Дауыс көмекшісі
kk
Қазақша
Русский
English
Хабарламалар10.08.2023

«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің назарына!

Атқарушы органның толық атауы және орналасқан жері: «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Jusan Bank» АҚ) Басқармасы, A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсултан Назарбаев даңғылы, 242-үй.

«Jusan Bank» АҚ «Jusan Bank» АҚ-тың акционерлеріне 2023 жылғы «11» қыркүйекте, Алматы қаласының уақытымен 12 сағат 00 минутта «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының мына мекенжай бойынша өткізілетінін хабарлайды: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, «Балқаш» конференц-залы.
Жоғарыда көрсетілген жиналыс «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақыртылып жатыр және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өткізіледі.
Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырылды және келесі мәселелерді қамтиды:
«1. «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. 2023 жылға арналған «Jusan Bank» АҚ жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша қызметтер көрсету жөніндегі аудиторлық ұйымды айқындау туралы.
3. «Jusan Bank» АҚ Директорлар кеңесі құрамын өзгерту туралы».».
Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар осы жиналысты өткізу күніне дейін он күннен кеш емес мерзімде дайындалып, «Jusan Bank» АҚ атқарушы органының орналасқан жерінде акционердің танысып шығуы үшін қолжетімді болады, ал акционердің сұранысы болған жағдайда –оған сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жіберіледі; құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу үшін шығыстар акционерге жүктеледі. 
Күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды акционерлер танысу үшін  A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, 464-кабинет, О.А.Ивановадан ала алады (e-mail: O.ivanova@jusan.kz). 
«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімін құрастыру күні – 2023 жылғы «01» қыркүйек (00 сағат 00 минут).
Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеудің басталуы – Алматы қаласының уақытымен 11 сағат 30 минут.
«Jusan Bank» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеуді аяқтау акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысы басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын жүргізілетін болады.
Кворум болмаған жағдайда «Jusan Bank» АҚ акционерлерінің қайталама кезектен тыс Жалпы жиналысы 2023 жылғы «12» қыркүйекте, Алматы қаласының уақытымен 12 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша өткізілетін болады: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, «Балқаш» конференц-залы.
Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды. 
Осы жиналысқа қатысатын заңды тұлға акционерлер өз акционерлерінің (қатысушыларының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5-1-тармағының бірінші бөлігінің акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты талаптарын сақтау туралы өтінішті ұсынуы тиіс. Өтініштің нысаны «Jusan Bank» АҚ-тың корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: https://jusan.kz/.
Сенім білдірілген тұлғаларда өзімен бірге жеке куәлігі/паспорты және акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысына дауыс беру құқығымен қоса қатысуға берілген сенімхат болуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Moody's Jusan Bank-тің позитивті болжаммен «Ba3» д...

Алматы. 16 шілде 2024ж. Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтинг агенттігі ...

«Jusan Vibe» Қазақстанның бірегей құстарының көрме...

«Қазақстан құстары» көрмесінің келушілері еліміздің қанаттылар алуандығын түсірг...

Ұқсас жаңалықтар