2024 жылы бизнесті дамытуға субсидия алу тәртібі
Бөлінген ақшаны басқа мұқтаждарға жұмсауға болмайды
Алтынай Шәрімова
Jusan Bank мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс істеу басқармасының басшысы
Мақаланың мазмұны
Кәсіп ашу, құрал-жабдық сатып алу, цех кеңейту және басқа да шығындар кез келген компанияға қаржы тұрғысынан ауыр тиеді. Кәсіпкерлердің жағдайларын жеңілдету үшін мемлекетіміз бизнесті субсидиялау және оған кепілдік беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Субсидия деген не және бизнесті дамытуға арналған субсидияларды қалай алуға болатыны туралы осы мақалада айтып береміз.
Субсидия туралы түсінік
Субсидия — бұл мемлекет бюджетінен немесе қор қаражатынан бөлінетін қайтарылмайтын қаржылай көмек. Ол тек белгілі мақсаттарға беріліп, субсидия алушы шығынының бір бөлігін өтейді. Ал кәсіпкер өз тарапынан қарсы міндеттемелерді, яғни белгілі бір мерзім ішінде бағдарлама шарттарын орындайды, болмаса төленген субсидияларды қайтаруға тиіс болады.
Бөлінген қаражаттың мақсатқа сай жұмсалғанын төлем құжаттары көмегімен растауға болады, оған шот-фактуралар, чектер, жүкқұжаттар, орындалған жұмыс немесе қызметтер актісі, т.с.с. жатады. Оған қоса, сатып алынған активті тек мемлекеттік бағдарламада белгіленген қызмет шеңберінде ғана пайдалануға болады. Мәселен, егер сіз наубайхана ашу үшін жылжымайтын мүлік сатып алсаңыз, оны жалға бермей немесе басқа мақсатта жаратпай, тек наубайхана үшін пайдалануыңыз қажет, ал егер өнім шығаруға шикізат сатып алсаңыз, оны ешқайда сатпай, тек өндірісте қолдануыңыз қажет. Яғни, сатып алынған заттар субсидиялау бағдарламасының ЭҚЖЖ-на қайшы болмауға тиіс.
Кредит мөлшерлемесін субсидиялау
«Даму» қорының Бірыңғай кешенді бағдарламасы арқылы берілетін субсидиялар кәсіпкерлер кредиттері мөлшерлемелерінің бір бөлігін өтейді. Ол былай істейді: мысалы, сіз бизнеске кредит алып, оны субсидиялағыңыз келеді дейік. Банк кредит беру туралы шешім қабылдағаннан кейін, «Даму» қорына Қосылу келісімшартын жасасу туралы сіздің қолыңыз қойылған өтініш пен кредиттің төлем кестесін жібереді, содан кейін қор банкке сол кестеге сәйкес субсидия жібереді.
Субсидиялар кредит мөлшерлемесінің бір бөлігін өтейді: мысалы, егер банк мөлшерлемесі 20,25% болса, кәсіпкер оның тек 7% төлейді де, қалғанын мемлекет субсидиялайды.
Бұл бағдарлама арқылы тек сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға ғана емес, кредитке кепілдік алуға да болады.
Субсидия мақсаты
Субсидиялар инвестициялауға және айналым қаражатын толықтыруға бөлінеді.
- Инвестицияға компанияны кеңейту, модернизациялау, сондай-ақ, негізгі құрал, жылжымайтын мүлік пен құрал-жабдық сатып алу және еңбек етуге қолайлы шарттар жұмсалатын ақша жатады;
- Айналым қаражатын толықтыру — бұл тауар сатып алу, жеткізушілермен есептесу, еңбекақы төлеу, үй-жай жалдау, салық төлеу, т.б. мақсатта жұмсалатын ақша.
Субсидиялау бағыттары
- Микро және шағын кәсіпкерлік.
- Шағын және орта кәсіпкерлік.
- Шағын, орташа және ірі кәсіпкерлік.
- Моно- және шағын қалалардағы, ауылды елді мекендердегі кәсіпкерлік.
- Әлеуметтік кәсіпкерлік.
- Қор биржасы (KASE, АХҚО).
Микро және шағын кәсіпкерлік
ЭҚЖЖ
- Саудадан (азық-түлік сатуға рұқсат етіледі), жылжымайтын мүлік пен жеңіл көлікке байланысты қызметтерден, такси қызметтерінен басқа барлық қызмет түрлері
- МҚҰ микрокредиттері бойынша — экономикалық қызметтің басым түрлері тізбесіне сәйкес қызметтер
Кредит мөлшері
- Инвестициялар — 20 млн теңгеге дейін
- Айналым қаражатын толықтыру — 5 млн теңгеге дейін
Сыйақы мөлшерлемесі және субсидия мөлшері
Ұлттық Банктің базалы мөлшерлемесі + 7%, оның ішінде:
- 8% қалада тұратын кәсіпкер төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды
- 7% моно- жән шағын қалаларда, ауылдарда тұратын кәсіпкер төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды
- Микрокредиттер бойынша — 28% дейін, оның 50% субсидияланады
Субсидиялау мерзімі
- Инвестициялар — үш жылға дейін
- Айналым қаражатын толықтыру — екі жылға дейін
Қарсы міндеттемелер
Егер кредит инвестициялауға берілген болса — банк шешім қабылдаған күннен екі жыл өткенде қызметкер штаты кемінде бір адамға кеңеюі керек.
Шағын және орта кәсіпкерлік
ЭҚЖЖ
Экономикалық қызметтің басым түрлері
Кредит мөлшері
- Инвестициялар — 3 млрд теңгеге дейін
- Айналым қаражатын толықтыру — 500 млн теңгеге дейін
Сыйақы мөлшерлемесі және субсидия мөлшері
Ұлттық Банктің базалы мөлшерлемесі + 5%, оның ішінде:
- Қайта өңдеу және өңдеу кәсіпорны: кәсіпкер бірінші үш жыл бойы 8%, төртінші жылы — 9%, бесінші жылы — 10% төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды
- Қызмет көрсету салалары: 9% кәсіпкер төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды
Субсидиялау мерзімі
- Инвестициялар: өңдеу өнерәсібі — бес жылға дейін, басқа салалар — үш жылға дейін
- Айналым қаражатын толықтыру — үш жылға дейін
Қарсы міндеттемелер
- Егер кредит инвестициялауға берілген болса, онда «Даму» қорының субсидиялау туралы шешімі қабылданған күнінен екі жыл өткеннен кейін төлеп жүрген салық мөлшерін (ЖТС немесе КТС), еңбекақы қорын немесе жұмыс орындарының санын 10%-ға өсіріп, берілген кредитті «Даму» қорының шешімі күнінен бастап екі жыл ішінде мақсатына сай жұмсау қажет
- Кредит мөлшері 500 млн теңгеден артық болса, субсидиялау мерзімі бойы дивиденд төлеуге тыйым салынады
- Сауда саласында объектілер салу және кеңейту жобаларына бөлек талаптар арналады
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік
ЭҚЖЖ
Экономикалық қызметтің басым түрлері
Кредит мөлшері
- Инвестициялар — 15 млрд теңгеге дейін
- Айналым қаражатын толықтыру — 5 млрд теңгеге дейін
Сыйақы мөлшерлемесі және субсидия мөлшері
Ұлттық Банктің базалы мөлшерлемесі + 5%, оның ішінде:
- Өңдеуші өнеркәсіп: кәсіпкер бірінші үш жыл бойы 8%, төртінші жылы — 9%, бесінші жылы — 10% төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды
- Қызмет көрсету салалары: 9% кәсіпкер төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды
Субсидиялау мерзімі
- Инвестициялар: өңдеуші өнеркәсіп — бес жылға дейін, басқа салалар — үш жылға дейін
- Айналым қаражатын толықтыру — үш жылға дейін
- Басым салаларды инвестициялау — жеті жылға дейін
Қарсы міндеттемелер
Субсидия алғанға дейін:
- Өтініш берер алдындағы соңғы екі жылда салық төлемдерінің мөлшерін, еңбекақы қорын немесе табыс мөлшерін өсіру (бұл талап үш жыл бұрын тіркелген кәсіпкерлерге қатысты)
- Кредит мөлшері 10 млрд теңгеден артық болса, онда тек жоба табысының ішкі норма көрсеткіші (IRR) 12%-дан аспайтын кредиттер ғана субсидияланады, ал субсидиялау мерзімі өтелім мерзімі мен бағдарламада орнатылған мерзімнен аспауға тиіс
Субсидия алғаннан кейін:
- Егер кредит инвестициялауға берілген болса, онда «Даму» қорының субсидиялау туралы шешімі қабылданған күнінен екі жыл өткеннен кейін төлеп жүрген салық мөлшерін (ЖТС немесе КТС), еңбекақы қорын немесе жұмыс орындарының санын 10%-ға өсіріп, берілген кредитті «Даму» қорының шешімі қабылданған күнінен бастап екі жыл ішінде мақсатына сай жұмсау қажет
- Егер шағын бизнес 3 млрд теңгеден астам кредит алса, үш жылдан кейін орта бизнеске ауысуға тиіс
- Егер кредит мөлшері 500 млн теңгеден астам болса және жоба экономикалық қызметтің басым түрлеріне жатса, субсидиялау мерзімі бойы дивиденд төлеуге тыйым салынады
Моно- және шағын қалалар, ауылды елді мекендер
ЭҚЖЖ
Саудадан (азық-түлік сатуға рұқсат етіледі), жылжымайтын мүлік пен жеңіл көлікке байланысты қызметтерден, такси қызметтерінен басқа барлық қызмет түрлері
Кредит мөлшері
- Инвестициялар — 1,5 млрд теңгеге дейін
- Айналым қаражатын толықтыру — 500 млн теңгеге дейін
- Сауда саласында айналым қаражатын толықтыру — 100 млн теңгеге дейін
Сыйақы мөлшерлемесі және субсидия мөлшері
Ұлттық Банктің базалы мөлшерлемесі + 5%, оның ішінде:
- Өңдеуші өнеркәсіп — 7% кәсікер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды
- Қызмет көрсету салалары және басқа қызмет түрлері — 10% кәсіпкер төлейді, айырмасын мемлекет субсидиялайды
Субсидиялау мерзімі
- Инвестициялар – бес жылға дейін
- Айналым қаражатын толықтыру – үш жылға дейін
Қарсы міндеттемелер
- Егер кредит инвестициялауға берілген болса, онда «Даму» қорының субсидиялау туралы шешімі қабылданған күнінен екі жыл өткеннен кейін төлеп жүрген салық мөлшерін (ЖТС немесе КТС), еңбекақы қорын немесе жұмыс орындарының санын 10%-ға өсіріп, кредитті «Даму» қорының шешімі қабылданған күнінен бастап екі жыл ішінде мақсатына сай жұмсау қажет
- Кредит мөлшері 500 млн теңгеден артық болса, субсидиялау мерзімі бойы дивиденд төлеуге тыйым салынады
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері
ЭҚЖЖ
Саудадан (азық-түлік сатуға рұқсат етіледі), жылжымайтын мүлік пен жеңіл көлікке байланысты қызметтерден, такси қызметтерінен басқа барлық қызмет түрлері
Кредит мөлшері
- Инвестициялар — 1,5 млрд теңгеге дейін
- Пополнение оборотных средств — до 500 млн тенге
Сыйақы мөлшерлемесі және субсидия мөлшері
Ұлттық Банктің базалы мөлшерлемесі + 5%, оның 7% кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды
Субсидиялау мерзімі
- Инвестициялар – бес жылға дейін
- Айналым қаражатын толықтыру – үш жылға дейін
Қарсы міндеттемелер
- Егер кредит инвестициялауға берілген болса, оны «Даму» қорының шешімі қабылданған күнінен бастап екі жыл ішінде мақсатына сай жұмсау қажет
- Кредит мөлшері 500 млн теңгеден артық болса, субсидиялау мерзімі бойы дивиденд төлеуге тыйым салынады
Субсидия алуға өтініш беру
Алдымен қолайлы субсидиялау бағдарламасын таңдап, барлық қажет құжаттарды жинап, банкке хабарласу керек.
Қажет құжаттардың қатарында мыналар бар:
- жоба төлқұжаты,
- жоба бизнес-жоспары,
- жобаны жүзеге асыру жоспар-кестесі.
Құжаттардың толық тізімін банктен немесе «Даму» қорынан алуға болады.
Мамандар төлеу қабілетіңізді және қаржыландыру қажеттігін, сондай-ақ, кепіл мүлігін тексеріп, стандартты рәсімдерді өткізеді.
Онлайн өтініш беру
«Даму» қорының сайтында қолайлы бағдарлама таңдауға, өтінішті онлайн беруге және келісімшарттарға қол қою күйін бақылап отыруға болады.
Өтініш беру тәртібі:
- «Даму» платформасында тіркеліңіз.
- Бизнесіңіздің ерекшеліктеріне сәйкес бағдарлама іріктеуішін қолданыңыз.
- «Қызметті алу» батырмасын басыңыз.
- Электронды үлгіні толтырыңыз — өрістердің көбі автоматты түрде мемлекеттік дерек базаларынан толтырылады.
- Кредит мәліметтерін енгізіңіз.
- Өтінішке басшының ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.
- Өтініш күйін жеке кабинеттегі «Өтініштер» бөлімінде тексеріп отырыңыз.
Есте сақтайтын жайттар
Бүгінгі күні бизнесті дамытуға арналған субсидияларды оңай, тез әрі артық бюрократиямен айналыспай-ақ алуға болады. Бастысы, кредитті тек бағдарламада белгіленген мақсатқа ғана жұмсап, төлемдерді компанияның ағымдағы шотынан контрагент шотына аударып отырсаңыз болды. Ал қаражатты басқа бірдеңеге жарататын болсаңыз, төленген субсидияларды «Даму» қорына қайтаруға тура келеді.