Жиі қаралатын бөлімдер

Табылмады

Jusan мобильді қосымшасына тіркелу үшін Сізге:

• Қосымшадағы «Банк» немесе «Жеке кабинет» бөліміне кіріңіз; 
• Ағымдағы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
• ЖСН нөмірінізді енгізіңіз;
• Көрсетілген ұялы телефон нөміріне түсетін SMS кодымен растау; 
• Биометриялық верификациядан/сәйкестендіруден өту; 
• Jusan мобильді қосымшасына жедел кіру үшін төрт сандық кодты ойлап тауып, орнату керек. 

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасының жеке кабинетіне кіру үшін "Менің Банкім" бөлімінде Сізге "Авторизациялану"  батырмасын басу, мобильді қосымшаға кіру үшін телефон нөміріңіз бен пароліңізді енгізу қажет. Егер сіз бұрын мобильді қосымшаға кіріп, жылдам кіру кодын, Face ID немесе Touch ID орнатсаңыз, қайта кіру үшін 4 таңбалы кодты енгізу, саусақты қою немесе бетті сканерлеу жеткілікті болады.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасына кірген кезде Клиентті авторизациялау үшін міндетті түрде құпия-код көрсетіледі, сондай-ақ Клиенттің таңдауы бойынша Touch/Face ID (егер сіздің құрылғыңыз осы функцияларды қолдаса) орнатуға болады. Сомасы 5000 теңгеден асатын мобильді қосымшадағы барлық қаржылық операциялар Клиентті динамикалық сәйкестендіру рәсімімен, Клиенттің ұялы телефон нөміріне SMS хабарлама келетін бір реттік кодпен расталады (сондай-ақ ыңғайлы болу үшін мобильді қосымшаны пайдалану динамикалық кодтың автоматты қойылуы жұмыс істейді).

0% пайдалы деп тапты


Егер сіз Банктің клиенті болмасаңыз, Сіз Jusan мобильді қосымшасына тіркеле аласыз. Сізге Jusan мобильді қосымшасының ақпараттық бөлігі ғана қолжетімді болады. Jusan Банктің қызметтерін мобильді қосымшасында пайдалану үшін сізге Jusan мобильді қосымшасының басты бетінде төлем картасын ашуыңыз қажет.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасын Сіз IOS операциялық жүйесі бар 10.5.3 нұсқасынан басталатын және Android операциялық жүйесі бар 5.0 нұсқасынан басталатын барлық смартфондарға орната аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасының көмегімен Сіз:
• карталарыңыз, депозиттеріңіз, кредиттеріңіз, ағымдағы шоттарыңыз туралы ақпаратты қарай аласыз;
• кез-келген кезеңдегі шоттар бойынша үзінді-көшірмені тексере аласыз;
• өз шоттарыңыз арасында да, Қазақстан ішіндегі басқа банктердің карталарына да аударымдар жасай аласыз;
• кепілсіз кредиттерді мерзімінен бұрын / ішінара өтей аласыз;
• несие бойынша ай сайынғы төлем жасай аласыз;
• депозитті толықтыра аласыз;
• қызметтерді, коммуналдық төлемдерді, айыппұлдарды, салықтарды төлей аласыз, ұялы телефон теңгерімін толықтыра аласыз және т.б.;
• карталар бойынша лимиттер белгілей аласыз;
• картаны оқшаулай аласыз немесе картаның уақытша оқшаулауын алып тастай аласыз;
• картаның ДСН-кодын ала/ өзгерте аласыз;
• Банк картасына тапсырыс бере аласыз;
• депозитті онлайн аша / жаба аласыз;
• Банктің өзекті жаңалықтары мен акцияларын қарай аласыз;
• Банк өнімдері туралы ақпарат ала аласыз;
• Валюта бағамын қарай аласыз;
• JMart-та сауда жасай аласыз;  
• Банктің жақын бөлімшесін немесе банкоматты таба аласыз;
• "Jusan Invest" брокерлік компаниясының қаржылық қызметтерін пайдалана аласыз;
• «Jusan Garant» сақтандыру полисін ала - аласыз;
• Іс-шараға билеттерді әр түрлі санаттар бойынша сатып ала – аласыз;
• Авиа немесе Теміржол билеттерін сатып ала - аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Биометриялық сәйкестендіру-бұл физиологиялық және биологиялық сипаттамаларына негізделген электрондық банктік қызметтерді алу құқығын біржақты растау мақсатында клиенттің жеке басын анықтау процедурасы.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасының тілін ауыстыру үшін Сізге:

• "Профиль" бөліміне кіру;
• "Бағдарлама тілін" басып, ұсынылған 3 тілдің біреуін таңдау керек.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасына кіру үшін ұялы телефон нөмірін ауыстыру үшін Сізге мобильдік қосымшаға жаңа нөміріңізбен қайта тіркелуіңіз керек.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасына жылдам кіру кодын өзгерту үшін Сізге:

• Мобильді қосымшада авторизациялану;
• "Профиль" бөліміне кіру;
• "Жылдам қол жеткізу кодын өзгерту" батырмасын басу керек. 

0% пайдалы деп тапты


Картаның ДСН-кодын  көрсету - бұл Jusan мобильді қосымшасында бейрезидент Клиентті анықтау  рәсімі. ДСН-код бойынша ақпарат Jusan мобильді қосымшасында сақталмайды.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасының "Хабарламалар" бөлімінде сіз карталарыңыз/шоттарыңыз, депозитіңіз бойынша транзакциялар туралы барлық хабарламаларды, сондай-ақ Банктің ақпараттық хабарламаларын көре аласыз.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасының қалқымалы хабарландырулары келесі жағдайларда пайда болады:

• Шотқа ақша қаражатының түсуі.
• Шоттан қаражатты есептен шығару: сатып алу, төлемдер, аударымдар.
• Шот бойынша операцияларды жасау кезіндегі қателіктер: лимиттен асып кету, баланста қаражаттың жетіспеуі, картаны оқшаулау және т. б..
• Несие өтінімі немесе ағымдағы несие бойынша хабарламалар.
• Депозит ашу барысында немесе ағымдағы депозит боцынша хабарламалар.
• Банк акциялары және соңғы өзгерістер бойынша хабарламалар және т.б..

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасында push-хабарландыруларды қосу / өшіру үшін Сізге:

• Мобильді қосымшада авторизациялану;
• "Профиль" бөліміне кіру;
• Хабарлама жолағында ажыратқыштың орнын өзгерту керек.

0% пайдалы деп тапты


Егер сізге Jusan мобильді қосымшасында push-хабарламалар келіп түспесе, келесіні тексеруді сұраймыз:

• Сіздің құрылғыңыз Интернет желісіне қосылған ба, себебі Интернет-қосылусыз хабарламалар келіп түспейді;
• Push-хабарландыру функциясы мобильді қосымшада қосылған ба? Мобильді қосымшаның параметрлерінде тексеруге болады;
• Сіздің құрылғыңыздың баптауларында Jusan мобильді қосымшасынан Push-хабарламаларды алуға рұқсат етілген бе;
• Егер барлық параметрлер дұрыс көрсетілген болса, Jusan  Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) немесе Банктің техникалық қолдауына жүгінумен  info@Jusan.kz электронды мекенжайы бойынша жазуларыңызды сұраймыз.

* Тіркеуге, төлемді немесе аударымды растауға арналған SMS-кодтар, 20 таңбалы шот нөмірі және картаның соңғы 4 саны стандартты SMS түрінде келеді.

0% пайдалы деп тапты


Валютаны айырбастау үшін: 
• «Аударымдар» қосымша бетін ашыңыз;
• «Шоттар арасында» батырмасын басыңыз;
• Есептен шығару және есепке алу шоттарын таңдаңыз; 
• Сізге қажетті валютадағы соманы енгізіңіз;
• Ақша аударымы сомасын растаңыз;
• Айырбастау сәтті түрде жасалды!

0% пайдалы деп тапты


Карта нөмірі арқылы ақша аударымын жасау үшін:
• "Аударымдар" қосымша бетін ашыңыз;
• "Картаның нөмірі бойынша" батырмасын басыңыз;
• Қай картадан ақша аудару керектігін таңдаңыз;
• Алушының картасының нөмірін және ақша аударымының сомасын енгізіңіз;
• Деректердің дұрыстығын, комиссия сомасын тексеріп, ақша аударымын растаңыз;
• Ақша аударымы сәтті жасалды!

0% пайдалы деп тапты


Телефон нөмірі арқылы ақша аударымын жасау үшін:
• Jusan қосымшасын ашыңыз;
• «Аударымдар» қосымша бетіне өтіңіз;
• «Телефон нөмірі бойынша» батырмасын басыңыз;
• Қай шоттан ақша аудару керектігін таңдаңыз;
• Алушының телефон нөмірін және қажетті соманы енгізіңіз;
• Деректерді тексеріп, ақша аударымын растаңыз;
• Ақша аударымы сәтті жасалды!

0% пайдалы деп тапты


Орындалатын операцияның сомасы мен түріне байланысты растау Face ID/Touch ID немесе OTP құпия коды (SMS-хабарламамен келетін код)  арқылы жүзеге асырылады.

0% пайдалы деп тапты


1. Картаңыздан картаңызға/депозитіңізге/шотыңызға, сондай-ақ депозиттен депозитіңізге/шотыңызға аударым жасау кезінде растау талап етілмейді.

2. Картадан басқа картаға/телефон нөмірі арқылы/басқа шотқа/ЖАЖ/төлемдерге аударым жасау кезінде растау: 
• 0-ден 5000 теңгеге дейін – растаусыз;
• 5001-ден 100 000-ға дейін - Face/Touch ID арқылы;
• 100 001 және одан да көп – OTP-код енгізу арқылы.

3. Депозиттен/шоттан картаға аударым жасау кезінде растау:
• 0-ден 20 000 теңгеге дейін – растаусыз;
• 20 001-ден 200 000-ға дейін - Face/Touch ID арқылы;
• 200 001 және одан да көп – OTP-код енгізу арқылы.

4. Депозиттен/шоттан басқа шотқа аударым жасау кезінде растау:
• 0-ден 20 000 теңгеге дейін – растаусыз;
• 20 001-ден 150 000-ға дейін - Face/Touch ID арқылы;
• 150 001 және одан да көп – OTP-код енгізу арқылы.

*Егер құрылғыда Face/Touch ID функциясы орнатылмаса, растау OTP кодын (растау үшін SMS коды) енгізу арқылы жүргізіледі.

0% пайдалы деп тапты


Jusan мобильді қосымшасына кіру үшін код-парольді қалпына келтіру үшін Сізге:

• "Банк" немесе «Жеке кабинет» бөліміне кіру;
• Пайда болған төрт сандық код-парольды енгізуге арналған терезеде, «Кодты ұмыттыңыз ба?» сұрағына басу;
• Ағымдағы телефон нөміріңізді енгізу;
• Көрсетілген ұялы телефон нөміріне түсетін SMS кодымен растау; 
• Биометриялық верификациядан/сәйкестендіруден өту; 
• Jusan мобильді қосымшасына кіру үшін жаңа төрт сандық кодты енгізу.  

0% пайдалы деп тапты


Егер Сіз Jusan мобильді қосымшасына жылдам кіру кодын ұмытып қалсаңыз, Сізге “Кодты ұмыттыңыз ба” батырмасын басу арқылы, тіркелім жасау қажет.

0% пайдалы деп тапты


Ия, егер карта оқшауланған болса немесе карта мерзімі аяқталған болса, Jusan мобильді қосымшасында тіркелуге болады, бірақ Сізге Jusan мобильді қосымшасында тек шот бойынша белгіленген операциялар ғана қол жетімді болады. Банктің қызметтерін Jusan мобильді қосымшасында толық пайдалану үшін Сізге Банк бөлімшесінде мерзімі өткен картаны қайта шығару қажет.

0% пайдалы деп тапты


Егер сіз Jusan мобильді қосымшасына кіре алмасаңыз:

• Деректерді енгізудің дұрыстығын тексеріңіз: ұялы телефон нөмірі, пароль.
• Егер сіз құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, ұялы телефон нөмірін енгізгеннен кейін "Құпиясөзді қалпына келтіру" батырмасын басыңыз да, әрі қарай нұсқауларды орындаңыз.
• Егер парольді қалпына келтіру кезінде мобильді қосымша сізді келесі қадамға жібермесе, енгізудің дұрыстығын тексеріп, оларды қайта енгізіп көріңіз.
• Егер мәселе басқада болса немесе карта нөмірін, авторизация кодын немесе ДСН-кодты дұрыс енгізбеу әрекетінен асып кетсе, сізден Jusan Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

0% пайдалы деп тапты


Егер сіздің телефоныңыз ұрланған болса, 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) Jusan Банктің Call-орталығына хабарласуыңызды және қауіпсіздік мақсатында Jusan мобильді қосымшасы үшін аккаунтыңызды оқшаулауыңызды сұраймыз.

0% пайдалы деп тапты