Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Теңге индексі: 2023 23-27 қаңтар

Теңге индексі бір апта ішінде 0.6%-ға өсті. Бұл ұлттық валютаның доллар мен рубльге қатысты нығайғанын көрсетеді. Ресейлік валютаның әлсірегенін салық кезеңінің аяқталғандығымен және соның нәтижесінде шетел валютасын ұсынудың қысқарғандығымен түсіндіруге болады. Бұған әрине, ресейлік мұнай маркасы бойынша жеңілдетілген баға да әсер етеді. Өйткені ол Ресейге түсетін экспорттық түсімді азайтады.

Өткен аптада Доллар индексі өткен жылдың маусымындағы мәніне дейін төмендеді. Оған АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің келесі отырысында өзінің саясатын жұмсартуы және соған қатысты тиісті шешім шығару мүмкін екендігі туралы болжам себеп болды. Алайда апта соңында АҚШ экономикасы бойынша 2022 жылдың 4-тоқсанының деректері шықты: ЖІӨ өсу көрсеткіштері талдаушылар күткеннен (2.5%) жоғары болып шықты (2.9%). Соның арқасында барлығы ФРЖ-ның сұранысты суыту, яғни аптығын басу керектігі туралы мәлімдемесіне қайтадан ден қоя бастады. Осылайша индекс аздап өсіп, апта соңында 101.93. деңгейінде сақталды.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 87.63-тен 86.66 долларға дейін түсті. Бұған Қытайда Ай күнтізбегі бойынша Жаңа жылды тойлауға байланысты азиялық нарықтарда мұнайға деген сұраныстың төмендегені себеп болды. Бағаның түсуіне АҚШ-тағы мұнай қоры туралы деректер де қосымша болды: Американың мұнай институты (API) бір аптаның ішінде мұнай қоры 3.4 млн баррельге көбейгенін хабарлады. Апта соңына қарай америкалық валюта әлсірей бастаған шақта мұнай бағасы бір баррель үшін 87.47 долларға дейін өсті. Мұнай бағасының арзандауы әрі доллар бағамының әлсіреуі шетелдік сатып алушылардың қызығушылығын арттырған еді.

Бұл апта елеулі уақиғаларға толы болмақ. Қытай ұзаққа созылған демалыс күндерінен кейін жұмысқа кірісе бастайды. Талдаушылар Қытайда карантиндік шектеулердің алынып тасталуы және мұнай мен газды тұтынудың артуына байланысты оларға деген сұраныстың артатындығын күтеді.

Теңге индексінің өзгеру серпінімен біздің сайтта мына сілтеме бойынша танысып шыға аласыз: https://jusananalytics.kz/kz/kztxja/

Сұнғат Рысбек

Талдаушы

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз