Voice Assistant
en
Қазақша
Русский
English

Filter by date

  • 19 December
  • 24 hours
  • A week
  • A month
  • A year
  • All the time

Категорий новостей

Select a category

Категорий новостей

Filter by date

All the time

Jusan Bank жас қазақстандықтарға лайықты білім алуға жәрдемдесуде


Jusan Bank беделді қазақстандық жоғарғы оқу орны – Назарбаев Университетіне ұжымдық экскурсия ұйымдастырды. Бірегей мүмкіндік банк қызметкерлерінің балаларына бұйырды. Олар университет атмосферасымен, инфрақұрылымымен, оқу бағдарламаларымен және кампустағы әлеуметтік өмірімен таныса алды. Балалар барлық оқу корпустарын, дәрісханаларды, зертханаларды аралап, НУ университетінің ерекше ортасын сезіне алды.

«Әрине, экскурсия барлығымыз үшін пайдалы болды. Мен анаммен бірге келдім, кеңес алып, толғандырған барлық сұрақтардың жауабын білдік. Осында оқитын және жұмыс істейтін адамдармен жеке сөйлесе алдым - бұл дұрыс шешім қабылдауға көп көмектеседі. Осы шараға қатысу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын және ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», - деп бөлісті болашақ студент Малика.

Jusan Bank білім әрбір қазақстандықтың, жалпы мемлекеттің әл-ауқатының өсуінде шешуші рөл атқаратынына сенімді. Себебі сапалы білім – әлемнің жетекші экономикаларының табысының негізі.

«Білім мен дағдылар ерекше маңызды болып саналатын әлемде балалардың білім алуына күшті әрі жан-жақты қолдау қажет. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз өскелең ұрпаққа көңіл бөлуіміз керек. Бақытымызға орай, Jusan Bank командасының осындай іс-шараларды ұйымдастыруға және балаларға сапалы, бәсекеге қабілетті білім алу үшін жағдай жасауға мүмкіндігі бар. Экскурсия балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін де пайдалы болды. Бұған көзіміз жетіп отыр, сондықтан мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді ұйғардық», - деп бөлісті Jusan Bank өкілі Наталья Цыбулина. 

Debit card with bonuses on Yandex.Eda

Find out more