Voice Assistant
jusan_logo
en
Қазақша
Русский
English
location
Search in Jusan
News18.05.2023

Jusan Bank қалай кешіктірілген қарыздарын азайтып, портфель сапасын арттыра алды

Биыл 1 сәуірде ҚР ЕДБ-де 30 күннен астам кешіктірілген несиелер 1,1 трлн теңге болды, бұл бір ай бұрынғыдан 7,4% артық. 90 күннен астам ұзақ кешіктірілген «нашар» несиелер (NPL 90+) бір айда 2,5% өсіп, 847,4 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте ҚР ЕДБ несие портфелі бір айда 1,4% өсіп, 24,6 трлн теңгеге жетті.

Жалпы, сәуірде ҚР ЕДБ-де 30 күннен астам кешіктірілген қарыздардың үлесі 4,6%-ға (бір ай бұрын 4,3% болған) жетті, NPL 90+ үлесі 3,4% болды (бір айда 0,03 п.т. өсті). Ай сайынғы динамика бойынша несие портфелін үздік он банктің ішінде 6 банк, ал жалпы сектордағы 13 банк көбейтіп отыр. 

Еліміздегі ең ірі он кредитор банк ішінде бір ғана қаржы институты – Jusan Bank қана ай сайынғы динамика бойынша 30 күннен астам кешіктірілген несие көлемін 2,8% азайтып, биыл наурыз айында 142 млрд теңгеге дейін төмендете алды.

NPL 90+ көлемін алғашқы ондықтағы екі банк азайтты. Ең жақсы көрсеткіштер Jusan Bank-те: бір айда 3,3% төмендеп, 131,2 млрд теңге болды. Бұл ретте Jusan Bank-тің несие портфелі бір айда 2,9% өсіп, 1,2 трлн теңгеге жетті.

 
Jusan Bank портфеліндегі NPL 90+ үлесі шамамен 11%, бұл сектор бойынша орташа деңгейден жоғары, алайда NPL көлемі банк провизиялары есебінен жабылған, ол 1 сәуірдегі жағдай бойынша 297,9 млрд теңгені құрады, бұл бірден 2,3 есе көп. Бұл критерий бойынша Jusan Bank Еуразиялық Банкпен (2,5 есе), ЦентрКредит банкімен (2,6 есе) және Halyk Bank-пен (2,7 есе) бірге еліміздің ірі банктері арасында үздік көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Анықтама үшін: сектордағы провизиялардың орташа көлемі NPL 90+ көрсеткішінен екі еседен астам көп.

Jusan Bank портфеліндегі NPL проблемалық Цеснабанк пен АТФ банктің «мұрасымен» байланысты болғандықтан, тарихи жағдайды ескере отырып, қазіргі көрсеткіштерді өте оң деп санауға болады.

Дереккөз: Finprom.kz

Other news

Jusan Bank приобрел 9% простых акций АО «Казахтеле...

АО «First Heartland Jusan Bank» (Jusan Bank, далее - Банк) настоящим сообщает о ...

Jusan Bank announces leadership changes

10th August 2023 (KASE: TSBN): On 10th August 2023, First Heartland Jusan Bank J...

Similar news

Jusan Business халықаралық төлемдерді бақылау қызм...

Отандық бизнес үшін жетекші қаржы шешімдерін ұсынатын Jusan Business SWIFT GPI т...

Control over Jusan Bank is officially regained to ...

Continued funding of Kazakhstan’s educational organizations is the prerequisite ...

Касательно устойчивости и надежности Jusan Bank

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Р...