Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Қазақстандық ардагерлер ТМД бойынша ең жоғары төлемдерге қол жеткізеді

Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай, Jusan Analytics командасы ардагерлерге берілетін бір реттік төлемдер бойынша бұрынғы кеңестік елдердің рейтингін жасауды ұйғарды.

Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің мөлшерін әрбір өңір өзі бекітеді. Биыл өңірлердің әкімдіктері ардагерлерге 1.5 млн теңгеден кем емес мөлшерде (немесе 3.4 мың АҚШ доллары) бір реттік төлемдер төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл басқа елдердегі осы тектес төлемдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Әрине, әр елде бағалар деңгейі әрқалай. Бір сомаға әр жерде әртүрлі мөлшерде тауарлар сатып алуға болады. Сондықтан біз қосымша ретінде төлемдерді әрбір мемлекеттің сатып алу қабілетін ескере отырып, салыстыруды жөн көрдік. Бұл үшін Дүниежүзілік Банк есептейтін Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігінің (СҚТ) коэффициенттерін пайдаландық. Ортақ база ретінде Қазақстандағы бағалар деңгейін қабылдадық – басқа елдердегі төлемдерді қазақстандық бағаларды ескере отырып, есептеп шықтық.

СҚТ – бірыңғай баға тұжырымдамасы деуге болады. Ол мына қағидаға сүйенеді: тауардың бағалық құндылығы әлемнің барлық елдерінде бірдей болуы керек және ол әр түрлі валютада көрсетіледі. Есептеулерде қолданылатын СҚТ коэффициенті төлемдерді ортақ базаға келтіреді. Соның негізінде ақшалай табыстар мен шығындардың мөлшерін шартты түрде салыстыруға болады. Бұл тұжырымдама маңызды ұйғарымды алға тартады – ол, тауарлар мен ақшалардың еркін қозғалуы.

Түсінікті болуы үшін мынадай қарапайым мысал келтіреміз: СҚТ тұжырымдамасына сәйкес америкалық азамат 1 мың долларға АҚШ-та қанша тауар сатып алса, теңгедегі дәл сондай сомаға (шамамен 450 мың теңге) қазақстандық азамат сонша тауар сатып ала алады. Алайда іс жүзінде мемлекеттер мен валюталарды өзара салыстыру барысында бұлай бола қоймайды. Біздің мысалда, АҚШ-та 1 мың долларға өмір сүру, Қазақстанда 450 мың теңгеге өмір сүруден де қиын. Себебі түсінікті: Америкада бағалардың абсолютті деңгейі әлдеқайда жоғары. Демек осы ақшаға келетін тауарлардың мөлшері аз болады деген сөз. Қазақстан үшін (2.9 тең) сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі америкалықтың 1 мың долларын және қазақстандықтың 450 мың теңгесін бір базаға түйістіреді. Осылайша қазақстандық азаматтың 155 172 теңгесі (450 000/2.9) сатып алу қабілеті бойынша америкалықтың 1 мың доларына салыстыруға келеді.

Инфографикадан белгілі болғанындай, барлық дерлік елдерде қазақстандық бағалармен есептелген төлемдерде оң айырмашылық байқалады. Бұл дегеніміз, бұл елдерде тауарлар себетінің бағасы Қазақстанмен салыстырғанда төмен, яғни олардың тұрғындары бұл ақшаға қазақстандықтарға қарағанда көбірек заттар сатып ала алады деген сөз. Тек Грузия мен Ресейде ғана жағдай басқаша. Олардағы төлемдер қазақстандық бағалармен қайта есептеуді есергенде төмен.

Бір қызығы, атаулы төлемдер мен қазақстандық бағалардағы төлемдер арасындағы ең үлкен айырмашылық Өзбекстанда (1.64 есе), Тәжікстанда (1.59 есе) және Қырғызстанда (1.47 есе) байқалады. Осы ретте Тәжікстанда атаулы құны бойынша төлемдер Ресейге, Әзірбайжанға және Беларуссияға қарағанда төмен. Ал тауарлық себеттердің бағасын ескерер болсақ, жағдай керісінше – ең жоғары төлем Тәжікстанда.

Клара Сейдахметова

Аға талдаушы

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз