Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Қазақстандық экспорт: бағаға үміт арту

Қазақстанның экспорттық тауарларының 70-75%-ын мұнай мен металл өнімдері құрайды. Соңғы 20 жылда негізгі экспорттық тауарлардың нақты, табиғи көлемі айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Бірақ бағалары осы жылдар ішінде әртүрлі бағытта құбылып отырды.

Айталық, экспортқа шығарылатын мұнай көлемі 24%-ға молайса, бағасы кейбір кезеңдерде 2004 жылғы бағамен салыстырғанда 500%-ға дейін өсті.

Соңғы 20 жылда қара металдардың нақты көлемі 2004 жылғы деңгеймен салыстырғанда төмендеді, ал түсті металдардың көлемі құбыла отырып, 21%-ға молайды. Құндық көрсеткіштердің өсімі болса, 300%-ға жетті.

Негізгі экспорттық тауарларымыздың бағаларының ауытқуы, сәйкесінше экспорттық табыстың құбылуы көбінесе нарықтық бағалардың есу бағытына тәуелді. Әлемдік сауда алаңдарындағы әлемдік бағалардың қалыптасуына және өзінің экспортқа шығаратын тауарларынан түсетін табыстың қалыптасуына Қазақстанның ықпалы шамалы ғана. Тауарларды өндіру ерекшелігі мен логистикалық қиындықтарға байланысты біз өнімдеріміздің көлемін арттыра алмаймыз.

Қазақстанда өндірілетін мұнай көлемінің 75-80%-ы, қара металдардың (құбыр және сұрыптық прокатсыз) шамамен 80%-ы, ал түсті металдардың 90%-дан астамы экспортқа жөнелтіледі. Бағалары өзгеруі мүмкін. Бірақ көлемі күні бүгінге дейін сақталуда. Өкінішке қарай, бұл өнімдердің экспорттық көлемі қайта өңдеу мақсатында ішкі нарыққа бағытталып жатқан жоқ. Бағалары тіпті төмендеп кеткен күннің өзінде, жоғарыда айтылған көлемде экспортқа шығарылуы жалғаса бермек.

Тимур Дауранов

Аға талдаушы

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз