Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Тақырып бойынша жарияланымдар Мемлекеттік борыш

24 ақпан 23

316

Қазыналық саясатқа шолу (2022 қорытындылары)

2023 жылы қазыналық саясатты дамытудың тәуекелдері мен келешектері

Өткен жылдың сәуір-мамырында Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс салдарынан геосаяси шиеленіс ушыға түсті. Шикізат пен тауар жеткізу жолдарында және мұнай тасымалдауда әр түрлі кедергілер пайда болды. Осының барлығы экономикаға қосымша қолдау көрсету керектігін көрсетті. Соның нәтижесінде Үкімет 2022 жылға арналған бюджет бойынша жоспарды қайта қарап, шығыстарды көбейтті.

Шығыстарды өтеу үшін ҚР Ұлттық қорынан түсетін кепілді трансферттердің деңгейі (жоспарды+1.6 трлн теңгеге қайта қарау) және бюджеттің меншікті кірістері (+3.5 трлн теңгеге қайта қарау) қайта қаралды. Бұл ретте айта кетер жайт, мемлекттен қолдау көрсету қысқа мерзім ішінде ең алдымен сұраныстың артуына әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде экономикада инфляцияның бас көтеруіне әкеп соғады.

Жыл қорытындысы бойынша бюджет тапшылығы азайды. Бұған соңғы 5 жыл ішінде салық түсімдерінің рекордтық көлемде түсуі және бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспарлардың аяғына дейін орындалмай қалғандығы себеп болды. Бюджетке сондай-ақ ҚР Ұлттық қорынан трансферттердің түсуі күшті ықпал етті.

Егер бұл түсімді есепке алмаса, бюджеттің мұнайды есептемегендегі тапшылығы тереңдеп, өткен жылдардағы тапшылықтардан да асып түсер еді.

Осылайша бір сөзбен айтқанда салық-бюджет саясатының одан әрі дамуы әдеттегідей сыртқы макроэкономикалық ахуалдарға және энергия қорларының (мұнай,газ, көмір ж.т.б) бағасына көп тәуелді.

Бұл ретте біздің ойымызша қазіргі таңда экономиканың әртүрлі салаларын дамыту бойынша әзірленіп жатқан жаңа тұжырымдамалар бюджеттің шығыс бөлігіне салмақ түсіре беретін болады. Әрине, бұл тұжырымдамалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған.

Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, мұнайдан түсетін түсімдердің үлесін азайту күрделі мәселе болып қала бермек. Өйткені бұған әлемдегі саяси/экономикалық шиеленістер әсер етері анық. Дегенмен бұл ізгі ниеттер 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте жоспарланған.

Бұл жағдай біздің пікірімізше ағымдағы жылы жоспарланған салық-бюджет саясатын атқаруда біршама айқынсыздық тудыруы мүмкін.

Мерзімді зерттеулер


Мемлекеттік борышБюджетКлара Сейдахметова

19 қыркүйек 22

226

Қазыналық саясатқа шолу (2022 1 жартыжылдық)

Негізгі тұжырымдар

  • Энергия тасымалдаушылардың бағасының өскендігінің арқасында салықтық түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға өсті;
  • Бюджет табысының төрттен бірін Ұлттық қордан түсетін трансферттер құрайды. Олар алғашқы жартыжылдықта 15%-ға өсті;
  • Ұлттық қорға түсетін салықтық түсімдер бойынша жоспардың орындалуы бірінші жартыжылдықта 79.3%-ды құрады;
  • Табыстардың ең көп өскендігі Алматы мен Шымкентте және Атырау облысында тіркелді. Шығынның ең көп өскендігі Алматы облысында және Алматы мен Елордада байқалды;
  • Жергілікті бюджетке түсетін трансферттердің үлесі орта есеппен табыстардың жартысын құрайды. Жекелеген облыстарда үлес 70%-дан асады;
  • Шығыстардың негізгі бөлігі білім саласына, әлеуметтік көмекке және қамсыздандыруға жұмсалады. Қорғанысқа бөлінетін шығыстың да өскендігі байқалады;
  • Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп жатыр. Қарызға қызмет көрсетуге мемлекеттік бюджеттен 725.2 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылдардың көрсеткішінен айтарлықтай жоғары;
  • Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс салдарынан қалыптасқан саяси және экономикалық ахуал, монетарлық шарттардың ғаламдық сипатта қатаңдатылуы Қазақстанның бюджет-салық саясатына кері әсер етіп жатыр және бұл бюджетті жиі-жиі қайта қарауға мәжбүрлеуде;
  • Мұнайгаз секторына тым тәуелділік – Қазақстан бюджеті үшін үлкен қауіп-қатер болып отыр. Қазіргі қолданыстағы көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар бюджеттің шығыстық бөлігі өсе түсетіндігін растай түседі;
  • Инфляция бойынша сыртқы қатерлер мен бағалар тарапынан қысым күшейіп жатқан шақта Үкіметке бюджеттік жоспарлаудың қарсы циклдік саясатына өтуді  кейінге қалдыруға болмайды.

Тәуекелдер мен келешектер

Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс және монетарлық талаптардың ғаламдық сипатта қатаңдатылуы себебінен қалыптасқан саяси және экономикалық ахуал елдің салық-бюджеттік саясатына кері әсер етеді және бюджетті үнемі қайта қарауға мәжбүрлейді.

Үкімет әр жолы Ұлттық қордан түсетін кепілдендірілген трансферттердің көлемін арттырып, бюджетке қолдау көрсетеді. Ал мұнайға қатысты емес тапшылық барған сайын өсіп жатыр. Бұл экономиканың тұрақсыздығына әкеп соғады және салық-бюджеттік тұрақтылықты сақтауға айтарлықтай тәуекелдер бар екенін көрсетеді.

Біздің пікірімізше Қазақстанның бюджетіне келер негізгі қауіп-қатер, тәуекел – ол мұнайгаз секторына деген үлкен тәуелділік болып қала бермек.

Бюджеттің ағымдағы профициті энергия тасымалдаушылар бағасының өсуі нәтижесінде қалыптасады.

Бұл ретте қазіргі қолданыстағы көптеген мемлекеттік бағдарламалар бюджеттің шығыстық бөлігінің одан әрі өсе беретіндігін білдіреді. Ал бюджет қаражатының қалай үлестіріліп, қалай жұмсалып жатқаны сұрақтар туғызады.

Осылайша инфляция бойынша сыртқы қауіп-қатерлер мен бағалар тарапынан қысымдар көрсетіліп жатқан жағдайда Үкіметке бюджеттік жоспарлаудың қарсы циклдік саясатына өтуді кейінге қалдырмағаны жөн.

Мерзімді зерттеулер


Мемлекеттік борышБюджетКлара Сейдахметова