20 ақпан 2023
ҚұнсыздануБаға барометрі (2022 желтоқсан)
Қауіп-қатерлер мен даму келешегі
- 2022 жылдың соңғы айында тұтыну инфляциясының өсу қарқынында күтпеген жағдай орын алды: тұтыну бағасының өсу қарқыны бәсеңдеді. Бұл желтоқсан айына тән емес еді.
- Халықтың нақты табысының азаюы желтоқсанда халықтың тұтынушылық сұранысының барынша ұстамды болуына әсер еткен сыңайлы. Әйтпесе Жаңа жылға дайындық қарсаңында сұраныс әдетте артатыны белгілі.
- Бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуі инфляциялық ортаның «суына» бастағанын білдірмейді. Базалық инфляция көрсеткіштерінің әрі қарай үдей түсуі және инфляциялық болжамдардың нашарлауы экономикада бағалардың өсуінің ұзақ мерзімді сипатқа ие болғанын және тұтынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларының жүрісі әртүрлі жылдамдықта және әртүрлі бағытта өрбіп жатқандығын білдіреді.
- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген негізгі есептік көрсеткіштердің жаңа мәндері қосымша қысқа мерзімді инфляциялық импульс тудыруы мүмкін. Өйткені халықтың атаулы табысы өсті.
- Біздің болжам бойынша инфляция жылдық есепте 2023 жылдың бірінші тоқсаны барысында үдеуін жалғастырады. Одан кейін өсудің қосымша қозғаушы күштері жоқтығы салдарынан бағалар баяу төмендей бастайды.
- Болжам бойынша ағымдағы жоғары инфляция және реттеуші қолдайтын тежеуші монетарлық шарттар жылдың алғашқы жартысында барлық экономикалық агенттердің тұтынушылық шығындарының жоспарын қысқартады.
- 2023 жылдың қорытындылары бойынша біз жылдық есепте бағалардың өсуі жылдық есепте 14.2-16.8%-ға дейін бәсеңдейді, деп болжап отырмыз. Бұған монетарлық шарттарды тежеуші сипатқа жақын пайдалану, өткен жылдың жоғары базасының техникалық әсері, сондай-ақ ішкі нарықта сұраныстың көптігі мен ұсыныстың жеткіліксіздігіне қатысты мәселенің шешіле бастауы негіз бола алады.
- Бірақ осы жерде сыртқы факторларға байланысты тауарларды өндіру, сатып алу және логистикалау бағаларының күрт өсу мүмкіндігі, сондай-ақ жаңа геосаяси қауіп-қатерлер негізгі тәуекелдердің қатарында. Олар 2023 жылдың алғашқы айларында бағалардың өсу қарқынының жоғары болуына септігін тигізуі мүмкін.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Айжан Әлібекова
Аға талдаушы20 ақпан 2023
ҚұнсыздануҰқсас жаңалықтар
09 қазан 23
Жұмыссыз қалмау жолдары: еңбек нарығының болашағы туралы нені білу қажет
Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары (ДЭФ) бизнестің дамуы, мамандықтар мен дағдылар туралы алдағы 5 жылға жаңа болжамдар ұсынды. ДЭФ зерттеуі ірі жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамаға және олардың бизнесті, мамандықтарды және дағдыларды дамытуға қатысты болжамдарына негізделді. Сауалнамаға әлемнің барлық аймақтарын қамтитын 45 экономиканы және 27 салалық кластерді қамтитын, 11.3 миллионнан астам адам жұмыс істейтін 803 компания қатысты.
Негізгі тұжырымдар:
- Жұмыс берушілердің болжауынша жұмыс орындарының 23%-ы құрылымдық өзгеріске ұшырайды;
- «жасыл экономика» - жаңа жұмыс орындарының басты қайнар көзі;
- еңбек нарығы үшін ең үлкен қауіп – экономикалық сын-қатерлер;
- озық технологиялар бизнесті дамытудың басты қозғаушы күші болып қала бермек;
- сауалнама жүргізілген компаниялардың шамамен 75%-ы 2027 жылға қарай жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлауда;
- 2027 жылға қарай бизнес-міндеттердің 43%-ға жуығын машиналар орындайтын болады;
- ең сұранысқа ие мамандық – жасанды сана және машиналық оқыту бойынша мамандар;
- талдамдық ой – мансап жемісті болуы үшін қажетті негізгі дағды;
- сауалнамаға жауап берген жұмыс берушілердің 47%-ы жұмысқа адам алуда олардың дағдыларын бағалайды, ал 45%-ы диплом талап етеді;
- алдағы бес жылда жұмыскерлерге қажетті дағдылардың 44%-ы ескіреді, 10 қызметкердің алтауы оқыту курстарынан өтулері керек болады;
- Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 5%-ы ғана өздерінің біліктіліктерін жыл сайын арттырады.
Біржолғы зерттеулер
еңбек нарығыБизнесАлександра Молчановская
06 қыркүйек 23
Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?
Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді.
Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?
Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.
Негізгі тұжырымдар:
- Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
- Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
- Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
- Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
- Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
- Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
- Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.
Біржолғы зерттеулер
Өмір сүру деңгейіТұтынушылық белсенділікАлександра Молчановская
Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз