Бизнес туралы мақалалар

Штаттағы және аутсорстағы бухгалтер: қайсысын таңдаған дұрыс

Бухгалтер қызметінде үнемдеу

Штаттағы және аутсорстағы бухгалтер: қайсысын таңдаған дұрыс

Мақаланың мазмұны

Әр кәсіпкер бухгалтер есебін жүргізу амалын өзі шешеді — ол оны өзі жүргізеді, немесе штатқа қызметкер алады, немесе аутсорс қызметіне жүгінеді. Қызметкермен әрекеттесудің қолайлы түрін жұмыс көлеміне және компанияның мақсаттарына байланысты таңдауға болады. Осы мақалада әр нұсқаның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырайық.

Бухгалтер есебін өз бетіңізбен жүргізу

Егер ЖК-ның айналымы шағын болса, онда кәсіпкер бухгалтер есебін өзі-ақ жүргізе алады. Мысалы, оңайлатылған режимде жұмыс істейтін немесе штатында 30 адамға дейін қызметкерлері бар кәсіпкерге бухгалтер есебін жүргізу қиын емес — ол тек декларация тапсырып, әр жарты жыл сайын салық төлеуі керек.

Бухгалтер есебін жүргізуді өзіңіз үшін жеңілдетудің екі жолы бар:

  1. Бухгалтер сервистерін қолдану. Мұндай сервистер бухгалтер есебін жүргізуді біле қоймайтындарға арнайы жасалған. Олар салық есептерінің барлық түрлерін бастапқы есеп жүргізу құжаттары негізінде толтыруға көмектеседі — төлем шоттарын жібереді, салық есептерін тапсырады, жалақыларды есептейді. Оңайлатылған ЖК-лерге қызмет көрсету құны айына шамамен 5 мың теңге құрайды.
  2. Банктер ұсынатын онлайн бухгалтерияны пайдалану. Jusan Business өз клиенттеріне салықтарды есептейтін және 910.00 нысанын тікелей қосымшада дайындауға, кадр есебін жүргізуге көмектесіп, салық төлеу мерзімдері туралы еске салып отыратын тегін қызмет ұсынады. Кәсіпкерге қызметке қосылып, өз туралы деректерді енгізу жеткілікті, қалғанын банк өзі жасайды. Jusan Business-тың онлайн бухгалтерия қызметі клиенттердің уақыты мен ақшасын сақтайды.

Штаттағы қызметкер

Штаттағы бухгалтер жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде жұмыс істейтін компанияларға керек болады.

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін штаттағы бухгалтер үнемі жұмыс орнында отырады да, кез келген сұраққа жауап бере алады. Ол кәсіпкердің жұмысына толық көңіл бөледі де, жалақы есептеу, салық төлеу және құжаттама жүргізумен айналысады. Егер компанияның ақша айналымы үлкен болса, онда бір емес, бірнеше бухгалтер қажет.

Штаттағы бухгалтердің жалақысы жұмыс көлеміне қарай 100-200 мың теңгеден басталады.

Қашықтан жұмыс істейтін бухгалтер

Егер штаттағы бухгалтер тым қымбат тұрса, онда жұмысқа келіп тұратын, яғни қашықтағы қызметкермен жұмыс істеуге болады. Оның қызметтері арзанырақ болады, өйткені ол офисте үнемі отырмайды, жалпы оған жұмыс орнын бөлу қажет емес. Бухгалтер қызметінің бұл түрі күрделі бухгалтер есебін жүргузіді қажет етпейтін кәсіпорындарға қолайлы.

Қашықтағы бухгалтер шағын компаниялармен жұмыс істегенде құжаттарды электронды түрде дайындап жібереді, ал компания басшысы оларды өзі түгендеп, сақтайтын болады. Егер компанияда функционалды міндет көп болса, онда бухгалтер тек есеп беру үшін ғана емес, құжат айналымын бақылау мен түгендеу үшін де келіп отыру керек.

Мұндай бухгалтердің қызметі айына оңайлатылған ЖК-ге 15 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін, ал жалпы белгіленген режимінде отырған кәсіпкерлерге 50 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін түседі.

Бухгалтер аутсорсингі

Кәсіпкер толық штаты бар аутсорсинг компаниясымен келісім жасасып, қызметкерлерге кететін шығынды азайта алады. Бухгалтерия жүргізуді аутсорсингке беру тәсілі айналымы жылына 200 миллион теңгеден аспайтын және штаты 50 адамға жетпейтін шағын және орта бизнеске қолайлы. Компания бұл жағдайда қызметкердің өзін емес, оның көрсететін қызметін сатып алады, және ақшаны тек орындалған жұмыс үшін, мысалы, бухгалтер есебін жүргізгені немесе салық тексерісіне дайындалғаны үшін төлейді. Қызмет көрсету келісімшартына кірмейтін барлық жұмыс міндеттері қосымша төленуге тиіс.

Кәсіпкер бухгалтерге түгел бастапқы құжаттарды өзі береді — бұл туралы алдын-ала келіспесеңіз, аутсорсинг компаниясы сізбен байланысып тұруға міндетті емес.

Аутсорсинг компаниясын таңдағанда оның нарықта қанша жұмыс істеп жүргенін және штатта қанша қызметкері бар екенін анықтау керек. Таңдаған компаниямен жұмыс істеудің негізгі нюанстарын: есеп қалай және қандай бағдарламада жүргізілетін болады, процестерді кім бақылайтын болады, есептерді кім жіберіп тұрады деген сияқты сұрақтарды біліп алу маңызды. Осының барлығын нақтылап сұрауға ұялудың қажеті жоқ, өйткені кәсіпкер өз компаниясының бухгалтер есебін жүргізуді бөтен адамдарға сеніп тапсырады.

Аутсорсинг компаниясымен келісімшарт нақты бір мерзімге жасалады, ол мерзім өткеннен кейін шарт не бұзылады, не оның мерзімі ұзартылады. Шартта бухгалтердің міндеттеріне байланысты барлық тармақтар жазылу керек. Мысалы, есепті уақытылы жүргізу, салық және бухгалтер есептерін дайындау, есептерді салық органына жіберу, өзі жіберген қателер үшін айыппұл төлеу, құпия ақпаратты сақтау, кәсіпкерге бухгалтер есебіне жүргізуге қатысты заңнамадағы барлық өзгерістер бойынша кеңес беру.

Аутсорсинг компаниясы қызметінің бағасы жұмыс көлеміне байланысты болады және айына 10 мың теңгеден басталады.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде жұмыс істейтін бухгалтер

Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша бухгалтермен жұмыс істеуге заңды түрде тыйым салынбайды, бірақ ол компания үшін ыңғайсыз болуы мүмкін. Бухгалтер есебін жүргізгенде салық заңнамасын немесе басқа да заңдарды бұзғаны үшін тек штаттағы маман жауапкершілікке тартылатын болады. Оған қоса, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша қызмет көрсететін маман ешқандай материалды жауапкершілік алмайды. Сондықтан да кәсіпкер бухгалтер лауазымын штатты кестеге енгізіп, лайықты кандидатпен қашықтан жұмыс істеуді қарастыратын еңбек шартын жасағаны дұрыс.

Бухгалтер таңдағанда ескеретін шарттар

  1. Бухгалтермен оның барлық функционалдық міндеттер мен еңбек жағдайлары жазылған еңбек шартынан басқа, материалды жауапкершілік туралы келісім жасау қажет. Егер бухгалтер компанияға қандай да бір зиян келтірсе, мысалы, бухгалтер базасын әдейі бұзса, немесе толық есептердің орнына «нөлдік» есеп тапсырып қойса, жауапкершілік тарту керек. Ресми құжат кәсіпкерді кез келген қиындықтардан қорғай алады.
  2. Келісімшартта компанияға айыппұл салынатын жағдайдағы бухгалтердің жауапкершілігін бекіту керек. Бухгалтер салық төлеуші кабинетіндегі хабарламаларға уақтылы жауап беруі керек, әйтпесе салық органдары шоттарды бұғаттап, айыппұл салады. Егер бухгалтер қателесіп, жұмыстан шығып кетсе, онда салық айыппұлдары кәсіпкердің мойнына ілінеді.
  3. Бухгалтердің бұрынғы орындардағы жұмыс тәжірибесін біліп алу керек. Қызметкер жұмыс орнын жиі ауыстырмағаны дұрыс, әсіресе жыл ортасында есеп беру кезеңінде жұмысын аяқтағаны жөн. Бухгалтер бір жерде кемінде бір жыл жұмыс істесе, ол жақсы көрсеткіш болып саналады.

 

Әр компания бухгалтер есебін жүргізудің ыңғайлы түрін даму жағдайына сәйкес таңдайды. Ірі кәсіпорындарда штаттағы бухгалтер болғаны дұрыс, орта және шағын бизнес штат қызметкерімен немесе аутсорсинг компаниясымен жұмыс істей алады. Оңайлатылған ЖК-лерге артық шығындалудың қажеті жоқ — олар онлайн сервистерді пайдалана отырып, бухгалтер есебін өздері-ақ жүргізе алады.