Валюта жетілігі (2023.17.04-21.04)
Өткен аптада теңге бағамы бір доллар үшін 457.7 теңгеге дейін әлсіреп кетті. Оның бұлай болуына сыртқы экономикалық факторлар әсер етті. Бұл ретте бағам траекториясы біздің болжаммен сәйкес келеді.
Америкалық валютаның нығаюы әлсіреудің басты факторына айналды. Доллар индексі 0.2 пунктке өсті. Нарыққа қатысушылар АҚШ ФРЖ-ның негізгі мөлшерлемесінің одан әрі өскендігін күтуде. Сент-Луис және Атланта қалаларындағы ФРБ президенттері «қаршығалық» сипатта мәлімдеме жасап, негізгі мөлшерлемені көтеру қажеттігін алға тартты. Бұған қоса АҚШ-тың ірі банктері жоғары табыс алғандары жөнінде есеп берді. Бұл әрине, экономика рецессияға енеді деген болжамға мүлдем қарамақайшы. Ал ірі банктер негізгі мөлшерлемені көтеру керектігін қолдайды.
Еуропа мен Ұлыбританиядағы статистикалық деректер де негізгі мөлшерлемені көтеру керектігін меңзейді. Пайыздық мөлшерлемелердің кезекті рет өсуіне қатысты қорқыныш Қытай тарапынан тұтыну қайта қалпына келгенімен, қуат ресурстарына қатысты айқынсыздықты күшейте түседі. Осылайша мұнай бағасы бір апта ішінде 5.4%-ға қысқарды.
Аптада рубль долларға қатысты нығайды. Рубльдің мұндай қылығы салық аптасы алдында экспорттаушылардың белсене әрекет ете бастағанын білдіреді. Бұл ретте мұнай бағасының төмендеуі аясында рубль аптаның соңына қарай әлсіреп, апта бойы жинаған нығаю деңгейінен айырылды.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Сұнғат Рысбек
ТалдаушыҰқсас жаңалықтар
Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз