Бизнес туралы мақалалар

Эквайринг көмегімен ақша мен уақыт үнемдеу жолдары

Бір күн ішінде орнатылатын POS-терминал

Эквайринг көмегімен ақша мен уақыт үнемдеу жолдары

Мақаланың мазмұны

Кәсіпкерлердің көбісі POS-терминал қосу үшін танымал қазақстандық банктерге барып, екі апта күту керек деген жауап алады. Jusan Business-те бәрі сіз ойлағаннан да оңай — өтінім жіберіп, бір күн ішінде төлеу терминалына қол жеткізуге болады.

Эквайринг ұғымы

Эквайринг — кәсіпкерлерге клиенттерден банк карталары арқылы, соның ішінде қолма-қол ақшасыз төлем қабылдауға мүмкіндік беретін қызмет. Jusan ұсынған эквайринг Jusan Tole деп аталады.

Эквайринг түрлері

Кәсіпкер төлем терминалының қандай түрін — кассалық немесе мобильді эквайрингті қолданатынын өзі шешеді.

Кассалық эквайринг

Кассалық эквайринг — бұл карта, QR (Jusan клиенттеріне) және смартфон (Apple Pay, Google Pay және Samsung Pay) арқылы төлемдерді қабылдауға арналған кассада тұратын POS-терминал. Басқаша айтқанда, екі міндетті бірден орындайтын құрылғы — төлем терминалы және бақылау-кассалық машина.

Оның екі түрі болады — төлемдерді қабылдап, чектерді басып шығаратын стационарлық терминал және онлайн чек жасайтын шағын терминал. Екі нұсқа да кез келген банк карталары мен немесе смартфон арқылы төлем қабылдайды және мобильді провайдерлердің SIM карталарын пайдаланып, интернет арқылы жұмыс істейді.

Ірі және орта компаниялар чектерді басып шығаратын стационарлық төлем терминалын, ал шағын бизнес онлайн чектері бар шағын терминалдарды таңдайды. Бірақ бизнес түріне ешқандай шектеулер жоқ, кәсіпкер кез келген терминалды таңдай алады. Jusan банктің POS терминалдары арқылы жасалған барлық транзакциялар, чекті басып шығару мүмкіндігіне қарамастан, заңды болып табылады.

Әрбір POS-терминал онлайн кассамен біріктіріледі. Төлем деректерін салық органдарына бірден жіберуді үшін арнайы қолданбаны орнату қажет.

Мобильді эквайринг

Мобильді төлем терминалы — бұл негізінде смартфонның өзі. Төлеу үшін клиенттер картаны терминалға емес, телефонның өзіне қояды. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпкер POS терминалды орнатпай-ақ, төлемді өз смартфоны арқылы қабылдайды.

Бұндай терминалды интернеті бар кез келген жерде пайдалануға болады. Оны қосу үшін Jusan Tole қолданбасын жүктеп алып, бірден пайдалана беруге болады.

Мобильді терминал әсіресе сауда нүктесінен тыс жерде, мысалы жәрмеңкелерде, көрмелерде немесе базарларда сатуды жоспарлап жүргендерге ыңғайлы.

Эквайринг комиссиясы мен ЖК-ға арнайы ұсыныс

Басқа банктердің шарттарымен салыстырғанда Jusan эквайрингінің пайдасы айтарлықтай:

  • 0,8% — QR арқылы төлем комиссиясы,
  • 1,5% — Jusan картасы арқылы,
  • 2,2% — басқа банктің картасы арқылы.

Егер ЖК-ңыздың сауда айналымы жылына 45 миллион теңгеден аспаса, онда комиссия одан да төмен болады — клиент кез келген банктің карталарымен төлем жасағанда небәрі 0,9% шығады.

Егер компанияның ай сайынғы айналымы 300 мың теңгеден асатын болса, онда POS терминалды пайдаланғанына комиссия төлеудің қажеті жоқ. Егер сауда айналымы 300 мың теңгеден төмен болса, онда ай сайынғы төлем небәрі 3 мың теңгені құрайды.

Кассалық және мобильді терминалдардың тарифтері бірдей.

Терминалға тапсырыс беру және оған қосылу

Jusan банктте төлем терминалдары тегін беріліп, тегін орнатылады. Ол үшін мына қадамдарды орындау қажет:

  • Өтінімді Jusan Business сайтында немесе біздің мобильді қолданбадан жіберіңіз.
  • Тапсырысты растау үшін менеджер қоңырауын күтіңіз.
  • Келесі күні сізге POS-терминалдың өзін, оған қоса жапсырмалар мен чектерді басып шығаратын қағаздарды тегін әкеледі. Jusan қызметкерлері барлығын орнатып, сіздің қызметкерлеріңізді төлемді қабылдауға үйретеді.

Jusan терминалының қызмет көрсетуі тегін, егер бірдеңе сынып қалса, жөндеп береді, оған қоса ұялы байланыс операторларының қызметінің ақысын да банк өзі төлеп тұрады.

Терминалды қосқаннан кейін кез келген сұрақтар бойынша банк менеджерінен кеңес алуға болады.

Jusan эквайрингінің қосымша артықшылықтары 

Jusan Tole көмегімен кәсіпкер:

  • Клиенттерге тауарларды немесе қызметтерді бөліп төлеуге немесе 12, 24 айға несиеге сата алады.
  • Маркетплейсте тауарларды немесе қызметтерді орналастырып, Jusan Дүкенінен жаңа сатып алушыларды тартуға болады.

 

Jusan Tole — бұл POS-терминал мен интернет-банкингті біріктіретін ыңғайлы құрылғы. Оның көмегімен кәсіпкер нарықтағы ең тиімді тарифтер бойынша қолма-қол ақшасыз және QR арқылы төлемдерді қабылдай алады, тауарларды бөліп төлеу арқылы және несиеге сата алады, сонымен қатар сатушының жеке кабинетінде сату статистикасын талдай алады.