектеушілік әсер етуде.
Біріншіден, халықтың ақша жинау немесе шығындау бойынша шешімі инфляцияның қандай болатыны туралы болжамға тікелей байланысты. Бұл болжамдар 2023 жылдың мамырының қорытындысы бойынша бағалардың нақты өсу қарқынынан (15.9) да жоғары болды (17). Яғни бұл экономикалық агенттердің инфляцияның одан әрі өсетіндігін іштей, түйсігімен күтетіндігін білдіреді. Ал олардың бұлай ойлауына тұрғын үй-коммуналдық қызмет және ЖЖМ нарығындағы бағалық жағдаят әсер етуде. Ал екіншіден, тұтынушылық несие берудің қолжетімділігі, сондай-ақ белсенді қазыналық басқару құралы тұтынушылық сұранысты артық деңгейде сақтауға итермелейді. Бұл әрине, нарықтық күштерде теңгерімсіздікті қалыптастырады.
Нақты тиімді теңге бағамында оң алшақтықтың кеңеюі оның ішінде жоғары базалық мөлшерлемемен қамтамасыз етіледі және бұл монетарлық шарттар тарапынан бағалардың импорттық құрауыштарына шектеуші ықпалдың күшеюіне әкеп соғады. Осылайша ақша-несие шарттарының негізгі ықпалы көп жағдайда тұтыну инфляцияның сыртқы құрамдауыш бөліктерін бақылауға алумен білінеді. Ал сол кезде ішкі бағалық қысымды шектеуге бағытталған шаралардан нәтиже болмайды. Бұған макроэкономикалық саясаттардың келісілмегендігі және ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмінің пайыздық арнасының әлсіздігі себеп болуда.
Мерзімді зерттеулер
ҚұнсыздануТұтынушылық белсенділікБазалық мөлшерлемеАйжан Әлібекова
07 тамыз 23
Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 6 айы)
Алғашқы жартыжылдықтың деректері бойынша экономика 5%-ға, ал ҚЭИ 5.6%-ға өсті. ҚЭИ мен ЖІӨ арасындағы айырмашылықтың үлкейе түсуі кәсіпқойлық қызметтер, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, сондай-ақ мемлекеттік басқару және қорғаныс салаларындағы экономикалық құлдырау нәтижесінде орын алды. Циклдік салалар әлі де экономиканың басты драйвері болып қалуда. Олар мемлекеттік шығындардың өсуі, тұтынушылар белсенділігінің артуы және инфрақұрылымдарды жаңғырту бойынша жоспарларды орындау аясында қостаңбалы мәнде өсіп жатыр. Біз бұл салаларда жоғары өсу қарқыны одан әрі сақталатындығын күтеміз.
Өнеркәсіптік сектор да экономикаға оң серпін беруде. Айталық, базаның әсері арқасында тау-кен өндіру өнеркәсібі өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда 15.4%-ға өсті. Өткен жылы КҚК мен Қашаған кенішіндегі қиындықтар қараша айына дейін жалғасқанын ескерер болсақ, жыл соңына дейін бұл салалардың жоғары деңгейде дамитындығын күтуге болады.
Осылайша бұған дейін байқалған үрдістер сақталады және экономика ысыну аймағында болуын жалғастырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескерер болсақ, алдағы айда экономиканың жоғары даму қарқынының 4.7-5.0% ауқымында сақталатындығын, ал кейіннен 4.5-4.8%-ға дейін аздап, төмендейтіндігін күтеміз. Бұған сонымен қатар іскерлік белсенділік тарапынан жағдайдың жақсарғандығы, халық тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың артуы, құрылыс саласының күрт дамуы және сыртқы нарықтардағы тұрақты ахуал да оң сипатта әсер ететін болады.
Алайда геосаяси ахуалдардың нашарлауы, сұраныстың жеткіліксіздігіне байланысты мұнай бағасының түсуі және ел ішінде бағалардың өсуі тарапынан келетін қауіп-қатерлер сақталады.
Біздің болжауымыз бойынша 2024 жылдан бастап, экономиканың жыл сайынғы өсімі 3.9-4.2% деңгейінде болады. Мұндай өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі - көмірсутектік сектор болмақ. Өйткені мұнай кеніштері көбейеді, мұнай өңдеу артады, тауар жеткізудің балама жолдары ашылады, сондай-ақ ұлттық даму жоспарын орындау аясында жаңа өндірістер енгізіледі.
Іскерлік белсенділікКлара Сейдахметова
Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз