Дастархан индексі: 2023 жылдың ақпан айының қорытындысы
Алматы тұрғынына арналған индекс – 159 порция
Азық-түлік себетінің бағасы бір ай ішінде 0.6%-ға өсті. Бұл Дастархан индексіне әсер етті. Ал ол 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1 порцияға азайды. Атап өту керек, қаңтар айында алматылық тұрғынның орташа жалақысы 16.4%-ға өсуіне байланысты Индекс те күрт жоғарылады (+19 порция).
Алайда соған қарамастан, Индекс қолға алынғалы бері (2022 мамыр) 5 порцияға азайды. Бұған Алматыда майдың (+35.5%), еттің (+25%), көкөністің (+22%) және жұмыртқаның (+19.2%) қымбаттағаны ықпал етті.
Ресми статистика деректері бойынша есептелген Индекс 211 порцияны құрайды.
Астана тұрғынына арналған индекс – 238 порция
Елорда тұрғыны үшін Индекс 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 2 порцияға көбейді. Өйткені еттің бағасы арзандады (-2.2%). Атап өту керек, қаңтарда Индекс рекордтық көрсеткіш – 40 порцияға өсті. Өйткені Астанада орташа жалақы 20.5%-ға артқан болатын.
Соңғы 10 ішінде май (+105.3%), ұн мен жарма (+21.1%) және қант (+20.1%) пен ет (+14.6%) бағаларының айтарлықтай өскендігіне қарамастан, Индекс бақылау басталғалы бері (2022 мамыр) 20 порцияға көбейді.
Ресми статистика деректері бойынша Дастархан индексі 226 порцияны құрайды.
Жеке инфляция
2023 жылдың ақпанында алматылық тұрғынның жеке инфляциясы 0.5%-ды (қаңтарда 5.0%), астаналықтың жеке инфляциясы – 0.7%-ды (13.1%) құрады. Ресми статистика деректері бойынша Алматы тұрғыны үшін жеке инфляция деңгейі 1.0%-ға (1.9%), ал астаналық үшін 1.3%-ға (4.3%) тең.
Өнімдердің Алматыдағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге
Азық-түлік өнімдері | Jusan big-data | Ресми статистика | Айырмашылық |
Ет | 13 523 | 9 053 | +49% |
Көкөністер | 2 813 | 2 848 | -1% |
Күнбағыс және сары май | 7 152 | 4 686 | +53% |
Жұмыртқа | 593 | 466 | +27% |
Ұн және жарма | 887 | 938 | -5% |
Сүт | 522 | 501 | +4% |
Қант | 508 | 479 | +6% |
Басқалар (ашытқы мен шай) | 18 735 | 11 943 | +57% |
Өнімдердің Астанадағы бағасы. Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақтар ескерілген жоқ, теңге
Азық-түлік өнімдері | Jusan big-data | Ресми статистика | Айырмашылық |
Ет | 11 646 | 9 543 | +22% |
Көкөністер | 2 291 | 3 794 | -40% |
Күнбағыс және сары май | 6 081 | 5 371 | +13% |
Жұмыртқа | 537 | 589 | -9% |
Ұн және жарма | 992 | 1083 | -8% |
Сүт | 465 | 401 | +16% |
Қант | 535 | 475 | +13% |
Басқалар (ашытқы мен шай) | 16 380 | 11 913 | +38% |
Азық-түлік себетінің бағасын Jusan big-data және ресми статистика деректері бойынша өзара салыстыра отырып, мына нәтижелерді атап өтуге болады. Біздің деректер бойынша Алматы қаласында азық-түлік өнімдері 32.2%-ға қымбат, ал Астанада керісінше 5.6%-ға арзан. Бағалардағы айырмашылықтың себебіне келер болсақ, біздің есептеулерге Алматының жаңа дүкендеріндегі бағалар қосылды. Ал олар орташа деңгейден жоғары. Бұл ретте Астанада жаңа дүкендер саны аса көп емес.
Дастархан индексінің қозғалысы, азық-түлік себетінің құны мен азық-түлік бағалары мұқият көрсетілген интерактивті графика мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://jusananalytics.kz/kz/dastarhan/.
Ұқсас жаңалықтар
Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз