Voice Assistant
en
Қазақша
Русский
English
News01.05.2023

«Кел, балалар, оқылық» жобасы қазақстандық балалардды шығармашылық мамандықтарға баулуда

Павлодарлық балалар Алдияр мен Hey Monro-ның жаңа әніне клип дайындады. Осылайша Jusan-ның қолдауымен режиссер Қуаныш Бейсектің жүзеге асырып отырған «Кел, балалар, оқылық» жобасының үшінші маусымы мәресіне жетті. Аталмыш жоба балалар жаңа кәсіби машықтарға ие болып, шығармашылығын шыңдай түсуге мүмкіндік беріп отыр.

Жоба барысында балалар видеоклиптер, спектакльдер, қазақстандық музыка жұлдыздарына арналған анимация сынды өз өнімін жасап шығарады. Үшінші шығарылымда қатысушылар «Ирина Кайратовна» тобындағы Алдияр мен әнші Hey Monro-ның орындауындағы «Көңіл» әніне мультипликациялық клипті жасап шықты. Қуаныш Бейсектің сөзінше, үшінші маусымға қатысу үшін 70 оқушы үміткер болып, олардың 20-сы іріктеліп алынған.

«Қазақстанның шалғай ауылдарынан келген дарынды балалар шығармашылық мамандықтармен танысып, өздерінің күшін сынай алғанын қалаймыз. Жобамызда оқушылар кадрлап анимациялау негіздерімен ғана емес, сюжеттік желі, сценарий қалай жасалатынын және режиссураның қыр-сырымен де танысты.

Jusan «Кел, балалар, оқылық» жобасын жүзеге асыруда бізді өте жақсы қолдады. Олар бұл бастама туралы естіген бойда оны іске асыруға қуана-қуана келісті. Себебі оның әлеуеті зор екенін көрді», - дейді ол.

https://www.youtube.com/watch?v=yAcw9SJt06w

Jusan-ның қолдауымен «Кел, балалар, оқылық білім беру жобасы алғаш рет Алматы облысы Жалаңаш ауылында жүзеге асырылды. Жоба соңында ауыл балалары танымал әнші Yenlik-ке видеоклип түсірді. Жобаның Таразда өткен екінші маусымы балалар қойған спектакльдің премьерасымен және белгілі орындаушы Zheka FatBelly-ға клип түсірумен аяқталды. Сондай-ақ әр маусымда жүзеге асырылған жоба туралы, бойындағы қорқынышы мен сенімсіздігін жеңе білген балалардың басынан кешкен оқиғалары негізінде деректі фильм түсіріледі. 

Other news

Moody's подтвердило рейтинги Jusan Bank на уровне ...

Алматы. 16 июля 2024г. Международное рейтинговое агентство Moody's Ratings (Mood...

Jusan Vibe приглашает на выставку уникальных птиц ...

Лучшие работы профессиональных фотографов, запечатлевших пернатое разнообразие н...

Similar news

Jusan Bank introduced the functionality of payment...

Jusan is pleased to announce that from now on you can pay for "Almaty Parking" s...

Jusan Bank Receives Improved S&P Corporate Sustain...

Jusan Bank, one of Kazakhstan’s leading financial institutions, is proud to shar...

Jusan Singularity объявляет набор на бесплатное об...

Jusan Singularity, образовательный проект группы компаний Jusan, в рамках програ...