Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Валюта жетілігі (2023.03.04-07.04)

Өтпен аптада ұлттық валюта бір доллар үшін 445 теңгеге дейін нығайды. Қолайлы сыртқы жағдай – мұнай бағасының өсуі және доллар индексінің әлсіреуі – нарық қатысушыларының үмітін оятты.

ОПЕК+-ке қатысушы елдер мұнай өндіруді жазға қарай тәулігіне 1.16 млн баррельге дейін азайту туралы келісті. Бұл мұнай бағасының өсуіне түрткі болды. Дүйсенбі күні (03.04) мұнайдың бір баррелі бірден 5 долларға қымбаттап, аптаны бір баррелі 85 доллар деңгейінде аяқтады. АҚШ-та мұнайдың коммерциялық қорының қысқарып, бұрғылау қондырғыларының азайғаны туралы дерек те бағаның өсуіне әсер етті.

Доллар индексі аптаның басында 102 пункттен төмен қалыптасып, апта соңында 102.09 пунктінде тұрақтап, қалпына келді. Мұндай құбылмалыққа АҚШ-тағы еңбек нарығы туралы «аралас» статистикалық деректер себеп болды. Ашық бос жұмыс орындары мен жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш берген америкалықтардың саны бойынша деректер экономистердің күткенінен төмен болды.

Апта соңына қарай АҚШ-тың жұмыспен қамтылу бойынша мықты есебі жарық көрді. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны 236 мың бірлікті құрады, ал жұмыссыздық деңгейі 3.6%-дан 3.5%- ға дейін қысқарды.

Мұнай бағасы жоғары болғанымен, рубльдің долларға қатысты бағамы төмендеуде. Рубльге шетелдік компаниялардың ресейлік активтерді сатып жатқандығы аясында нарықта шетелдік валютаның шектеулі ұсынысы әсер етуде.

Бұл аптада теңге серпіні сыртқы экономикалық факторларға тәуелді болады. Ағымдағы аптада АҚШ-та наурыз бойынша инфляциялық деректер жарық көреді. Ол әрине, ФРЖ-ның өзекті мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауына ықпал етеді.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Сұнғат Рысбек

Талдаушы

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз