Мультивалюталық карта әртүрлі валютадағы бірнеше шоттарға байланған. Бастапқыда мультивалюталық карта үш валютада шығарылады: KZT, USD, EUR. Jusan мобильді қосымшасында 4-ға дейін валюталық шот қосуға болады. Мультивалюталық картаның көмегімен әлемнің кез келген нүктесінде айырбастаусыз операцияларды қажетті валютада жүргізуге болады. Мультивалюталық картаның басты артықшылығы:
• Ыңғайлылық. Банкте немесе айырбастау пунктілерінде валютаны ауыстырудың қажеті жоқ, мұны Jusan мобильді қосымшасында жасауға болады.
• Айырбастау кезінде үнемдеу. Картаны бірден бірнеше шотқа байланыстыру шоттан ақшаны айырбастаусыз операция валютасымен сәйкес келетін валютада есептен шығаруға мүмкіндік береді. Егер карта стандартты болса, онда валюталар сәйкес келмеген кезде қаржы құжаты түскен сәтте Банк белгілеген валютаны қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату бағамы бойынша айырбастау жүргізілетін болады.
0% пайдалы деп тапты
Ия, әрине. Атаулы емес карта атаулы карта сияқты тең құқықтар мен қаржылық функцияларға ие және атаулы карта сияқты төлем құралы болып табылады.
Егер аударым атаулы емес төлем картасына жасалып, алушының атын, тегін енгізу талап етілген жағдайда, атаулы емес карта иесінің аты-жөнін латын әріптерімен жазу қажет.
0% пайдалы деп тапты
ҚР төлем карталарына аударым жасау екі тәсілмен жүзеге асыруға болады:
• Jusan Банк банкоматында,
• Jusan мобильді қосымшасы.
Jusan мобильді қосымшасының картадан картаға аударымдар "Аударымдар" бөлімінде қолжетімді:
• карта нөмірі бойынша - Jusan Банктің және басқа ЕДБ клиенттерінің картасына,
• елефон нөмірі бойынша - Jusan Банк клиенттерінің картасына,
• Jusan Банктегі өз шоттарыңыз/карталарыңыз арасында,
• ҚР бойынша телефон нөмірімен (Жедел төлем жүйесіне қосылған ҚР банктеріне ғана қол жетімді),
• Visa Alias жүйесі бойынша телефон нөмірімен.
0% пайдалы деп тапты
• "Телефон нөмірі бойынша" аударымның минималды сомасы 50 теңге,
• "Картаның нөмірі бойынша" аударымның минималды сомасы 500 теңге,
• "Шот нөмірі бойынша" аударымның минималды сомасы 500 теңге/1 USD/1 EUR/100 RUB,
• "Телефон нөмірі бойынша ҚР-ға" аударымның минималды сомасы 50 теңгені құрайды.
0% пайдалы деп тапты
Сіздің төлем картаңызға түскен қаражаттарды келесі ережелер қолданылатын аударым операцияларын қоспағанда, бірден пайдалануыңызға - сатып алуыңызға, қолма-қол ақша алуыңызға болады:
• Егер сома KZT (теңге) шотына түссе - аударымдар әр 5-10 минут сайын қолжетімді болады, түнгі уақытта карта жүйесінде операциялық күнді жабу уақыт кезеңін қоспағанда.
• Егер сома шотқа шетел валютасында келіп түссе-аударымдар қаржылық құжат келіп түскеннен кейін қолжетімді болады.
0% пайдалы деп тапты
Бұл Сіз аударғыңыз келетін сома бойынша қаржылық құжат әлі түспегенін білдіреді:
1. Егер сома KZT (теңге) шотына түссе - аударымдар әр 5-10 минут сайын қолжетімді болады, түнгі уақытта карта жуйесінде операциялық күнді жабу уақыт кезеңін қоспағанда.
2. Егер сома шотқа (шетел ) валютасында келіп түссе-аударымдар қаржылық құжат келіп түскеннен кейін қолжетімді болады.
Сіздердің назарларыңызға бірнеше мысалды ұсынамыз:
• егер KZT (теңге) шотыңызға 19:30 сағ. сома түссе (басқа банктің картасынан ақша аударымының түсуі), бұл соманы Сіз 19:40 сағ. бастап аудара аласыз.
• егер KZT (теңге) шотыңызға сома сағ. 23:30-да (басқа банктің картасынан аударымның түсуі) түссе, Сіз бұл соманы сағ. 01:00 бастап аудара аласыз.
• егер шотқа (шетел валютасында ) сома сағ.20:30-да түссе (басқа банктің картасынан аударымның түсуі) - аударымдар қаржылық құжат түскеннен кейін ғана қолжетімді болады.
Толығырақ ақпаратты Jusan Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алуға болады (мобильді телефондардан қоңырау шалу тегін).
0% пайдалы деп тапты
Төлем картасы бойынша шығыс операцияларын жүргізу кезінде Банк транзакция сомасына қаражатты бұғаттайды(қолжетімді қаражат сомасынан алып тастайды). Бұдан әрі жүзеге асырылған операция бойынша қаржылық (растайтын) құжат түскен кезде Банк шоттан бұғатталған соманы есептен шығарады. Сома 15 күннен артық бұғаттаулы болса, Сізге 7711 нөмірі бойынша Call-center-ге немесе Банк бөлімшесіне хабарласу керек.
0% пайдалы деп тапты
Операцияны даулау үшін Сізге өтініш беру керек:
• 7711 нөмірі бойынша Jusan Банктің Call-Центріне хабарласу арқылы (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін);
• Jusan Банктің бөлімшесіне жүгіну арқылы.
0% пайдалы деп тапты
Мультивалюталық карта бойынша қолжетімді теңгерім Jusan мобильді қосымшасында көрсетіледі. Сондай-ақ транзакциялық операциялар бойынша SMS/ Push-хабарламаларда сатып алу сомасы, сатып алу валютасы және Банкте белгіленген ағымдағы бағам бойынша барлық шоттар бойынша теңгедегі жалпы қолжетімді теңгерім көрсетіледі.
0% пайдалы деп тапты
Төлем картасы бойынша операцияларды жүргізу кезінде Банк келесі критериялар бойынша белгілі бір валюталық шоттағы соманы бұғаттауды жүзеге асырады:
• Егер операция валютасы Сіздің мультивалюталық картаңыздың ашылған шоттарының бірінің валютасымен сәйкес келсе, онда сома онда қаражат болған кезде сол валютада оқшауланады. Яғни, USD-де операция жүргізу кезінде долларлық шоттағы сома оқшауланады, KZT-де операция жүргізу кезінде теңгелік шоттағы сома оқшауланады және т.б.;
• Егер операция валютасы Сіздің картаңыздағы ашылған шоттардағы валютамен сәйкес келмесе, онда бұғаттау және есептен шығару ХТЖ-бен өзара есеп айырысу валютасына сәйкес жүргізіледі*.
• Егер операцияның валютасы және ХТЖ-бен өзара есеп айырысу валютасы Сіздің картаңыздағы ашылған шоттардағы валютамен сәйкес келмесе, онда бұғаттау және есептен шығару шотта негізгі валюта - теңгемен жүргізілетін болады.
* ХТЖ - Халықаралық төлем жүйесі.
0% пайдалы деп тапты
Өз шоттары арасында аударымдарды жүзеге асыру кезінде Банк аудару сәтінде қолма-қол ақшасыз операциялар үшін Банк белгілеген валютаны сату/сатып алу бағамы бойынша айырбастауды жүзеге асырады. Ағымдағы курс аударымды жүзеге асырар алдында Jusan мобильді қосымшасында көрсетіледі.
0% пайдалы деп тапты
Мультивалюталық карта бойынша операция жүргізу кезінде операция валютасымен сәйкес келетін валютадағы шоттағы операция сомасы оқшауланады. Егер бұл шотта қаражат жеткіліксіз болса, онда қаржылық құжат түскен сәтте Банк белгілеген бағам бойынша бір мезгілде айырбастай отырып, осы картаның басқа карточкалық шоттарынан жетіспейтін соманы үстеме алу (аудару) жүзеге асырылады.
0% пайдалы деп тапты
Төлем картасы бойынша шығыс операцияларын жүргізу кезінде қаражат карточкалық шотта бұғатталады, ал соманы шоттан есептен шығару Банк қаржылық ұсынымды (қаржылық құжатты) алғаннан кейін жүргізіледі. Шетелдік валютада транзакция жасаған жағдайда, егер төлем KZT шотында жүргізілсе, есептен шығару сомасы бұғаттау сомасынан ерекшеленуі мүмкін. Бұл Банк бұғаттаған сәттен бастап қаржылық құжат түскен сәтке дейін белгілеген айырбастау бағамының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
0% пайдалы деп тапты
Операцияны даулау үшін/Операция бойынша дау ашу үшін Сізге өтініш беру керек:
• 7711 нөмірі бойынша Jusan Банктің Call-Центріне хабарласу арқылы (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін);
• Jusan Банктің бөлімшесіне жүгіну арқылы.
0% пайдалы деп тапты
Егер Cіз тауарды / қызметті қайтарған болсаңыз, сатушы қайтаруды рәсімдеу кезінде Сізге тиісті чек беруі тиіс.
Операцияның толық сомасын қайтарған кезде, бұл сома бірнеше күн ішінде Сіздің шотыңызға толығымен қайтарылады .
Егер Сіз ішінара қайтаруды рәсімдесеңіз, онда үзінді көшірмеде:
• операцияның барлық сомасын қайтару,
• қайтару сомасын шегергендегі жаңа есептен шығару көрсетіледі.
0% пайдалы деп тапты
ҚР заңнамасы бойынша шоттарға тыйым салынған жағдайда шығыс операциялары қолжетімсіз болады. Бұл ретте тыйым салу түріне байланысты шоттан ішінара алу мүмкін болады.
0% пайдалы деп тапты