Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

“Билеттер” – бұл Jusan Bank  мобильді қосымшасындағы келесі категориялар бойынша билеттер сатып алуға арналған сервис:

  • Кино
  • Театр
  • Концерт
  • Спорттық іс-шаралар
  • Түрлі бағыттар бойынша турлар 
  • Шеберлік сабақтары
  • Түрлі ойын-сауық іс-шаралары 

0% пайдалы деп тапты


Билетті сатып алу үшін Jusan мобильді қосымшасында «Билеттер» бөліміне өту, өзіңізге ұнаған іс-шара мен Қаланы, әрі қарай Оқиға және оқиға күні мен уақытын таңдау, өзіңіздің e-mail  мекенжайыңызды жазу (осы мекенжайға электронды билет жіберілетін болады) және Бонустарды жұмсау мүмкіндігі бар  Jusan Bank картасымен төлеу және төлемді СМС-кодпен растау керек.  

Қағаз түріндегі билетті іс-шараны өткізу кассасында кассирге электронды билетте көрсетілген кодты көрсету арқылы немесе кіретін жерде штрих код пен QR кодты сканерлеу арқылы алуға болады.

Төлем бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сізден 7711 нөмірі бойынша Jusan Bank-тің Call-center-іне хабарласуды сұраймыз (мобильді операторлардан тегін қоңырау шалу).

Билеттер бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ticketon Call-center-іне +7 7-272-2251050, +7-771-936-53-53 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз. 

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында «Билеттер» бөлімінде сатып алу кезінде Jusan Банк карталары бойынша бонустар төлем картасының тарифтеріне сәйкес есептеледі.

Төлем бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сізден 7711 нөмірі бойынша Jusan Bank-тің Call-center-іне хабарласуды сұраймыз (мобильді операторлардан тегін қоңырау шалу). 

0% пайдалы деп тапты


Иә, Jusan мобильді қосымшасы арқылы билеттер сатып алу кезінде балалар және студенттер билеттері опциясын таңдау мүмкіндігі бар. Электронды билетті қағаз билетке ауыстыру кезінде өзіңізбен бірге растаушы құжаттар (мектептен берілген анықтама немесе студент билеті) болуы тиіс.

Ескертпе:

Егер тапсырысты ресімдеу кезінде балалар немесе студенттер билеті қажет екендігі көрсетілмесе, толық бағасы бойынша жеке билет сатып алу керек.

Билеттер бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ticketon Call-center-іне +7 7-272-2251050, +7-771-936-53-53 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

0% пайдалы деп тапты


Сеанстың болмау немесе уақытының өзгеру жағдайлары өте сирек кездеседі. Бұл ретте, «Тикетон» жүйесі сеанстың болмай қалу немесе уақытының жылжуын автоматты түрде анықтайды және «Тикетон» қызметкерлері бұл жайлы клиенттерге телефон арқылы хабарлайды. Ақша қаражаты клиентке толық көлемде қайтарылады. 

0% пайдалы деп тапты


Билеттерді қайтару үшін Ticketon Call-center-іне +7 7-272-2251050, +7-771-936-53-53 нөмірі бойынша алдын ала хабарласуды сұраймыз (егер ұйымдастырушылар қайтаруға шектеулер қоймаса).

Бұл ретте келесіні ескерту қажет:

Кинотеатрға билеттерді сеансқа 30 минуттан көп уақыт қалса қайтаруға болады. Бұл ретте сервистік алым қайтарылмайды. 
Театрға билеттерді спектакльге кемінде 3 сағат қалған уақытта қайтаруға болады. Бұл ретте, билеттер құнынан 5%-ға тең комиссия ұсталады.
Концерттер мен басқа іс-шараларға билеттерді іс-шара басталғанға дейін кемінде 2 күнтізбелік күн бұрын қайтаруға болады. Бұл ретте, билеттер құнынан 5%-ға тең комиссия ұсталады. 
Jusan мобильді қосымшасында билетті сатып алу сомасын қайтару осы билет сатып алынған Сіздің төлем картаңызға 5 жұмыс күніне дейінгі уақытта жүзеге асырылады.

Билеттер бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ticketon Call-center-іне +7 7-272-2251050, +7-771-936-53-53 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

0% пайдалы деп тапты