Jusan Bank басшылығында орын алған өзгерістер жайлы хабарлайды.
Jusan Bank басшылығында орын алған өзгерістер туралы хабарлады
28 ақпанда «First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) Директорлар кеңесі Банктің басқарма төрағасы Арман Мангитовтың 1 наурыздан бастап өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Jusan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов атқарған жұмысы үшін Арман Мангитовке алғысын білдірді.
«Банк үшін қиын кезеңде Мангитов мырза Банктің тұрақтылығы мен бизнестің табысын арттыру мақсатында, қысқа мерзім ішінде жұмыстың даму бағыттарын анықтау бойынша техникалық миссиямен Jusan Bank-ке уақытша шақырылды. Алға қойған мақсаттарын сәтті орындағаны үшін алғыс айта отырып, қызметіне табыс тілеймін», - деп Jusan Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов, кадрлық шешімге қатысты өз ойын білдірді.
Сонымен қатар, Jusan Bank Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша Басқарма Төрағасының орынбасары – Қаржы директоры қызметін атқарып жүрген Алан Джабаевқа жүктеу туралы шешім қабылданды.
Jusan Bank Баспасөз қызметі: press-service@jusan.kz
Яндекс.Еда-да бонустары бардебеттік карта
Толығырақ біліңіз