Тақырып бойынша жарияланымдар
13 қазан 22
Нарықтық транзит: «бэби бумерлер» «цифрлық ұрпаққа» қарсы
Өткен 10 жылдықта тұтыну нарығы «бэби бумерлердің» дүниетанымына бейімделіп келген еді. Ендігі 10 жылдықта нарық әлемді көз алдына смартфонсыз елестете алмайтын «цифрлық ұрпаққа» бейімделетін болады. Соңғы 5 жыл ішінде әрбір қазақстандық азамат тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді орта есеппен 20%-ға көп тұтынатын болды. Ішкі нарық экономикалық және демографиялық факторлардың ықпалына байланысты 24 млрд астам АҚШ долларына өсті.
Сонымен қатар тұтыну нарығында кең көлемді құрылымдық өзгерістер болып жатыр:
- қолма-қол ақша аз қолдыныла бастады. Оның орнын мобильді аударымдар, картамен және түйіспесіз төлемдер басты;
- үйден шықпай-ақ сауда-саттық жасай алатын дәрежеге жеттік, ал егер ақша жетпей жатса, саусақтың ұшын бірнеше рет сүйкеп, несие рәсімдей саламыз;
- мобильді қосымша арқылы сүйікті мейрамханадан тамаққа тапсырыс бере аламыз, такси шақырамыз, үйге қатысты жөндеу жұмыстары бойынша мамандар табамыз;
- онлайн түрінде музыка тыңдаймыз, фильмдер мен бейнеойындар сатып алып, білім алу курстарынан өтеміз және медициналық ақыл-кеңестер аламыз.
2020 жыл – COVID-19 пандемиясы мен әлеуметтік қашықтық – жоғарыда аталған үдерістерге айтарлықтай ықпал етіп, «тұтынуды цифрландыруды» елеулі түрде тездетті.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оларға әр түрлі жас мөлшері бойынша топтардың әрқалай бейімделуі қазақстандықтардың әрбір ұрпағы үшін өзіндік, ыңғайлы тұтыну тәсілін қалыптастыруда. Сонымен қатар ұрпақтар арасындағы алшақтық та ұлғая түсті. Бұл алдағы 5,10,15 жыл ішінде ішкі нарықтың құрылымына елеулі түрде әсер ететін болады.
Бұл зерттеуде біз мына жайттерді қарастырдық:
- «Бэби бумерлер» ұрпағы тұтыну ауқымдылығына қалай ықпал етті?
- Қазақстандықтардың «цифрлық ұрпақтарының» ықпалы артқан сайын тұтыну нарығында не өзгереді?
Біржолғы зерттеулер
ДемографияТұтынушылық белсенділікАлександр Дауранов