Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

JMart  - бұл әр түрлі сатушылар мен ең жақсы бағамен әртүрлі тауарлар мен қызметтерді таңдауға және сатып алуға мүмкіндік беретін онлайн дүкен.

0% пайдалы деп тапты


JMart  арқылы азық-түлік, электроника, тұрмыстық техника, смартфондар, шаруашылық тауарлар, музыкалық аспаптар және т. б. сатып алуға болады.

0% пайдалы деп тапты


Барлық туындаған сұрақтар бойынша хабарласуыңызға болады:

• 7 700 990 77 11 нөмірі бойынша қоңырау шалу немесе WhatsApp желісінде хабарлама жазу арқылы,
• эл.мекенжайы бойынша: info@jmart.kz

Қолдау қызметінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері 08:00-ден 00:00-ге дейін. Демалыс / мереке күндері сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін.

0% пайдалы деп тапты


Жаңа өзгерістерге сәйкес 09.10.2023 жылдан бастап келесі жағдайларда бонустар жойылуы мүмкін: 
• Клиент өз қалауымен карта және карталық шотын жапқан жағдайда (басқа карта мен карталық шоты болмаса);
• Клиент өз қалауымен «Family Card» өнімі бойынша қосымша картасын жапқан жағдайда;
• карталық шот бойынша соңғы операция жасалған күннен бастап 180 (жүз сексен) күн ішінде операциялар болмаған жағдайда; 
• бонустық шот бойынша соңғы операция жасалған күннен бастап 180 (жүз сексен) күн ішінде операциялар(бонустарды есептеу, жұмсау, қалпына келтіру және т.б.) болмаған жағдайда.

0% пайдалы деп тапты


Иә, Сіз біздің Банктің клиенті болмай-ақ тапсырыс рәсімдеуіңізге болады.

0% пайдалы деп тапты


Иә, тапсырысты QR-ді сканерлеу немесе Сізге жіберілген сілтемеге өту арқылы қашықтан рәсімдеуіңізге болады.

0% пайдалы деп тапты


Жоқ, QR Lite арқылы жасалған тапсырысты тек несиеге/бөліп төлеуге ғана рәсімдеуге болады.

0% пайдалы деп тапты


Иә, болады. Тауарлық несиені рәсімдеу үшін Jusan мобильді қосымшасында несиеге өтініш беру қажет. 
•  Өзіңізге қажетті тауарды, сатушыны таңдаңыз және бөліп төлеудің/несиенің мерзімін көрсетіңіз;
•  Сауалнамадан өтіңіз және барлық деректерді енгізіңіз;
•  Банктің шешімі туралы Push-хабарлама күтіңіз.

0% пайдалы деп тапты


Тауарлық несиенің ең жоғарғы сомасы 3 000 000 теңгені құрайды.

0% пайдалы деп тапты


Сізге 10 000-нан 3 000 000 теңгеге дейінгі соманы мақұлдауы мүмкін.

0% пайдалы деп тапты


Сізге несие/бөліп төлеу өтініміңіз бойынша қабылданған шешім туралы Push-хабарлама келеді, сондай-ақ хабарлама мобильді қосымшаның оқиғаларында көрсетіледі.

0% пайдалы деп тапты


Тапсырысты рәсімдеу үшін мобильді қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ, тек интернет байланысы бар смартфон болғаны жеткілікті. QR Lite-тің артықшылығы - бұл сілтемеге өту арқылы, тіпті дербес компьютерді қолдана отырып тапсырысты рәсімдеуге мүмкіндік беретіндігінде.

0% пайдалы деп тапты


Иә, Сіз Jusan QR арқылы төлем жасаған кезде Қазақстанның дүкендерінде, супермаркеттерінде және мекемелерінде сатып алу ақысын төлей аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Қазіргі уақытта жеткізу қызметі келесі қалаларда жүзеге асырылады:
Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қарағанды, Петропавл, Орал, Ақтау, Қостанай, Семей, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Қаскелең, Талғар, Қонаев, Щучинск, Өтеген Батыр, Түркістан, Теміртау.  

Алматы және Астана қалаларында тапсырысты постоматтан алып кетуге болады.

0% пайдалы деп тапты


JMart арқылы сатып алуды екі жолмен жүзеге асыруға болады:

• Jusan мобильді қосымшасында бонустарды жұмсау мүмкіндігі бар Банк картасы болған жағдайда. Басқа Банктің картасымен. 
• Тапсырысты несиеге/бөліп төлеуге рәсімдеу арқылы.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында сатып алу кезінде бонустарды есептеу тауар санаттары және акцияға кіретін сатушылар тізімі бойынша, Jusan банк картасымен төлеген кезде есептеледі. Бонустар тауар жеткізілген күннен кейін 14 күнтізбелік күннен кейін есептеледі. 

