Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location
Баға барометрі (2023 ақпан)

Тәуекелдер мен келешектер

Ғаламдық инфляция әлі де жоғары күйінде қалуда. Дегенмен ол көптеген елдерде өзінің шарықтау шегінен өткен секілді. ХВҚ мамандары былай деп болжам айтады: көптеген елдерде базалық инфляция әлі шарықтау шегіне жетпесе де, биыл, яғни 2023 жылы инфляциялық орта жақсаратын болады. Еске саламыз, базалық инфляцияда энергия тасымалдаушылар мен азық-түліктегі құбылмалы бағалар есепке алынбайтыны белгілі. Дегенмен геосаяси текетірестер бәрібір инфляцияның ұзақ уақыт жоғары болып тұру қаупін тудырады.

Jusan Analytics базалық сценарийі бойынша ішкі инфляциялық қысым 1 жыл ішінде әлсірейді, бірақ ҚРҰБ көздеген мақсатты деңгейден жоғары болмақ. Мұны бірнеше фактормен түсіндіруге болады. Реттеушінің экономикада ұзақ уақыт бойы тежеуші монетарлық шарттарды қолдануы өз жемісін беруде: тұтынушылық сұраныс әлсіреп, бағалардың өсуі бәсеңдеді және экономикалық агенттердің инфляциялық болжамы да төмендеді. Осы ретте жыл басында жалақының өсуі, зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеу, кезекті қазыналық қолдаулар нақты табыстардың төмендеуіне жол бермеуде. Бірақ инфляциялық тәуекелдерді басқару мүмкіндігін қиындатып жатыр.

Жағдайды тұрақтандыруға теңге бағамының серпіні де үлес қосуда. Ол импорттық тауарлардың бағасы арқылы инфляцияның өсу қаупін тежейді және инфляциялық болжамдардың құбылмалылығының өсу мүмкіндігін шектейді.

Экономикалық өсімнің келешегіне қатысты берген бағамыздың өзгеруіне Ұлттық қордан түсетін трансферлердің көлемін қайта қарау шарасы себеп болды. Өйткен ол тұтынушылық сұраныстың артуына сеп болады. Айталық, жаңартылған болжамдар бойынша 2023 жылы ЖІӨ өсімі 4.0-4.5%-ға дейін көтеріліп, шығарылым алшақтығы – 3.1%-ға дейін барады. Ал инфляция бірте-бірте төмендеп, жыл соңына қарай 12.4-14.3% деңгейінде қалыптасады. Жалпы экономикадағы ақша-несие саясаты бейтарап жағдайға жақын болады.

Ақша-несие саясаты қатал болса да инфляциялық үдерістердің біркелкі болмауы, инфляциялық болжамдардың тұрақсыздығы және инфляцияның өршу қаупі біздің болжам бойынша ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің әрі қарай біртіндеп төмендеуіне септігін тигізеді.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Айжан Әлібекова

Аға талдаушы

06 қыркүйек 23

399

Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?

Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді. 

Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға 
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?

Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.

Негізгі тұжырымдар:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
  • Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
  • Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
  • Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
  • Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
  • Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.

Біржолғы зерттеулер


Өмір сүру деңгейіТұтынушылық белсенділікАлександра Молчановская

24 тамыз 23

111

Қоғамдық тамақтандыру нарығын талдау

Біздің зерттеу қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығын және Қазақстанның екі ең ірі қалалары – Алматы мен Астананың қоғамдық тамақтандыру нарығын талдауға арналған. Аталмыш жұмыс мейрамханалар мен кафелер, барлар, фаст-фуд мейрамханалар секілді әртүрлі кәсіпорындарды, сондай-ақ тамақ жеткізу қызметін қамтиды.       

Қоғамдық тамақтандырудың әлемдік нарығы тамақ жеткізу саласын дамыту, тамақ индустриясы саласында технологияларды дамыту және инновациялық тәсілдерді белсенді түрде енгізу қызметтеріне сүйене отырып, өз дамуын жалғастыруда.

Қазақстанның қоғамдық тамақтандыру нарығы қарқынды өсу сатысында енген. Бұл ретте ең танымал сегмент - толық қызмет көрсететін мейрамханалар. Отандық нарықты талдау біздің базамыздағы өзекті деректер негізінде жүргізілді. Ол клиенттердің шығындаған сомасы, жасаған транзакцияларының саны мен жиілігі туралы ақпараттарды қамтиды.    

Зерттеу нәтижесінде біз жоғары бәсекелестік салдарынан аталмыш бизнестің өміршеңдік деңгейінің төмен екендігін анықтадық – Қазақстанның ең ірі екі қаласында мейрамханалардың үштен бірі нарықта бір жыл ішінде жабылып қалады.

Қоғамдық тамақтандыру орындарының орташа чегі жыл барысында маусымдылық, мерекелер, экономикалық ахуалдар және т.б. секілді көптеген факторларға байланысты құбылып отырады. Орташа чек және қоғамдық тамақтандыру орындарына келу сондай-ақ келушілердің жасына да байланысты. 35 жастан асқандар мейрамханаларға сирек келетіндіктеріне қарамастан, әл келгенде ақшаны молынан жұмсайды. Ал 35 жасқа дейінгілер мейрамханаларға жиі барады, бірақ олардың орташа чегінің сомасы айтарлықтай төмен.        

Зерттеу нәтижелері аталмыш саланың стратегиясын әзірлеуге және жұмыс істеп жатқан немесе жаңа бизнес бойынша шешім қабылдауға пайдалы болуы мүмкін.

Біржолғы зерттеулер


БизнесНаргиза Макенова

09 тамыз 23

42

Монетарлық шарттар (2023 мамыр)

RMCI серпініне сәйкес 2023 жылдың мамырында монетарлық қатаңдықтық одан әрі күшеюі жалғасуда. Индексті құраушы қозғалыс экономикадағы бағаларға бірбағытты нәтиже береді. Бұл ретте монетарлық шарттардың қатаңдатылуына негізінен бағамдық құраушы ықпал етуде.

RMCI индексінің екі құрамдас бөлігі 2023 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша өзінің тепе-теңдік мәнінен көбірек ауытқи бастады. Нақты пайыздық мөлшерлемелер біртіндеп оң мәндер аймағына өтуде. Бұл ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің 16.75% деңгейінде сақталуы аясында бағалық қысымның әлсіреуі арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. Бірақ соған қарамастан ол халықтың сатып алушылық ынта-ықыласына әлсіз ғана шектеушілік әсер етуде.

Біріншіден, халықтың ақша жинау немесе шығындау бойынша шешімі инфляцияның қандай болатыны туралы болжамға тікелей байланысты. Бұл болжамдар 2023 жылдың мамырының қорытындысы бойынша бағалардың нақты өсу қарқынынан (15.9) да жоғары болды (17). Яғни бұл экономикалық агенттердің инфляцияның одан әрі өсетіндігін іштей, түйсігімен күтетіндігін білдіреді. Ал олардың бұлай ойлауына тұрғын үй-коммуналдық қызмет және ЖЖМ нарығындағы бағалық жағдаят әсер етуде. Ал екіншіден, тұтынушылық несие берудің қолжетімділігі, сондай-ақ белсенді қазыналық басқару құралы тұтынушылық сұранысты артық деңгейде сақтауға итермелейді. Бұл әрине, нарықтық күштерде теңгерімсіздікті қалыптастырады. 

Нақты тиімді теңге бағамында оң алшақтықтың кеңеюі оның ішінде жоғары базалық мөлшерлемемен қамтамасыз етіледі және бұл монетарлық шарттар тарапынан бағалардың импорттық құрауыштарына шектеуші ықпалдың күшеюіне әкеп соғады. Осылайша ақша-несие шарттарының негізгі ықпалы көп жағдайда тұтыну инфляцияның сыртқы құрамдауыш бөліктерін бақылауға алумен білінеді. Ал сол кезде ішкі бағалық қысымды шектеуге бағытталған шаралардан нәтиже болмайды. Бұған макроэкономикалық саясаттардың келісілмегендігі және ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмінің пайыздық арнасының әлсіздігі себеп болуда.   
 

Мерзімді зерттеулер


Тұтынушылық белсенділікҚұнсыздануБазалық мөлшерлемеАйжан Әлібекова

07 тамыз 23

69

Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 6 айы)

Алғашқы жартыжылдықтың деректері бойынша экономика 5%-ға, ал ҚЭИ 5.6%-ға өсті. ҚЭИ мен ЖІӨ арасындағы айырмашылықтың үлкейе түсуі кәсіпқойлық қызметтер, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, сондай-ақ мемлекеттік басқару және қорғаныс салаларындағы экономикалық құлдырау нәтижесінде орын алды. Циклдік салалар әлі де экономиканың басты драйвері болып қалуда. Олар мемлекеттік шығындардың өсуі, тұтынушылар белсенділігінің артуы және инфрақұрылымдарды жаңғырту бойынша жоспарларды орындау аясында қостаңбалы мәнде өсіп жатыр. Біз бұл салаларда жоғары өсу қарқыны одан әрі сақталатындығын күтеміз.

Өнеркәсіптік сектор да экономикаға оң серпін беруде. Айталық, базаның әсері арқасында тау-кен өндіру өнеркәсібі өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда 15.4%-ға өсті. Өткен жылы КҚК мен Қашаған кенішіндегі қиындықтар қараша айына дейін жалғасқанын ескерер болсақ, жыл соңына дейін бұл салалардың жоғары деңгейде дамитындығын күтуге болады.       

Осылайша бұған дейін байқалған үрдістер сақталады және экономика ысыну аймағында болуын жалғастырады.

Жоғарыда айтылғандарды ескерер болсақ, алдағы айда экономиканың жоғары даму қарқынының 4.7-5.0% ауқымында сақталатындығын, ал кейіннен 4.5-4.8%-ға дейін аздап, төмендейтіндігін күтеміз. Бұған сонымен қатар іскерлік белсенділік тарапынан жағдайдың жақсарғандығы, халық тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың артуы, құрылыс саласының күрт дамуы және сыртқы нарықтардағы тұрақты ахуал да оң сипатта әсер ететін болады.

Алайда геосаяси ахуалдардың нашарлауы, сұраныстың жеткіліксіздігіне байланысты мұнай бағасының түсуі және ел ішінде бағалардың өсуі тарапынан келетін қауіп-қатерлер сақталады.

Біздің болжауымыз бойынша 2024 жылдан бастап, экономиканың жыл сайынғы өсімі 3.9-4.2% деңгейінде болады. Мұндай өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі - көмірсутектік сектор болмақ. Өйткені мұнай кеніштері көбейеді, мұнай өңдеу артады, тауар жеткізудің балама жолдары ашылады, сондай-ақ ұлттық даму жоспарын орындау аясында жаңа өндірістер енгізіледі.


Іскерлік белсенділікКлара Сейдахметова

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз