Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 10 айы)

2022 жылдың 10 айы ішінде ҚЭИ өсімі біздің күткеніміздей бәсеңдеуін жалғастырып, 3.1%-ды құрады. 9 айдың ішінде өсім 3.5%-ға жетті.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі секторларында өсу қарқыны төмендеуде. Сонымен қатар өнеркәсіпте, саудада, көлік және қоймалауда өсу қарқыны бәсеңдедеді. Ал ауыл шаруашылығы мен байланыс керісінше өсті.

Өнеркәсіптік секторда өсім бәсеңдеуде: тау-кен өндірісі саласы теріс аймаққа енді (-1%), өңдеуші саланың өсімі 4.6%-дан 4.3%-ға дейін түсті. Шикі мұнайды (-2.5%), табиғи газды (-1.5%), темір кенін (-18.5%) және басқа да пайдалы қазбаларды (-9.9%) өндіруде әр түрлі қиындықтар пайда болды.

Бұған дейін құрылыс саласы нарығында қызып кету жағдайы орын алған болатын. Енді бұл сала өзінің әлеуетті деңгейіне біртіндеп оралуда.

Өнеркәсіптегі мәселелер көрсетілетін қызметтер саласының жекелеген секторларына да әсер етуде. Айталық, ішкі сауда +4.3%-дан +4.1%-ға дейін бәсеңдеуін жалғастырды. Біздің болжауымызша бұған азық-түлік бағасының өсуі (қазан айында ж/ж +23.1%) және өткен жылдың жоғары базасы себеп болды. Көлік және қоймалауда өсім 4.8%-дан 3.9%-ға дейін салқындады. Ал бұған жүк тасымалының 2.9%-ға және жүк айналымының өсу қарқынының 3.0%-дан 2.5%-ға дейін түскендігі ықпал етті.

Осы ретте астық түсімінің жақсы болуының арқасында ауыл шаруашылығы саласының өсімі 8.2%-ға жетті.

Телекоммуникация және байланыс өз кезегінде озық түрде дамуып жатыр (+7.1%). Мұны Алматы мен Астанада интернет қызметі бағасының өскендігімен түсіндіруге болады.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Клара Сейдахметова

Аға талдаушы

Ұқсас жаңалықтар

09 қазан 23

467

Жұмыссыз қалмау жолдары: еңбек нарығының болашағы туралы нені білу қажет

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары (ДЭФ) бизнестің дамуы, мамандықтар мен дағдылар туралы алдағы 5 жылға жаңа болжамдар ұсынды. ДЭФ зерттеуі ірі жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамаға және олардың бизнесті, мамандықтарды және дағдыларды дамытуға қатысты болжамдарына негізделді. Сауалнамаға әлемнің барлық аймақтарын қамтитын 45 экономиканы және 27 салалық кластерді қамтитын, 11.3 миллионнан астам адам жұмыс істейтін 803 компания қатысты.

Негізгі тұжырымдар:

  • Жұмыс берушілердің болжауынша жұмыс орындарының 23%-ы құрылымдық өзгеріске ұшырайды;
  • «жасыл экономика» - жаңа жұмыс орындарының басты қайнар көзі;
  • еңбек нарығы үшін ең үлкен қауіп – экономикалық сын-қатерлер;
  • озық технологиялар бизнесті дамытудың басты қозғаушы күші болып қала бермек;
  • сауалнама жүргізілген компаниялардың шамамен 75%-ы 2027 жылға қарай жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлауда;
  • 2027 жылға қарай бизнес-міндеттердің 43%-ға жуығын машиналар орындайтын болады;
  • ең сұранысқа ие мамандық – жасанды сана және машиналық оқыту бойынша мамандар;
  • талдамдық ой – мансап жемісті болуы үшін қажетті негізгі дағды;
  • сауалнамаға жауап берген жұмыс берушілердің 47%-ы жұмысқа адам алуда олардың дағдыларын бағалайды, ал 45%-ы диплом талап етеді;
  • алдағы бес жылда жұмыскерлерге қажетті дағдылардың 44%-ы ескіреді, 10 қызметкердің алтауы оқыту курстарынан өтулері керек болады;
  • Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 5%-ы ғана өздерінің біліктіліктерін жыл сайын арттырады.

Мерзімді зерттеулер


еңбек нарығыБизнесАлександра Молчановская

06 қыркүйек 23

1918

Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?

Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді. 

Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға 
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?

Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.

Негізгі тұжырымдар:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
  • Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
  • Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
  • Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
  • Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
  • Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.

Біржолғы зерттеулер


Өмір сүру деңгейіТұтынушылық белсенділікАлександра Молчановская

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз