Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар Сатып алушылық қабілет

17 сәуір 23

334

Дастархан индексі

Индекс Астана мен Алматы қалалары тұрғындарының жеке инфляциясының деңгейі мен сатып алу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді

Төменде Дастархан индексінің серпініне арналған интерактивті дашбордтар орналастырылған. Оларды Jusan Analytics командасы әзірлеген және есептеп отырады. Қарап шығуға ыңғайлы болуы үшін браузердің десктоптық (компьютерлік) нұсқауын пайдалануға кеңес береміз немесе мобильді нұсқадан «PC-ге арналған нұсқауға» өтіңіз. Қалай теңшеу керектігін мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – оң жақ бұрыштағы үш нүкте.

Графикада Индекстің Астана және Алматы қалалары бойынша даму барысы көрсетілген. Есептеу әдіснамасы «Jusan Analytics командасы Дастархан индексін жаңартты» деп аталатын материалда сипатталған.

* азық-түліктердің салмақтық ара-қатынасын ескергендегі баға

Өнімдердің бағаларын салыстыру, теңге

Өнімдер Орташа баға Ең жоғары баға Ең төмен баға
Астана Алматы Астана Алматы Астана Алматы
Қой еті, кг 3 100 4 699 3 720 7 145 2 790 3 200
Жылқы еті, кг 3 531 4 400 3 999 5 240 3 300 3 960
Сиыр еті, кг 5 015 4 424 5 540 5 375 4 490 2 900
Картоп, кг 171 246 219 450 95 160
Сәбіз, кг 114 221 159 350 89 140
Қызанақ, кг 498 842 689 1 400 365 235
Басты пияз, кг 152 213 342 466 85 100
Қияр, кг 1 356 1 117 3 663 2 400 329 250
Күнбағыс майы, литр 1 152 939 1 680 1 360 665 280
Жұмыртқа 1 санатты, он дана 544 593 874 753 455 440
Жоғары сұрыпты бидай ұны, кг 388 378 986 573 225 203
Пастерленген сүт 3,2-4%, литр 465 527 788 851 270 260
Ашытқы, буда (100 гр.) 785 1 006 1 380 2 000 400 300
Құмшекер, кг 525 507 570 590 480 310
Тары, кг 609 519 1 104 920 260 310
Сары май, тұздалмаған, бума (180 гр.) 887 1 102 1 880 2 047 305 288
Қара байха шайы, бума (200 гр.) 1 707 1 672 3 002 3 960 765 200

Jusan Index


Сатып алушылық қабілетҚұнсыздануJusan Analytics

17 сәуір 23

223

Jusan Analytics командасы Дастархан индексін жаңартты

2022 жылдың мамырында Jusan Analytics командасы Дастархан индексін әзірлеп, іске қосқан болатын. Ондағы мақсат – әрбір қазақстандыққа азық-түлік тауарларының бағасы өзгерген сайын оның табысының сатып алу қабілеті қаншалықты өзгеретіндігін шынайы көрсетіп, түсіндіру еді.

Халықтың сатып алу қабілетін бағалайтын басқа индекстермен салыстырғанда Дастархан индексінің ерекшелігі мынада:

  • Шапшаңдық – тамақ өнімдерінің бағасы бойынша статистика Jusan big-data деректерінен алынады (ірі ретейлердің бөлшек саудалық бағалары). Олар шынайы уақыт режімінде өзгереді. Индекс ай сайын жаңартылып отырады;
  • Өзектілік – біз алматылықтар мен астаналықтардың азық-түлік қоржынына кіретін, ең танымал және сұранысқа ие тамақ өнімдерінің топтамасын қолданамыз;
  • Бірегейлік – халыққа түсінікті болуы үшін, тауарлар топтамасынан әрбір қазақстандық отбасының дастарханында жиі орын алатын тағамдар жасалады. Индекс 1 адамның қажеттілігі тұрғысында есептеледі.

Бұрын халықтың табысын көрсететін деректер ретінде халықтың орташа жалақысы бойынша ресми статистикалық ақпаратты қолданып келдік. Егер оның тоқсан сайын өзгеретіндігін ескерсек, бұл Индекс деректерінің бұрмалануына әкеп соғатыны сөзсіз. Сондықтан қазір біз есептеу әдіснамасын қайта қарап, халықтың табыстары бойынша деректер ретінде Jusan карточкасы арқылы жалақы алатын қазақстандықтардың жалақысының ай сайынғы статистикасын қолдану туралы шешім қабылдадық.

Әдіснама:

  1. Дастархан индексі Алматы мен Астана қалалары бойынша деректер негізінде есептелді.
  2. Тауарлар қоржынына арнайы тамақ өнімдері іріктеліп алынды. Олар қазақстандықтардың сүйікті 5 тағамын жасауға пайдаланылады:
  • Сорпа (бірінші тағам);
  • Етауқат (екінші тағам);
  • Жаңа дайындалған салат;
  • Бауырсак;
  • Жент (десерт);
  • Сүт қосылған шай (сусын).

Азық-түлік қоржыны Дастархан индексінің тағамдарын дайындауға қажетті өнімдердің тізімі мен өзара ара қатынасына қарай анықталады (төмендегіден қараңыз). Өнімдер мен тағамдарды қазақтың авторлық «Tarih» мейрамханасы тексеріп, мақұлдады.

Тағамдардың құрамы мен салмағы кестеде көрсетілген:

Тағам

Өнімдердің салмағы,

кг/л/дана

 

Тағам

Өнімдердің салмағы,

кг/л/дана

Сорпа

 

Бауырсак

Қой еті

0.17

 

Ұн

0.044

Картоп

0.10

 

Сүт

0.025

Сәбіз

0.06

 

Ашытқы

0.001

Қызанақ

0.04

 

Қант

0.01

Пияз

0.04

 

Күнбағыс майы

0.02

Етауқат

 

Жент

Жұмыртқа

0.02

 

Тары

0.08

Ұн

0.15

 

Қант

0.03

Басты пияз

0.04

 

Сары май

0.03

Картоп

0.10

 

Шай

Қой еті

0.07

 

Қара шай

0.01

Жылқы еті

0.07

 

Сүт

0.03

Сиыр еті

0.07

     

Жаңа дайындалған салат

     

Қияр

0.03

     

Қызанақ

0.10

     

Күнбағыс майы

0.01

     

Одан әрі қарай Jusan Analytics азық-түлік себетінің бағасын шығару үшін есептеулер жүргізеді:

  • Тағам құрамындағы өнімдер саны = Ингредиент * өнімнің салмағы
  • Тағам құрамындағы өнімнің бағасы = Тағам құрамындағы өнімнің саны * баға
  • Тағамның бағасы = тағамның құрамына кіретін өнімдердің бағасы
  • Дастархан индексіне енетін тағамдар топтамасының бағасы = 5 тағамның бағаларының сомасы

Азық-түлік қоржынының бағасы бойынша сандық деректерді ала отырып, мына формула бойынша Дастархан индексіне өтеміз:

Дастархан индексі =

Орташа жалақы

Тағамдар топтамасының бағасы

Jusan Index


Сатып алушылық қабілетАйжан Әлібекова