Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Бағалардың өсуі бәсеңдеді

Негізгі себеп – 2022 жылдың наурызында күрт өсу есебінен кету

Наурыздың қорытындысы бойынша инфляция 18.1%-ға дейін күрт төмендеді. Бағалардың жылдық тұрғыда өсуіне әсіресе азық-түлік тауарлары (8.4%), тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) (2.1%), киім-кешектер мен аяқ киімдер (1.6%) және үйдің керек-жарақтары (1.4%) үлес қосты.

  • азық-түлік тауарлары 20.5%-ға (ақпанда 26.2%) өсті;
  • азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18.1%-ға (20.5%) жоғарылады;
  • ақылы қызметтер 14.4%-ға (15%) көтерілді.

Шыны керек, инфляцияның жылдық тұрғыда бәсеңдеуі алдын ала болжалған еді және мұны техникалық нәтижемен түсіндіруге болады. Сервистік инфляцияның әлсіз төмендеуі біздің оған қатысты қаупімізді растай түсті, яғни алдағы айларда инфляцияның жалпы көрсеткіші дәл осы сервистік инфляцияның себебінен жоғарылауы мүмкін.

Сонымен қатар бағалардың ай сайынғы өсу серпіні де қызығушылық туғызуда. Статистика көрсеткеніндей, наурызда тұтынушылық инфляцияның 2023 жылдың ақпанына қарағанда өсуі бар болғаны 0.9%-ды құрады. Бұл оған дейінгі көрсеткіштен (1.3%) едәуір төмен (тарихи тұрғыда наурызда инфляцияның айлық өсу қарқыны қашанда ақпаннан төмен). Олай болса тарихи қалыпқа қайта оралу, ақпанның деректері бойынша болжамдардың жақсаруы, инфляциялық үдерістердің жақсара бастағандығын білдіруі мүмкін.

Жалпы наурыздың қорытындылары біз жасаған болжамдарға және реттеушінің болжамдарына сәйкес келеді. Біз ағымдағы цифр жұмсақ ақша-несие саясатына өтуге негіз бола алмайды. Осы жұмада базалық мөлшерлеменің ағымдағы – 16.75% деңгейінде сақталуын күтеміз.

Айжан Әлібекова

Аға талдаушы

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз