Voice Assistant
en
Қазақша
Русский
English

Filter by date

  • 11 October
  • 24 hours
  • A week
  • A month
  • A year
  • All the time

Категорий новостей

Select a category

Категорий новостей

Filter by date

All the time

«Jusan мүмкіндіктер аллеясы»: Банктің туған күніне орай қызметкерлері 350 ағаш екті


Jusan Bank өзінің төрт жылдығына орай Қазақстан қалаларында  ағаш отырғызып, ерекше экологиялық акция өткізді. Соның арқасында әрбір облыс орталығында «Jusan мүмкіндіктер аллеясы» пайда болды. Жыл сайын бұл аллеяға жаңа көшеттер отырғызылады.

Алматыда «Jusan мүмкіндіктер аллеясы» Алатау ауданындағы «Саялы» шағын ауданындағы Қарағайлы орманда орын тепті. Бұл жолы мұнда 100 түп қарағай отырғызды. Экологиялық бастамалардың маңызы туралы Jusan Bank Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов айтты:

«Туған күнді әртүрлі жолмен атап өтуге болады. Біздің ұжым мерекені тойлау басқаларына пайда әкелсін деген ниетпен жыл сайын ағыш егуді ұйғарды. Қоршаған ортаға қамқор болу – әрбіріміздің жеке міндетіміз. 
Біздің бұл ісіміз тұрақты даму жолындағы ілгері қадам болатынына сенімдімін».

Банктің экологиялық шаралары жыл сайын ағаш отырғызумен шектеліп қалмайды. Jusan ESG халықаралық қағидаттарын сақтай отырып, тұрақты даму стратегиясын жүзеге асырады: энергия үнемдеу бойынша жобаларды жүзеге асырып, қалдықтарды сұрыптайды әрі қайта өңдейді, қызметкерлерге саналы тұтыну дағдыларын үйретеді, барлық процестерді цифрландыру арқылы қағаз айналымын азайтуда. Сонымен қатар биыл банктің туған күніне орай қызметкерлер «Juz Jurek» еріктілер қозғалысын құру туралы бастама көтерді.

Debit card with bonuses on Yandex.Eda

Find out more