0% пайдалы деп тапты


JMart-тан QR арқылы өнімді сатып алу кезінде бонустар есептелмейді.

0% пайдалы деп тапты


Иә, несие бойынша қарыз болса да, сатып алуларыңызды төлеу үшін бонустарыңызды пайдалана аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Бір тауар үшін әртүрлі бағаларды көрсетуге болады, өйткені бағаны сатушының өзі ішкі саясатқа сәйкес белгілейді.  JMart  әр түрлі сатушыларды ұсынады, осылайша Сіз өзіңізге ыңғайлы ең жақсы бағаны таба аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Белгілі бір тауарды жеткізу құнын тапсырыс берер алдында әрдайым көре аласыз. Әр түрлі тауарлар үшін жеткізу құны әр түрлі, өйткені ол тауардың санатына, оның салмағы мен өлшемдеріне байланысты.

0% пайдалы деп тапты


Иә, SMS кодымен тапсырысты алғаныңызды растағаныңызға дейін Jusan қосымшасында тиісті себепті таңдау арқылы тапсырысыңыздан бас тарта аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Тапсырысты 2 жолмен жоюға болады:
• Jusan мобильді қосымшасында "JMart" бөлімінде → "Менің тапсырыстарым" → "Тапсырыс" → төмен түсіп "Тапсырыстан бас тарту" түймесін басыңыз. 
• Тапсырыстан бас тарту үшін Қолдау қызметіне + 7 700 990 77 11 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

0% пайдалы деп тапты


Егер тауар ақаулы болып шықса, Сіз тауар сатып алынған дүкенге баруыңыз керек. Көптеген дүкендер тауарды қабылдайды және соған ұқсас айырбастау жасайды.

0% пайдалы деп тапты


ҚР заңнамасына сәйкес, Сіз тұтынылмаған, өзінің тауарлық түрін, тұтынушылық қасиеттерін, пломбаларын, жапсырмаларын жоғалтпаған және сатып алу туралы құжаты, белгісі сақталған азық-түлік емес тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде қайтара немесе айырбастай аласыз. Қайтаруды/айырбастауды жүзеге асыру үшін Сізге тауарды сатып алған дүкенге хабарласу қажет.  

* Ұялы телефондар, дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар, іш киім, шұлық, метражды бұйымдар, өсімдіктер қайтаруға немесе айырбастауға болмайтын тауарлар тізіміне енгізілген.

0% пайдалы деп тапты


Иә, бөліп төлеуге/несиеге сатып алынған тауарды қайтаруға болады. Ол үшін Сізге тауарды сатып алған дүкенге хабарласу керек.  
Қосымша ақпараттар бойынша біздің info@jmart.kz  қолдау көрсету қызметімізге  немесе +7 700 990 77 11 нөміріне хабарласа аласыз.
Қайтаруды рәсімдемес бұрын тауардың қайтарылмайтын тауарлар тізіміне жатпайтынына көз жеткізу керек.

0% пайдалы деп тапты


Әдетте, есептен шығарылған бонустар сомасы тапсырыс жойылғаннан кейін бірден бонустық шотқа қайтарылады. Нақты жағдайға байланысты қайтаруға 1-ден 5 жұмыс күніне дейін рұқсат етіледі.

0% пайдалы деп тапты


Иә, бұрын сатып алу үшін есептелген бонустар сатып алудан бас тартқаннан кейін біраз уақыттан кейін бонустық шотыңыздан алынады.

0% пайдалы деп тапты


Тапсырыстан бас тартқан жағдайда Сізге ештеңе істеудің қажеті жоқ. Бұрын есептелген бонустардың барлық сомасы бонустық шотқа жаңа түсімдер түсуіне қарай біртіндеп есептен шығарылады.

0% пайдалы деп тапты


Қолданыстағы несие болған жағдайда Cіз тауарды несиеге немесе бөліп төлеуге алуға онлайн-өтінім бере аласыз. Әрбір нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және несие тарихының сапасына және Cіздің төлем қабілеттілігіңізге байланысты болады.

0% пайдалы деп тапты


Өтінімді Jusan мобильді қосымшасында қарау бірнеше минутты алады. Сізге өтінім бойынша қабылданған шешім туралы Push-хабарлама келеді, сондай-ақ хабарлама мобильді қосымшаның оқиғаларында көрсетіледі.

0% пайдалы деп тапты


Өкінішке орай, бөліп төлеу/несиеден бас тарту себебі Банктің ішкі саясатына сәйкес ашылмайды.

0% пайдалы деп тапты


Тауарды банктік картамен/кредитпен/бөліп төлеумен төлеген жағдайда, ақша қаражатын қайтару Сіздің Банктегі тиісті карточкалық шотыңызға жүзеге асырылады.

Ақшаны қайтару 5 жұмыс күніне дейін созылады.

0% пайдалы деп тапты