Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Валюта жетілігі (2023.01.05-05.05)

Өткен аптада теңге бағамы әр жаққа бағытталған серпінді көрсетіп, аптаны бір доллар үшін 445.3 теңге дәрежесінде аяқтады. Ұлттық валюта негізінен ішкі факторлардың ықпалымен нығайды. Бұл жерде ҚРҰБ тарапынан валюта айырбастау көлемінің ұлғайғандығын айтуға болады. Айталық, сәуірде айырбас көлемі 600 млн долларды, ал мамырда 750-800 млн долларды құрады. Жұмыс күндерінің аз болғандығын ескерсек, бұл күн сайынғы айырбастау көлемін арттырады. Демек нарықта шетел валютасының ұсынымы да артты деген сөз. Бұл ретте өткен аптада сыртқы шарттар жағымсыз сипатқа ие болды.

«АҚШ ФРЖ базалық мөлшерлеме туралы қандай шешім қабылдар екен», - деп күтіп жүрген кезде доллар индексі 101.3 пунктке түсіп кетті. ФРЖ мөлшерлемені 25 базалық пунктке көтеретіндігін жариялған соң, индек аздап нығайды, бірақ аптаны әлсіз күйінде аяқтады. ФРЖ басшысы мөлшерлемені әрі қарай көтеруде үзіліс болуы мүмкін екендігі айтқан сөзі де доллар индексінің серпініне әсер етті.  

Сонымен АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің көтерілуі және елде рецессияның болу қаупінің артуы мұнай бағасына әсер етпей қоймады. Айталық, аптада мұнай бағасы бір баррель үшін 72.3 долларға дейін түсіп кетті. Алайда аптаның соңына қарай 75.3 долларға дейін қайта нығайды. Қытайда ішкі тасымалдар арта түсуде. Соған байланысты нарыққа қатысушылардың көпшілігі Аспан асты елі тарапынан шикі мұнай сатып алуға деген сұраныс өседі деп күтеді. АҚШ-та еңбек нарығының жай-күйі бойынша жағымды статистика да өсудің қосымша факторына айналды.

Сәуірде ашылған жұмыс орындарының саны 253 мыңға артты. Ал болжам бойынша тек 180 мың ашылады деп күтілген еді. Сол кезеңде жұмыссыздық деңгейі 3.5%-дан 3.4%-ға төмендеп (болжам бойынша 3.6%), орташа жалақы 4.4%-ға өсті. Жалпы инвесторлар бұл статистиканы жылы қабылдады. Сол үшін де нарықта торығу сезімі сейіле бастағандай. Енді инвесторлар инфляция бойынша деректерді күтуде. Ол сәрсенбі күні шығады.  Соның нәтижесіне қарап, АҚШ ФРЖ мөлшерлеме бойынша келесі шешімі қандай болатындығын болжауға болады.  

Өткен аптада ресейлік валютаның бағамы бір доллар үшін 77.4 рубльға дейін нығайды. Жағымсыз сыртқы экономикалық жағдайға қарамастан, рубль ресейлік мұнайға қатысты дисконттың қысқаруы және валюталық түсімнің өсуі арқасында нығаюда. Валютаға деген сұраныстың азаюы да айтарлықтай маңызды фактор. Ресейге қатысты санкциялық шектеулердің қатаңдатылуына байланысты импорт қысқарып жатыр. Сәйкесінше шетел валютасына деген сұраныс та азаюда.

Мамыр айында валюта бағамы бір доллар үшін 447.7-460.72 теңге аумағында болады деп болжаймыз. Бұл ретте ішкі факторлардың айтарлықтай ықпалы бағамның нығаюына әсер етеді. Бұл біз болжам жасайтын аядан тыс жатыр. Мысалы, салық аптасының жүргізілуін және ҚРҰБ валюта айырбастау шарасын айтуға болады.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Сұнғат Рысбек

Талдаушы

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз