Валюта жетілігі (2023.06.03-10.03)
Өткен аптада теңге бір доллар үшін 446 теңгеге тұрақтады. Жалпы бұл әлсіреудің негізгі себептері – сыртқы экономикалық факторлар болды.
Доллар индексі 105.7 пунктке көтерілді. Бұған АҚШ Федералдық резервтік жүйесі басшысының мәлімдемесі себеп болды. Ол негізгі мөлшерлемені көтеру қарқыны тездетілуі мүмкіндігін айтқан болатын. Алайда АҚШ-та жұмыспен қамту бойынша статистикалық деректер аясында индекс 104.58 деңгейіне дейін төмендеді.
ФРЖ басшысының мәлімдемесі мұнай бағасын түсіріп жіберді. Айталық, мұнай бағасы бір баррель үшін 86.18 доллардан 81.89 долларға дейін төмендеді. Апта соңында доллар индексінің азаюына байланысты мұнай бағасы 82.78 доллар деңгейінде қалды. Дүйсенбі күні ОПЕК мұнай нарығына ай сайынғы шолуын жариялады: жыл басынан бері мұнай профициті байқалуда (қаңтарда 0.04 млн б/т және ақпанда 0.15 млн б/т). Бұл да оның бағасына қысым көрсетті. Төмендеудің тағы бір факторы – Қытай тарапынан мұнай импорттау туралы деректер. Қаңтар-ақпанда жылдық тұрғыда газ импорты 9.4%-ға, ал мұнай импорты 1.3%-ға қысқарды. Нарыққа қатысушылардың көпшілігі әлі де «Қытай импорт көлемін арттырады» деген үмітте. Өйткені елде карантиндік шектеулер алынып тасталғаны белгілі.
Доллардың нығаюы рубль бағамының серпініне де әсер етті. РФ Қаржы министрлігінің қолдауына қарамастан, ресейлік валюта 0.6%-ға арзандады. Ағымдағы аптада РФ Орталық Банкінің негізгі мөлшерлемесі жоғарылайды деп күтілуде. Бұл қысқа мерзімді болса да нәтиже беріп, рубль бағамын нығайтары анық.
Жұма күні АҚШ-та активінің көлемі бойынша 12-ші орындағы банк – Silicon Valley Bank банкротқа ұшырады. Бұл және инфляцияның жоғары өсу қарқыны және жоғары мөлшерлемелер «домино» әсерін тудырып, рецессияның болатындығы туралы қорқынышты күшейтуі мүмкін. Біз доллар бағасының және ақша нарығында қарыз алу мөлшерлемесінің өсетіндігін күтеміз. Бұл теңге бағамын біз болжаған деңгейге жақындата түседі.
Наурызда дәстүрлі компаниялардың инвестициялық белсенділігі шарықтау шегіне жетеді. Компаниялар негізгі құралдарды жаңартып жатыр және бұл негізінен шетел валютасында жүргізілуде. Өткен жылы геосаяси шиеленістерге байланысты инвестициялық белсенділік төмендеген болатын. Енді биыл негізгі құралдарға жұмсалатын инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жетеді деп ойлаймыз. Бұл құбылыс өз кезегінде ұлттық валюта бағамының қалыптасуына ықпал етеді.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Сұнғат Рысбек
ТалдаушыҰқсас жаңалықтар
Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз