Jusan QR – бұл Jusan мобильді қосымшасында Серіктестердің дүкендерінде карта көмегімен, несиеге немесе бөліп төлеу арқылы сауда жасауға арналған ыңғайлы сервис.
0% пайдалы деп тапты
1-тәсіл:
1-қадам. Jusan мобильді қосымшасында өзіңізге қажетті сомаға «Несиеге немесе бөліп төлеуге сатып алу» ресімдеңіз:
Басты бет-> QRбатырмасы -> “Несиеге немесе бөліп төлеуге сатып алу”.
2-қадам. Серіктестер дүкеніне келіңіз де, тауар(-лар)ды таңдаңыз.
3-қадам. QR сканерлеңіз, «Несиеге немесе бөліп төлеуге» төлем тәсілін таңдау қажет, одан кейін мерзімін таңдаңыз.
2-тәсіл:
1-қадам. Серіктестер дүкеніне келіп, тауар(-лар)ды таңдаңыз.
2-қадам. QR сканерлеңіз, «Несиеге немесе бөліп төлеуге» төлем тәсілін таңдаңыз,
«Несиеге немесе бөліп төлеуге сатып алу» ресімдеңіз.
3-қадам. QR сканерлеп және мерзімін таңдап, ақысын төлеңіз.
0% пайдалы деп тапты
Серіктестер тізімін көру үшін, Jusan қосымшасында QR белгісін басып, "Серіктес дүкендерді" таңдаңыз.
0% пайдалы деп тапты
Бөліп төлеу немесе несиеге сатып алу мүмкіндігін Серіктестің өзі ішкі саясатына сәйкес белгілейтін болады.
Jusan bank өзіңізге оңтайлы бағаны және сатып алу шарттарын табуыңыз үшін Сізге әртүрлі Серіктестерді ұсынады.
0% пайдалы деп тапты
Саудаңызды Jusan QR арқылы ресімдеу үшін тұрақты интернет байланысы қажет.
0% пайдалы деп тапты
Серіктестердің дүкендерінен кез келген тауар(-лар)ды немесе қызметті (қызметтерді) таңдай аласыз.
0% пайдалы деп тапты
•Несиеге немесе бөліп төлеуге*:
Ең аз сомасы - 10 000 теңге, ең көп сомасы - 2 000 000 теңге.
•Картамен төлем жасағанда шектеу жоқ.
* Бөліп төлеу немесе несиеге сатып алу мүмкіндігін Серіктестің өзі ішкі саясатына сәйкес белгілейтін болады.
Jusan Bank өзіңізге оңтайлы бағаны және сатып алу шарттарын табуыңыз үшін әртүрлі Серіктестерді ұсынады.
0% пайдалы деп тапты
Jusan Tole терминалдарында Jusan QR пайдалана отырып, төлем картасымен төлеу кезінде сатып алу сомасының 0,5% мөлшерінде бонустар есептеледі.
0% пайдалы деп тапты
Егер клиенттер 18 жасқа толған, бірақ қарызды қаржыландыру туралы шешім қабылданған күні 70 жастан аспайтын Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар болса, Қарызды алуға өтінім қаралады.
Сіздің орташа айлық табысыңыз Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген ең аз жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Сонымен қатар, қосымша табысты көрсету мүмкіндігі қарастырылған.
0% пайдалы деп тапты
Jusan мобильді қосымшасында бірінші рет өтінім бергенде:
• жеке басын куәландыратын құжат қажет.
Банктен оң шешім алған кезде мобильді қосымшада төлем картасы ашылады, оның көмегімен ай сайынғы төлемді өтеу қажет болады.
0% пайдалы деп тапты
Қолжетімді мерзімдер:
•несиеге - 3 айдан 36 айға дейін;
•бөліп төлеуге - 3 айдан 12 айға дейін.
Несиеге немесе бөліп төлеуге өтінім берген кезде Банк әртүрлі өтеу мерзімдерін ұсынатын болады.
Бөліп төлеу немесе несие мерзімдері туралы шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі қабылдайды. Банктің қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және оның шешіміне ешқандай ықпал жасай алмайды.
0% пайдалы деп тапты
Ай сайынғы өтеу күніне дейін төлем картасын өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен толықтырып отыру қажет.
Картаны бірнеше тәсілмен толықтыруға болады:
• Jusan Банк бөлімшелерінен;
• Сash-in функциясы бар Jusan Банк банкоматында;
• Касса 24, Yurta, Qiwi терминалдарында – комиссиясыз;
• Басқа банктен аударым жасау арқылы.
0% пайдалы деп тапты
Төлем кестесін Jusan Bank мобильді қосымшасынан көре аласыз, Банк бөлімі => Несие немесе бөліп төлеу бойынша ақпарат.
0% пайдалы деп тапты
Қолданыстағы несие болған жағдайда сіз Jusan мобильді қосымшасында несие немесе бөліп төлеуді ресімдей аласыз.
Әрбір нақты жағдайда шешім дербес түрде шығарылады және кредиттік тарихқа және сіздің төлем қабілеттігіңізге байланысты болады.
0% пайдалы деп тапты
Мерзімінен бұрын өтеуді/бөліп өтеуді Jusan мобильді қосымшасы немесе Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласу арқылы жүзеге асыра аласыз.
0% пайдалы деп тапты
Егер сіздің ай сайынғы төлем күніңіз демалыс/мереке күндеріне сәйкес келсе, онда төлем жасау күні осы демалыс/мереке күнінен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.
0% пайдалы деп тапты
Қайтаруды/ауыстыруды жүзеге асыру үшін Сіз сауда жасаған Серіктестің дүкеніне хабарласуыңыз керек.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тиісті сападағы, қолданылмаған, өзінің тауарлық түрін, тұтынушылық қасиеттерін, пломбасын, заттаңбасын және сатып алу туралы құжаттарын сақтаған азық-түлікке жатпайтын тауарды* сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға болады.
*Қайтаруға немесе айырбастауға болмайтын тауарлар қатарында мобильді телефондар, дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар, ішкиімдер, шұлық бұйымдары, метрлік тауарлар, өсімдіктер де бар.
0% пайдалы деп тапты