24 ақпан 2023
Базалық мөлшерлемеҰлттық Банк базалық мөлшерлемені 16.75% деңгейінде қалдырды
Шешім ҚРҰБ жаңартылған макроэкономикалық болжамдарына негізделді.
ҚРҰБ мұндай шешіміне негіз болған себептер:
- инфляцияның өсуі бәсеңдегенімен, оның өсу қарқыны әлі де жоғары;
- базалық бағалық қысымның жоғары күйінде сақталуы;
- инфляциялық болжамның тұрақсыздығы, сол себептен қысымның әлсіреуі ұзаққа созылады;
- еңбек нарығының ширығуы, тұтынушылық сұраныстың күшеюі және Қытай экономикасының ашылуы салдарынан ғаламдық инфляцияның үдейтіндігі бойынша тәуекелдердің артуы.
Ішкі және сыртқы факторлардағы жағдаяттардың біршама жақсаруы болжамдарды жағымды жағына қарай қайта қарауға септігін тигізді:
ҚРҰБ болжамы, %-бен, ж/ж | 2023 | 2024 | 2025 |
Инфляция | 9-12 | 6-8 | 4-6 |
ЖІӨ | 3.5-4.5 | 3.5-4.5 | 3.5-4.5 |
Болжам жасаудағы негізгі тәуекелдер:
- ЖІӨ өсу қарқынына қатысты: қазақстандық экспортты халықаралық нарыққа шығару мәселелері;
- инфляцияға қатысты: жеміс-көкөніс өнімдері нарығында ұсыныстың төмендеу қаупі, ол азық-түлік инфляциясының үдеуіне әкеп соғуы мүмкін; ТКШ тарифтерін реформалау және ЖЖМ бағасының өзгеру ықтималдығы, олардың тұтыну бағаларына тікелей және жанама әсері; Ресейде бюджеттік шығыстардың өсуі, рубльдің әлсіреуі және санкциялар аясында инфляцияның үдеуі.
! Нарыққа жаңадан белгі берілді: мөлшерлеме 2023 жылдың жазына дейін бұрынғы деңгейінде қалады.
Jusan Analytics түсініктемесі: Ағымдағы шешім ішкі және сыртқы факторлардың теңгеріміне негізделді және реттеушінің форвард-гайденсімен расталды. Тежеуші монетарлық шарттардың сақталуын қамтамасыз ету бірнеше себептерге байланысты ұтымды болды:
- көптеген факторлардың себебінен теңгенің әлсіреу тәуекелінің ықпалын төмендету;
- бағалар бойынша дезинфляциялық нәтижеге қол жеткізу үшін тұтынушылық сұранысты ұзақ уақыт шектеу;
- сондай-ақ бұған дейін белгіленген бағытты айқын ұстану сенімді арттыруға және сәйкесінше инфляциялық болжамдарды тұрақтандыруға септігін тигізеді.
Айжан Әлібекова
Аға талдаушы24 ақпан 2023
Базалық мөлшерлемеҰқсас жаңалықтар
Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз