Тақырып бойынша жарияланымдар Сауда
09 қаңтар 23
218
2022 жылғы басты экономикалық уақиғалар және 2023 жылы нені басты назарда ұстау керектігі туралы
Jusan Analytics командасы жылдың экономикалық қорытындысын шығарды және 2022 жылдың 5 негізгі уақиғаларын айқындады
Біржолғы зерттеулер
ЖІӨСаудаҚұнсыздануБазалық мөлшерлемеJusan Analytics
26 шілде 22
179
ҚР сыртқы саудасы (2022 жылдың қаңтар-мамыры)
Негізгі тұжырымдар
- Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-мамыры аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53.6%-ға өсті;
- Қазақстан үшін нарық жағдаяты оң сипат алуда. Соған сәйкес 2021 жылдан бастап, энергия тасымалдаушылардан түсетін экспорттық табыстар қалпына келе бастады. Мысалы, Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 100 АҚШ долларын құрайды;
- Италия Қазақстанның өнімдерін ең көп сатып алатын елге айналды. Қазақстанның экспортының құрылымында бұл елдің үлесі 18.4%-ды құрайды;
- 2022 жылдың 5 айы ішінде Қазақстанның сыртқа шығарған минералды ресурстарының бағасы 23.2 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен (12.8 млрд) салыстырғанда 81.3%-ға жоғары;
- Қазақстанға жалпы сомасы 5.1 млрд долларға (2021 жылдың 5 айында – 4.1 млрд доллар) машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары мен аспаптар импортталды;
- Өңірлік тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстаннан сыртқа ең көп экспорт Атырау өңірінен шығарылыпты (13.6 млрд доллар), ал ең көп шетелдік импорт Алматыға жеткізілген (5.1 млрд доллар);
- Ресей Федерациясы қазір де Қазақстанның негізгі сауда әріптесі: импорт – 6.6 млрд доллар, экспорт – 2.7 млрд доллар;
- Шикізаттық тауарлардың әлемдік бағасы өскенімен, олар бәрібір Қазақстанға сырттан әкелінетін, қымбат дайын тауарлардың бағасын өтей алмайды;
- Нақты айырбас бағамы (НАБ) Қазақстанның Ресеймен тауар айналымына әсер етпеді. Дегенмен нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) бірден төмен түсуі сауда көлемі мен шартына кешуілдетіп болса да әсер етуі мүмкін;
- Қазақстанда тауарларды экспортқа шығаруда кедергілер жетерлік. Тауарлар қоржыны әлсіз артараптандырылған. Ал экспорттық өнімдердің құрылымында төменгі шектегі тауарлар (дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер, тыңайтқыштар және т.б) басым;
- Мұнайды Еуропаға экспорттаудың негізгі жолының (Каспий құбыр желісі консорциумы) уақытша жабылып қалу қаупі сақталуда;
- Болашақта Қытай, Үндістан, Түркия және Орталық Азия мемлекеттері Қазақстан үшін тұрақты импорт көзіне және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаудың тартымды нарықтарына айналулары мүмкін.
Мерзімді зерттеулер
СаудаАят Сураганов