Бизнес туралы мақалалар

Фермерлерге ауыл шаруашылығына жеңілдікті несие алу тәртібі

Бағдарламалар түрлері, алу шарттары және мерзімі

Фермерлерге ауыл шаруашылығына жеңілдікті несие алу тәртібі

Мақаланың мазмұны

Жеңілдікті несиелер фермерлерге өз бизнесін құру және дамытуға көмектеседі. Қазақстанда фермерлерге несие беру қызметін Аграрлық несие корпорациясы (АНК) көрсетеді. Бұл ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттары бойынша жеңілдікті несие беретін ірі қаржы ұйымы.

Басым бағыттары

Ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттары қазақстандықтардың тұтынушылық кәрзеңкесінен қалыптасады. Бұл алты негізгі өнім тобы — ет, нан және жарма, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, қант және кондитер өнімдері.

Осы өнімдерді өндіруді қамтамасыз ету және олардың бағасын төмендету үшін мемлекет сүт–тауарлы фермалар мен көкөніс қоймаларын салу, мал шаруашылығын, суаруды дамыту, астық, ет, жеміс–көкөніс өнімдерін өңдеу жобаларын қолдайды.

Бүгінгі күні шаруалар несиелендіру бойынша төрт жеңілдетілген бағдарламасы бар, олардың әрқайсысының өз мақсаты бар. Бағдарламалардың әрқайсысын қарастырайық.

Агробизнес

Бұл мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы мен өңдеу кәсіпорындарына негізгі құралдар сатып алуға (оның ішінде объектілерді жаңғыртуға), құрылыс-монтаждау жұмыстары мен реконструкциялауға, айналым қаражатын толықтыруға несие беретін әмбебап бағдарлама. Сыйақы мөлшерлемесі тартылған қаражатқа байланысты — бұл Ұлттық қор, бюджеттік, меншікті және тартылған қаражат болуы мүмкін.

Кредит мақсаты

  • негізгі құралдар сатып алу,
  • құрылыс–монтаждау жұмыстары,
  • айналым қаражатын толықтыру,
  • инвестициялық жобалар.

Сыйақы мөлшерлемесі

Өз және тартылған қаражаттан:

  • жылдық 22% — тікелей несиелеу, жылдық 6% — субсидиялаған кезде;
  • жылдық 18% — несие серіктестіктері, микроқаржы ұйымдары, лизинг компаниялар, екінші деңгейлі банктер, аймақтық инвестициялы орталықтар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан — жылдық 6%.

Республикалық бюджеттен:

  • жылдық 6% — тікелей несиелеу;
  • жылдық 3% — несие серіктестіктері;
  • жылдық 2% — екінші деңгейлі банктер.

Кепіл

Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік

Кредит мөлшері

Ең төмен берілетін сома — 1 миллион теңге.

Ең жоғары берілетін сома:

  • инвестицияларға — 7 млрд теңгеге дейін;
  • инвестициялық болып табылмайтын жобалар — бір қарызгерге 5 млрд теңгеге дейін, қарызгер тобына 10 млрд теңгеге дейін;
  • кредит серіктестіктерге — 10 млрд теңгеге дейін.

Кредит мерзімі

  • инвестициялар — 120 айға дейін;
  • айналым қаражатын толықтыру — 48 ай.

Кең дала

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға арналған бағдарлама.

Кредит мақсаты

Кредит көктемгі  егіс және егін жинау жұмыстарына айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі.

Сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық мөлшерлеме — 5%

Кредит мөлшері

1 миллион теңгеден 10 миллиард теңгеге дейін

Кредит мерзімі

Қаржыландыру жылынан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін

Іскер

Әр түрлі бизнес түрлеріне арналған шағын несие бағдарламасы. Қаржыландыру өз ісін ашу немесе кеңейту жоспарлап отырған, оның ішінде ауылшаруашылыққа жатпайтын, мысалы, дүкен ашуды жоспарлаған кәсіпкерлер ала алады. Ауылда немесе шағын қалаларда тұратын кәсіпкерлерге беріледі.

Кредит мақсаты

  • негізгі құралдар сатып алу,
  • айналым қаражатын толықтыру.

Сыйақы мөлшерлемесі

Мөлшерлеме — жылдық 6%, күнкөрісі төмен немесе көп балалы отбасы мүшелеріне — жылдық 4%

Кепіл

Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік

Кредит мөлшері

8 000 АЕК-ке дейін (2024 жылы 29 536 000 теңге)

Кредит мерзімі

  • барлық жобалар бойынша — 60 айға дейін;
  • мал шаруашылығы жобалары бойынша — 84 айға дейін.

Жастарға арналған шағын несие

21 мен 35 жас аралығындағы кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы. Өтінім берген кезде ЖК тіркеу мерзімі бес жылдан аспау керек.

Сыйақы мөлшерлемесі

Жылдық мөлшерлеме — 2,5%

Кепіл

Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік

Кредит мөлшері

5 миллион теңгеге дейін

Кредит мерзімі

  • мал шаруашылығын дамыту үшін — жеті жылға дейін;
  • бизнестің басқа бағыттары — бес жылға дейін.

Жеңілдетілген несие алу

Несие алу үшін барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан корпорацияның филиалына хабарласу керек. Өзімен бірге барлық қажет құжаттар болуы керек, әр бағдарламаның өз тізімі бар. Қажет құжаттардың қатарында мыналар бар:

  • қарыз алушының мәртебесін растайтын құжат;
  • жер учаскесін жалға (немесе сатып алу-сату) келісімшарты, жеке меншік немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына акт;
  • жоба бизнес-жоспары немесе жобаның техникалы–экономикалық негіздеме;
  • соңғы есепті жылға арналған салық декларациясы.

Мамандар барлық құжаттар, кепіл мүлікті тексереді де, басқа да стандартты процедураларды орындайды. Филиалдардың мекенжайлары мен телефондарын мына сілтемеден көруге болады.

6 млн теңгеге дейін несиеге онлайн өтінім беру

«Іскер» және «Жастар үшін шағын несие» бағдарламалары бойынша несие сомасы 6 миллион теңгеден аспаса, онлайн өтінім беруге болады.

өтінім беру тәртібі:

  1. ЭЦҚ арқылы сайтта тіркелу.
  2. Телефон нөмірің, электронды поштаңы, ЖСН/БСН-ді және сұраған басқа ақпарат енгізу.
  3. Порталға кіріп, «Өнім» бөлімінде несиелі өнімдердің бірін таңдау керек: «Өсімдік шаруашылығын дамыту» немесе «Мал шаруашылығын дамыту». Содан кейін «өтінім жіберу» батырмасын басу.
  4. Өтініш пен Келісімді оқып, растау кодын енгізіп, кепіл мүлікті таңдау керек.
  5. Несие деректерін толтыру: мысалы, мал шаруашылығында қара мал, қой-ешкі, жылқы, түйе өсіру сияқты несиенің мақсатын, сатып алған малдың жасы мен санын, бір мал басының бағасын жазу керек.
  6. Несие сомасын қалыптастырғаннан кейін мерзімін, негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңін және өтеу тәртібін таңдау керек. Жүйе өтінімді алдын ала мақұлдау немесе бас тарту үшін қаржы талдау жүргізеді. Мақұлданғаннан кейін несиені алу үшін AНК филиалына хабарласу керек.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өсімдік және мал шаруашылығын дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындарын салу, реконструкциялау немесе жаңғырту сияқты әр түрлі мөлшерлемелер бойынша жеңілдетілген несиелер ала алады. Кепіл болуы мен ауылда қызмет жасау фермерлер үшін міндетті шарттар болып табылады.