Voice Assistant
en
Қазақша
Русский
English
News15.05.2023

Қаржы секторы бойынша халыққа сапалы ақпарат ұсыну: Jusan қаржы сауаттылығы бойынша журналистерге арнап тренинг өткізді

Астанада «Банк және инвестиция» тақырыбында қаржы сауаттылығы бойынша қазақ тілінде жазатын журналистер үшін тренинг өтті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған шарада ҚР Ұлттық Банк, Jusan Invest және Jusan Analytics спикерлері қаржы есебі және статистикамен қалай жұмыс істеу керегін айтып берді. Бұған қоса тренингте инвестиция дегеніміз не және халық арасында инвестиция жасау мәдениетін дамыту неліктен маңызды екені сөз етілді.

Тренинг журналистердің қаржы және банк ісі саласындағы білім деңгейін көтеріп, соның арқасында қоғамға таралатын ақпарат сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар қаржы өнімдері мен қызметтері, сондай-ақ банк секторының ережелері мен принциптері жайлы ой-түсініктерін кеңейтті. Мұнымен қоса саланың беделді сарапшылары соңғы аналитикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Журналистер ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтында деректер мен статистиканы пайдалану, қор нарығы мен KASE қызметін, трендтерін түсіну, екінші деңгейлі банктердің қаржы есептерін дұрыс оқи білуді үйренді.

«Қаржылық тұрғыдан сауатты болу тек негізгі қаржы үдерістерін түсіну ғана емес, одан бөлек жеке қаражатыңды тиімді басқарып, оған жауапкершілікпен қарау, бюджетіңді жоспарлап және әртүрлі қаржы құралдарына, соның ішінде бағалы қағаздарға дұрыс инвестиция жасай білу деген сөз. Ал қаржы саласы туралы жазатын журналистер үшін қаржы есептері жайлы ақпаратты оқырманға дұрыс жеткізіп, сондай-ақ күрделі деректерді түсінікті етіп жаза білу де аса маңызды. Дәл осындай тренингтер журналистердің саладағы біліктілігін жетілдіріп, БАҚ арқылы Қазақстан халқының қаржы сауаттылығын арттыруға сеп болады», - дейді Jusan Bank-тің PR директоры Гаухар Керімова.

Анықтама: Jusan Bank – реттеушінің барлық талаптарын пруденциалдық нормативтер деңгейінен асырып орындайтын Қазақстандағы ең тұрақты қаржы институттарының бірі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша банктің меншікті капиталы 751,5 млрд теңгеге жетті. Капитал жеткіліктігі k1 29,9%-ға, k2 – 47,4%-ға тең (нормативтер сәйкесінше 8,5% және 10%). Банк өз қызметінде ашық әрі әлеуметтік жауапты бизнесті жүргізуге басымдық береді. Биыл банк жаңа үш жылдық даму стратегиясы шарттарындағы жұмысын бастады, ол клиентке бағдарланған заманауи принциптер негізіндегі бизнес-модельге сүйенеді. Даму стратегиясы бойынша Jusan клиенттердің жоғары сұранысын өтейтін, үздік дәрежелі, инновациялық, жоғары технологиялық қызмет көрсететін әрі ауқымды банк атануды жолға қойған.

Jusan Bank клиенттерінің әлеуетін жүзеге асыру үшін қаржылық мүмкіндіктер сыйлап қана қоймай, гуманитарлық, білім беру және әлеуметтік бастамаларға қатысу арқылы олардың өмір сапасын жақсартып, маңызды жобаларды қолдауды жалғастырмақ. 

Other news

Jusan Singularity объявляет набор на бесплатное об...

Jusan Singularity, образовательный проект группы компаний Jusan, в рамках програ...

Делай покупки в Jusan Магазине и участвуй в розыгр...

Отличная новость для любителей онлайн-шоппинга – Jusan Магазин и Jusan Bank запу...

Similar news

О ситуации с Л.Рах

Касательно претензий, высказываемых госпожой Рах, АО «First Heartland Jusan Bank...

Журнал Ösim от Jusan Business назван лучшим корпор...

Журнал Jusan Business об открытии и ведении бизнеса в Казахстане – Ösim – стал т...

Галимжан Есенов и группа Jusan перечислят 6,7 млрд...

Галимжан Есенов и группа Jusan перечислят 6,7 млрд тенге казахстанцам, чье имуще...