Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Баға барометрі (2022 мамыр)

Негізгі тұжырымдар

  • Мамыр айында елімізде жылдық инфляция 14.0%-ға дейін өсті. Бағаның қымбаттағаны тұтыну себетінің барлық бөлігінде байқалды, көп үлес қосқан азық-түлік бөлігі болды;
  • Қазір ТБИ азық-түліктік бөлігінің өсімі төмендегендіктен, айлық тұтыну инфляциясының өсу қарқыны да бәсеңдеді;
  • Инфляцияның өсуіне мынадай сыртқы факторлар әсер етуде: Украинадағы әскери қақтығыс аясында энергия тасымалдаушыларға, азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты әлемдік бағалардың өскендігі;
  • Азық-түліктік емес инфляцияның өсуіне импорттық тауарлар бағасының өсуі себеп болды. Бұл қымбаттау – енгізілген шектеулер, тауарларды жеткізу тізбегінде бағаның өсуі және өндіріс тізбегіндегі іркілістердің салдарынан орын алды;
  • Инфляцияның ішкі триггері (қозғаушы күші) ретінде инфляцияның өсетіндігі туралы халықтың болжамын, Үкіметтің жұмсақ бюджеттік саясатының шараларын және ішкі тұтынудың импортқа айтарлықтай тәуелді екендігін айтуға болады;
  • Реттелетін коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтердің қымбаттауына мемлекет тарапынан мараторий жарияланғаны және сұйытылған табиғи газ бағасын реттеу – инфляцияны ауыздықтауға оң әсерін тигізуде;
  • Ел өңірлері тұрғысынан алып қарағанда, 2022 жылдың мамыр айында бүкіл еліміз бойынша инфляция өсімінің орташа мәнінен асып жығылатын, ең жоғары инфляция қарқыны 4 өңірде байқалды;
  • Ішкі инфляцияның одан әрі өршуіне ықпал ететін басты қауіп-қатерлер – жалпы әлемдік инфляциялық ахуал және геосаяси қақтығысқа қатысты жағдайдың белгісіздігі;
  • Егер қосымша жағымсыз жайттер орын алмаса, біздің болжауымызша инфляция биылғы жылдың соңына қарай 14-15% шамасында болады. Дегенмен әлемдік тауар нарықтарында сұраныс пен ұсыныс арасында үйлесімсіздіктің пайда болуы, әріптес елдерден инфляцияның келуі және елімізде бюджеттік саясаттың жұмсақ болуы салдарынан келетін елеулі тәуекелдер, қатерлер бар;
  • Бағалардың өсуінің негізгі драйвері – азық-түлік инфляциясы болып қала бермек.  Қазіргі жағдайда бұл болжамдар өзінің қалыпты диапазоннан асатын белгісіздігімен, яғни айқын еместігімен сипатталады;
  • 2021 жылдың маусым-тамызында көкөністер пен жемістер  бағасының шектен тыс қымбаттап кеткендігі 2022 жылы да осы тауарлар бағасының бірқалыпты сипатта өсуіне ықпал ететін болады. Бұл өткен жылдың жоғары базасы нәтижесінің әсерімен түсіндіріледі.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Айжан Әлібекова

Аға талдаушы

Ұқсас жаңалықтар

09 қазан 23

403

Жұмыссыз қалмау жолдары: еңбек нарығының болашағы туралы нені білу қажет

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары (ДЭФ) бизнестің дамуы, мамандықтар мен дағдылар туралы алдағы 5 жылға жаңа болжамдар ұсынды. ДЭФ зерттеуі ірі жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамаға және олардың бизнесті, мамандықтарды және дағдыларды дамытуға қатысты болжамдарына негізделді. Сауалнамаға әлемнің барлық аймақтарын қамтитын 45 экономиканы және 27 салалық кластерді қамтитын, 11.3 миллионнан астам адам жұмыс істейтін 803 компания қатысты.

Негізгі тұжырымдар:

  • Жұмыс берушілердің болжауынша жұмыс орындарының 23%-ы құрылымдық өзгеріске ұшырайды;
  • «жасыл экономика» - жаңа жұмыс орындарының басты қайнар көзі;
  • еңбек нарығы үшін ең үлкен қауіп – экономикалық сын-қатерлер;
  • озық технологиялар бизнесті дамытудың басты қозғаушы күші болып қала бермек;
  • сауалнама жүргізілген компаниялардың шамамен 75%-ы 2027 жылға қарай жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлауда;
  • 2027 жылға қарай бизнес-міндеттердің 43%-ға жуығын машиналар орындайтын болады;
  • ең сұранысқа ие мамандық – жасанды сана және машиналық оқыту бойынша мамандар;
  • талдамдық ой – мансап жемісті болуы үшін қажетті негізгі дағды;
  • сауалнамаға жауап берген жұмыс берушілердің 47%-ы жұмысқа адам алуда олардың дағдыларын бағалайды, ал 45%-ы диплом талап етеді;
  • алдағы бес жылда жұмыскерлерге қажетті дағдылардың 44%-ы ескіреді, 10 қызметкердің алтауы оқыту курстарынан өтулері керек болады;
  • Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 5%-ы ғана өздерінің біліктіліктерін жыл сайын арттырады.

Біржолғы зерттеулер


еңбек нарығыБизнесАлександра Молчановская

06 қыркүйек 23

1770

Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?

Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді. 

Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға 
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?

Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.

Негізгі тұжырымдар:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
  • Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
  • Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
  • Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
  • Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
  • Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.

Біржолғы зерттеулер


Өмір сүру деңгейіТұтынушылық белсенділікАлександра Молчановская

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз