Дауыс көмекшісі

kk
Қазақша
Русский
English
location

Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 3 айы)

2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ҚЭИ өсімі 4.0%-дан 5.1%-ға дейін өсті.

Экономиканың дамуының бұлайша үдеуінің басты қозғаушы күші – нақты сектор. Онда құрылыс саласы күрт өсті. Бұл ретте байланыс саласы мен тау-кен өндіру секторында өсу қарқыны аздап төмендеді. 

Құрылыс саласының өсуі 12.8%-дан 15.7%-ға дейін жеделдеді. Тоқсан ішінде тұрғын үй ғимараттары құрылысы 4.0%-ға, тұрғын үй емес ғимараттар 21.1%-ға және құрылысжайлар 18.1%-ға өсті. Бұл саланың қарқынды дамуы ескі ипотекалық бағдарламаларды ұзарту әрі жаңаларын енгізу, негізгі капиталға жұмсалатын инвестицияның артуы (+16.1%, өткен жылы – 1.5%), құрылыс жобаларының аяқталуы және осы саланы мемлекет тарапынан тұрақты түрде қолдау аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Өнеркәсіп секторында жағдай бір мәнді емес. 3 айдың қорытындысы бойынша ол 1.6%-дан 2.8%-ға дейін өсті. Сонымен қатар өсім өңдеуші сегменттің арқасында орын алды. Мұнда жалпы шығарылым 5.4%-ға дейін үдеді. Өткен жылмен салыстырғанда өндіріс мына бағыттарда дамыды: электр жабдықтары (+60.1%), тігін бұйымдары (+57.6%), жеңіл өнеркәсіп (+37.8%), машина жасау (+35.3%), жиhаз өндірісі (+19.9%), металл бұйымдары (+14.6%), сусындар (+12.5%), киім-кешектер (+11.7%) және тамақ өнімдері (+8.1%). Ал керісінше төмендеу мына салаларда байқалды: металлургия өндірісі (-5.2%) және темекі бұйымдары (-3.8%). 

Тағы бір айта кетер жайт, тау-кен өндіру саласының дамуы бәсеңдеуін жалғастырып, нөлден сәл ғана жоғары деңгейде қалыптасты (+0.2%). Өткен жылмен салыстырғанда көмір өндіру (-13.7%) мен темір кендерін (-29.1%) өндіру деңгейі төмендеп кетті. Ал басқа да пайдалы қазбаларды өндіру керісінше өсті (+22.7%). Қазақстан үшін негізгі экспорттық тауар – мұнай өндіруде шамалы өсім байқалды (қаңтар-ақпанда – 0.1%, тоқсан бойынша 0.7%). Экономиканың бұл секторы сыртқы факторларға әлі де тәуелді.

Қызмет көрсету секторында негізгі салалар әр түрлі бағытта дамыды. Айталық, телекоммуникация мен байланыс саласы бәсеңдеуін жалғастырып, 10.8%-ға келіп тұрақтады. Сауда саласы бұрынғы деңгейінде қалды. Тек көлік және қоймада сақтау саласы ғана өсіп, 7.6%-ды құрады. 

Байланыс саласында өсімнің бәсеңдеуі негізінен интернет желісі мен теледидар қызметінің даму қарқынының төмендеуі себебінен орын алды. Сауда саласында тежелу бөлшек сауда сегментінде тіркелді: азық-түлікке жатпайтын тауарлардың өсу қарқыны төмендеп жатыр, ал азық-түлік тауарларын сату тым қымбаттап кетуі себебінен 5.9%-ға төмендеп кетті. 

Қымбатшылық халықтың сатып алу қабілетіне кері әсер етуде. Көтерме сауда 11.1%-ға өсті. Мұндай өсім азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарларды сату деңгейінің өсуімен қамтамасыз етілді. Ал азық-түлік сату бұрынғы деңгейінде қалды. Соның нәтижесінде сауда саласында тоқырау нышаны байқалуда. 

Көлік және қоймаға жинау саласы өсті. Бұған жүк айналымының қайта қалпына келуі (+0.2%), жолаушы тасымалдау (+16.2%) мен жолаушы айналымының (+25.9%) өсуі есебінен қол жеткізілді. Соның нәтижесінде кәсіпорындардың тасымалдаудан түсетін табыстары 1.16 трлн теңгені құрады.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Клара Сейдахметова

Аға талдаушы

Ұқсас жаңалықтар

09 қазан 23

467

Жұмыссыз қалмау жолдары: еңбек нарығының болашағы туралы нені білу қажет

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары (ДЭФ) бизнестің дамуы, мамандықтар мен дағдылар туралы алдағы 5 жылға жаңа болжамдар ұсынды. ДЭФ зерттеуі ірі жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамаға және олардың бизнесті, мамандықтарды және дағдыларды дамытуға қатысты болжамдарына негізделді. Сауалнамаға әлемнің барлық аймақтарын қамтитын 45 экономиканы және 27 салалық кластерді қамтитын, 11.3 миллионнан астам адам жұмыс істейтін 803 компания қатысты.

Негізгі тұжырымдар:

  • Жұмыс берушілердің болжауынша жұмыс орындарының 23%-ы құрылымдық өзгеріске ұшырайды;
  • «жасыл экономика» - жаңа жұмыс орындарының басты қайнар көзі;
  • еңбек нарығы үшін ең үлкен қауіп – экономикалық сын-қатерлер;
  • озық технологиялар бизнесті дамытудың басты қозғаушы күші болып қала бермек;
  • сауалнама жүргізілген компаниялардың шамамен 75%-ы 2027 жылға қарай жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлауда;
  • 2027 жылға қарай бизнес-міндеттердің 43%-ға жуығын машиналар орындайтын болады;
  • ең сұранысқа ие мамандық – жасанды сана және машиналық оқыту бойынша мамандар;
  • талдамдық ой – мансап жемісті болуы үшін қажетті негізгі дағды;
  • сауалнамаға жауап берген жұмыс берушілердің 47%-ы жұмысқа адам алуда олардың дағдыларын бағалайды, ал 45%-ы диплом талап етеді;
  • алдағы бес жылда жұмыскерлерге қажетті дағдылардың 44%-ы ескіреді, 10 қызметкердің алтауы оқыту курстарынан өтулері керек болады;
  • Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 5%-ы ғана өздерінің біліктіліктерін жыл сайын арттырады.

Біржолғы зерттеулер


еңбек нарығыБизнесАлександра Молчановская

06 қыркүйек 23

1923

Қаржылық аналитика: күнделікті шығындарға қанша ақша жұмсаймыз?

Күнделікті өмірімізде ақшаны оңды-солды әртүрлі шығындарға жұмсайтынымыз белгілі. Шығындардың көлемі қажеттілігімізге, мән-жайларға және басқа да себептерге қарай әрқалай болып келеді. 

Кейбіреулерге тамақтың сапалы болуы маңызды болса, басқалар тұрақты түрде несие өтеуге мәжбүр болады. Ал базы-біреулер көңіл көтеруге, демалуға 
құмар келеді. Алайда мынадай сұрақтар жиі туындайды: қажеттіліктердің барлығына табысымыз жетеді ме? Лайықты, жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек? Біз өзімізді шығындарымыздың көлеміне қарап, орта тап өкілдеріне жатқыза аламыз ба?

Осыған байланысты біз базалық шығындарға, яғни әрбір адам немесе отбасы үшін сәл де болса жайлы өмір сүруге және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарға талдау жүргізуді ұйғардық. Зерттеу нәтижесі бойынша біз Алматы мен Астана қызметкерлерін олардың табыстары мен шығындарына қарай 6 топқа бөлдік және сондай-ақ әрбір тапқа тиесілі мөлшерді анықтадық, мысалы әлеуметтік аз қамтылғандар, төмен қамтылғандар, төменгі орта тап, орта тап, табыс жоғары және толық қамтамасыз етілгендер.

Негізгі тұжырымдар:

  • Ай сайын базалық шығындарға орта есеппен 246.3 мың теңге немесе жалақының 60%-ы кетеді.
  • Ең көп шығындар жалақы алғаннан кейінгі алғашқы 4 күн ішінде жұмсалады екен.
  • Мегаполистерде жайлы өмір сүру және барлық базалық шығындар үшін кем дегенде айына 450 мың теңге қажет.
  • Барлық базалық шығындарды қанағаттандыру үшін Алматы мен Астанада жұмыс істейтіндердің жартысына жуығында (49%) шығындарды өтеу үшін жалақысы жете бермейді.
  • Сонымен қатар жұмыскелер мен қалалар арасында айтарлықтай теңсіздік байқалады - Алматыда қаржылық тапшылыққа тап болатындардың саны Астанаға қарағанда 4 есе жоғары.
  • Орташа тап өкілдеріне жалақылары 700 мыңнан 1.2 млн теңгеге дейін алатын жұмыскерлердің 4.4%-ы ғана жатады. Олардың күнделікті шығындары табыстарының 40-50%-ын құрайды.
  • Табыстары орташа деңгейден жоғары жұмыскерлердің үлесі жұмыспен қамтылған халық ішінде бар болғаны 2%- ғы ие.

Біржолғы зерттеулер


Тұтынушылық белсенділікӨмір сүру деңгейіАлександра Молчановская

Ең пайдалы ақпарат таратылымына жазылыңыз